Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет57/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

Сурет салу


Заттық сурет салу

Қоршаған ортадағы болмысты, (заттарды, өсімдіктерді, ойыншықтар мен гүлдерді) елестету және заттарға қарау арқылы бере білу ұғымдарын қалыптастыру. Олардың сипаттамалық белгілерін байқауға үйрету.

Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте көрсету. Ағаштың бұтақтарына, бұталардың жапырақтарына немесе гүлдеріне, кейбір бөлме өсімдіктеріне қарап сурет салу.

Біліктерді қалыптастыру:

- түрлі жануарлардың сипаттық ерекшеліктерін байқап және оларды суретте бейнелей алу;

- жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білу;

- жүн мен қауырсынға тән бейнелеу;

- қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдану;

- табиғат нысандарын бейнелеу;

- түстерді жеткізу үшін қағаздың түсін және түстердің үйлесімділігін таңдау;

- өз жұмысының нәтижесін бағалау.

Құстардың сыртқы бейнесі туралы жалпы ұғым қалыптастыру; барлық құстар сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан құрылымы жағынан ұқсас болып келеді, түсіне, пішіні мен бөліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету. Заттар мен олардың суретін салу тәсілдері туралы жиналған ұғымдары балалардың сюжетті сурет салуына ауысады.

Сәндік сурет салу.

Түрлі пішінді қағазда симметриялық ою-өрнектерді құрастыра білуге тәрбиелеу, көлемді пішіндерді безендіру.

Сұлбаларға орналастыра отырып, қазақ оюларының элементтерін құрастыру, қазақ оюларына тән түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, түсінің үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру.

Өз ойлары бойынша сурет салу, алдыңғы сабақтардағы суреттерін үлгі ретінде қолдана отырып, жаңа композиция құру және заттарды әшекейлеу. Халықтың сәндік өнердің желісі бойынша сурет салу.

Сюжеттік сурет салу.

Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі кеме және т.б. қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету.

Қоғамдағы, қоршаған ортадағы жағдайлар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, тақпақ, ән әуендері және т.б. сияқты күрделі емес сюжеттерді суретте көрсете білуге үйретуді жалғастыру.

Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегісінің, аңызының желісі бойынша сурет салу.

Жаз мезгілінің табиғат құбылыстарын, жазғы демалыстағы оқиғаларды, қарапайым сюжеттерді суретте бере білу білігін бекіту. Ұжымдық жұмыстарды, ойдан сурет салуды қолдану.


Күтілетін нәтижелер:


- сурет салуда түрлі техниканы дербес қолданады;

- заттарды сипаттау белгілерін және құбылыстарын бөліп алады және және оларды өзінің бейнелеу іс-әрекетінде көрсетеді;

- күрделі емес ойыншықтардың, жануарлар мен адамдардың суретін салады, сурет салуда адамның қарапайым қимылдарын бере біледі;

- қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

- табиғаттың сұлулығына, киімнің және бөлменің жинақылығына эмоциалы түрде мән береді;

- үшбұрыштар мен алтыбұрыштардың ортасын, бұрыштарын, жиектерін көрсете отырып, сәнді өрнектерді салады;

- өрнекте геометриялық пішіндерді және өсімдік элементтерін ырғақпен орналастырады;

- қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді, тұрмыстық заттарды безендіреді;

- бірнеше заттарды бір мазмұнға біріктіре отырып бейнелейді;

- ұжымдық жұмыстарды орындайды, өз ойы бойынша сурет салады.

Мүсіндеу


Заттық мүсіндеу

Адамның бейнесін, жануарлардың қозғалыстағы мүсінін, үйлесімділікті, қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге үйрету.Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін мықтап бекітуге, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуді үйрету.

Ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеудің, адамның, жануарлардың, ойыншықтардың, халық шығармашылығының заттарын қарап мүсіндеу дағдыларын дамыту.

Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықты бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.

Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды).

Қарап мүсіндеуге ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.

Сәндік мүсіндеу.

Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәндік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Заттарды әсемдік элементтермен безендіру.

Сәндік пластиналарды мүсіндеуге, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдануға, сазбалшық тілімшелеріне бедерлер жасауға, түрлі ойыншықтарды, ыдыстарды халық бұйымдарының мәнерінде өздігінен мүсіндеуге, оларды өрнектермен әсемдеуге үйрету.

Мазмұнды мүсіндеу.

Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасау дағдыларын жетілдіру.

Ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу.

Қалыптасқан іскерлік пен дағдыларды жеке мүсіндеуде, ұжымдық мүсіндеуді орындау барысында ойында, үйді және мереке күндері ауланы сәндеу үшін қолдану.


Күтілетін нәтижелер:


- мүсіндеудің түрлі техникаларын қолдана алады;

- ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын меңгерген;-түрлі тәсілдерді қолдана отырып, заттардың пішіні мен бөлшектерін бере біледі;



- сәндік элементтермен заттарды безендіре алады;

- күнделікті өмірде біліктер мен дағдыларды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет