Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет61/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

Қоршаған ортамен таныстыру


Бала, оның отбасы, үйі.

Туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата- анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру.

Балаларда өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіру ниетін, үй тапсырмаларын орындау, өзінің мейірімділік сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен айта білуді тәрбиелеу.

Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау.

Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың сөйлеу тіліне түрлі заттардың атауларын нақтылап, енгізу, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету.

Айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру.

Балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.

Көлік, байланыс құралдары.

Көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсінік беру.

Телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

Ересектердің еңбегі.

Ұғымдарды дамыту:

- әртүрлі мамандық иелері туралы;

- еңбектің мазмұны,сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы;

- балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы.

Өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

Менің Отаным Қазақстан. Еліміздің рәміздері.

Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер,еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы түсінігін қалыптастыру. Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін танып, мемлекеттік Әнұранды орындағанда орындарынан тұрып, оң қолдарын кеуделерінің сол жақ бөлігіне қоятынын, ер балалар бас киімдерін шешетінін білу керек. Мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру. Халықтық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту, өлеңдерді, әндерді, билерді жаттатқызып, үйрету арқылы балаларды мерекелерге қатысуға белсенділік танытуға баулу.

Қазақстан Республикасының әскері.

Ел қорғаудың ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстан жауынгерлерімен таныстыру.

Жолда жүру ережелері.

Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Қиылыс жолмен таныстыру, жол белгілерін бекіту. Бағдаршамның жарық белгілеріне сәйкес жолдан өтуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:


- туыстық байланыс түсініктерін игерген;

- балабақшаның атауын, нөмірін атайды;

- үйден балабақшаға дейінгі жолды біледі;

- өз отбасының мүшелеріне қамқорлық танытады, үй тапсырмаларын орындайды;

- өзінің мейірімділік сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен жеткізеді;

- заттарды ажыратады және атайды, олардың өлшемін, түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғандығын анықтайды,

- көлік құралдарын біледі және атайды,

- кейбір кәсіптік және ауылшаруашылық мамандықтарының атауын, мазмұнын, мәнін біледі;

- өз елінің мемлекеттік рәміздерін атайды және ажырата біледі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранын орындау кезіндегі өзін ұстау ережесін біледі;

- әскердің міндетін біледі;

-Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерді құрметтейді;

- жолда жүру ережелерін біледі және орындайды;

- қарапайым себеп-салдарлық байланысты орната алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет