Бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі
Сабақ формалары: жеке және топтық жұмыстар: қателерді сараптау, өзіндік жұмыс, пәнаралық сабақтар, практикалық жаттығулар.
Оқу үдеріс ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, кітаппен жұмыс, әңгімелеу, демонстрация, жаттығулар, типтік тапсырмаларды шешу.
Әдістері: ішінара-іздеу, зертханалық, жеке оқыту.
Құрал-жабдықтары: компьютер, бағдарламаның жеке тақырыптары бойынша презентациялар, бейорганикалық химиядан химиялық заттар жинағы, химиялық ыдыс пен жабдықтар.
Дидактикалық материал: тапсырмалары бар карточкалары, тестер, практикалық сабақтарға арналған оқу құралдары.
Бағдарлама мазмұны
«Заттың химиялық формуласы бойынша есептеулер».(7 ч).
Белгілі массадан зат мөлшерін есептеу (көлемі, бөлшектер саны). Зат массасы мен газ көлемін (қ.ж) есептеу. Бір газдың екінші ғаздағы белгілі салыстырмалы тығыздығы бойынша, салыстырмалы тығыздығы мен молярлық массасын анықтау. Химияда «үлес» түсінігі. Жүйедегі компоненттің массалық және көлемдік үлесі. Химиялық формула бойынша есептеулер. Химиялық қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу. Кристалгидраттың құрамындағы кристалды судың және сусыз тұздың массалық үлесін есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |