Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет100/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   192

Күтілетін нәтижелер:


- гигиеналық шаралардың орындалу реттілігін біледі және оларды дербес орындайды;
- негізгі қимылдарды орындаудың қимылдық дағдыларына ие;
- дене жаттығулары мен сауықтыру шараларына қызығушылық танытады;
- педагогтің көрсетуімен ертеңгілік жаттығудың кешендерін орындайды;
- өздігінен түрлі ойындар ойнайды, ойын ережелерін сақтай алады;
- спорттық ойындардың элементтерін орындай алады;
- шынықтыру түрлерін, өз-өзіне қызмет көрсетудің дағдыларын игерген.

«КОММУНИКАЦИЯ» білім беру саласы




«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ;
- драма ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: қоғамдық ортада инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
- балалар әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту;
- балалар әдебиетіне, сөзге қызығушылықты дамыту.

I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстау мәдениеті
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту. Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану.
Сөздік қор
Балалардың сөздік қорларын адамдардың мамандықтарының атауларын, заттардың бөліктерін, заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен байыту.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
-тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру;
- сөздік қорын жалпылауыш мағыналы сөздермен байыту;
- заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру;
- ойындарды қолдану арқылы сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Дағдыларды жетілдіру:
- байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
- жануарлар және олардың төлдерінің атауларын білдіретін сөздерді, сөздердің түрлі тәсілдермен жасалуын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын дамыту;
- әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру;
- сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен бірге қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды кеңінен қолдану.
Байланыстырып сөйлеу
Әңгімеге қатысу және тілді түсіну, тыңдау біліктерін, көлемі шағын тақпақтарды жатқа айту дағдыларын қалыптастыру.
Сурет бойынша заттар және ойыншықтар туралы әңгіме, үлгі бойынша әңгіме құрастыру, шағын әңгімелер мен ертегілерді айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру.
Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауға үйрету.
Шығармашылық сөйлеу әрекеті
Театрландырылған әрекетке, драматизация ойындарына және қуыршақ спектакльдеріне, саусақ ойындарына балаларға түсінікті «қуыршақты жүргізу» техникасын қолдана отырып, қатысу ниеттерін дамыту.
Шығармаларды қабылдау
Ұйқас пен сөз ойындарына деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Кейіпкерлердің бейнелерін сомдауға қажетті дауыс ырғағы және тілдің қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру, ұсынылған тақырып бойынша әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет