ОРМАН ТАКСАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТАКСАЦИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР
тақырыбы бойынша бақылау тапсырмаларын орындау
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ
Бақылау тапсырмаларын студент төменде келтірілген әдебиет көздерінен, өткізілген дәріс тақырыптарынан және тәжірибелік-зертхана жұмыстарын пайдалана отырып орындайды.
Бақылау тапсырмалары PLATONUS-та көрсетілген уақыт аралығында орындалуы керек және сол уақыт аралығында кері жүктелуі шарт.
Орындалатын тапсырмаларды студент өз еркімен жазбаша (дәптерге жазып оны Рdf форматта) немесе Word-та теру арқылы PLATONUS-қа жүктеу арқылы өткізеді.
Тапсырылатын жұмыстың көлемі кем дегенде әр сұраққа бір бет (ескерту, 5 беттен көп емес).
Орындалған тапсырмаларды бағалау кредиттік жүйеге сәйкес силлабуста келтірілген бағалау жүйесі арқылы жүргізіледі. Тапсырманы толық орындамаған студенттер қосымша тапсырма алады және тапсырма қайталанбайды.
Тапсырманы өз мерзімінде тапсырмаған және мүлдем тапсырмаған студенттер емтихан тапсыруға жіберілмейді.
Төменде келтірілген кестеде көлденең және тік жолдардың қилысу ұяшығы бақылау тапсырмаларының нөмірлерін көрсетеді.
Мысалы: студенттің реттік нөмірі «1» болса ол «01» ретінде саналады да, «01» ұяшықтағы тапсырмаларды орындайды. Тік жолдағы «0» А және көлденең жолдағы «1» Б ұяшықтағы тапсырма сандары: 1, 20,13.
Студенттерге берілетін тапсырма қайталанбайды, сондықтан біркелкі жауаптағы тапсырмалар қабылданбайды және студенттерге кері қайтарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |