Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет97/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   192

Денешынықтыру

Негізгі қимыл түрлері


Жүру. Сапта бір-бірден, екеуден; аяқтың ұшымен, өкшемен, табанмен, табанның ішкі жағымен; тізені жоғары көтеріп; ұсақ және алшақ адымдап жүру. Қозғалыс бағытын өзгертіп жүру, жыланша ирелеңдеп жүру, алға, қосымша қадаммен алға, шет жағына жүру. Жүгірумен, секірумен, бағытты өзгертумен, қарқынмен жүру. Басқа қимылдармен кезектестіріп, белгі бойынша тоқтап жүру.
Жүгіру. Қалыпты, аяқтың ұшымен; тізені жоғары көтеріп; ұсақ және алшақ адыммен; сапта бір-бірден және жұппен; түрлі бағытта,бытырап жүгіру. Жетекшінің ауысуымен, қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіру. Жай қарқында үздіксіз жүгіру; 50–60 метрге жүгіру. 5 метрден 3 рет жүгіру. Бірқалыпты жүгіруді (ырғақтылық) дамыту. Түрлі бағытта жүгіру, қағып алып жүгіру.
Секіру. Бір орында тұрып екі аяқпен секіру; алға ұмтыла секіру; бір орында тұрып оңға, солға бұрылып секіру; аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін – алға, екіншісін – артқа қойып, бір орында тұрып секіру. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру; биіктігі 5–10 см 2–3 заттың үстінен кезектесе секіру; 20–25 см биіктіктен секіру; орнынан 70 см-ден кем емес ұзындыққа секіру; бір орында тұрып, ұзындыққа 4–6 сызықтың үстінен секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см). Бір аяқпен секіру. Қысқа секіртпемен секіру.
Домалату, қағып алу, лақтыру. Доптарды, құрсауларды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру, басынан асыра лақтыру және оны қағып алу; допты екі қолымен басынан асыра және бір қолымен кедергі арқылы лақтыру (2 м арақашықтық). Допты жоғары лақтыру, еденге ұру және оны екім қолымен қағып алу; допты жерге ұру. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру (3,5–6,5 метрден кем емес); затты тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) 1,5–2 м арақашықтықтан және көлденеңінен (2–2,5 м арақашықтықта) оң, сол қолмен лақтыру.
Еңбектеу және өрмелеу. Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу. Гимнастикалық орындықта қолдарымен тартылу арқылы ішімен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның, доғаның, таяқтың астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру. Бөрене, гимнастикалық орындық арқылы еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, оң аралықтан сол аралыққа ауысу.
Тепе-теңдікті сақтауға жаттығулар. Сызықтар арасымен (10 см арақашықтық); сызықпен; арқанмен (диаметрі 1,5 см); тақтаймен, гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Қырлы тақтаймен жүру; көлбеу тақтайда жоғары-төмен жүру және жүгіру. Бір-бірінен қашық қойылған үрленген 5–6 доп арқылы кезекпен, қолдың түрлі қалпымен аттап өту. Түрлі жағдайда тепе-теңдікті сақтау.
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір- бірден сапқа, шеңберге тұру. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру; бағдар бойынша теңелу; оңға, солға айналу, бұрылыстар; ажырату және жақындату.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында әртүрлі таныс дене жаттығуларын орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет