Бағдарламасы Түсінік хат Курс бағдарламасы жаратылыстану бағытында, химияны тереңдетіп оқуға арналған



бет6/7
Дата10.12.2021
өлшемі41,15 Kb.
#78775
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 кл химия

«Химиялық кинетика». (1с).

Химиялық реакция жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік ығысуы

  1. «Тұздар гидролизі». (1с).

«Гидролиз» түсінігі. Органикалық және бейорганикалық заттардың гидролизі. Гидролиз реакциясының теңдеулерін құру. Гидролиздің практикалық маңызы.

  1. «Тотығу- тотықсыздану реакциялары» (1с):

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру

  1. «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары арасындағы генетикалық байланысы» (2с):

Бейорганикалық заттардың өзара айналымдары. Органикалық заттардың өзара айналымдары.

  1. «Органикалық заттардың формуласы бойынша есептеулер»(11с):

Белгілі массадан заттың мөлшерін есептеу (көлемі, бөлшектер саны). Заттардың массасын және газдардың көлемін (қ.ж) есептеу. Бір газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығынан газ бен молярлық массаның салыстырмалы тығыздығын анықтау. Химияда «үлес» түсінігі. Жүйедегі компоненттің массалық және көлемдік үлесі. Химиялық формула бойынша есептеулер. Химиялық қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу. Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері бойынша заттың молекулалық формуласын табу. Газ тәрізді заттың жану өнімдерінің массасы (мөлшері, зат мөлшері) және оның басқа газ үшін буларының тығыздығы бойынша молекулалық формуласын табу. Газ формуласын элементтердің массалықүлесі және бір газдың салыстырмалы тығыздығы бойынша анықтау.

  1. «Органикалық заттардың қатысуымен химиялық теңдеулерге есептер шығару» (9с):

Бастапқы заттың массасы (көлемі) бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін) табу. Егер зат массалық үлесі бар ерітіндіде берілсе, реакция өнімінің массасын (көлемін) табу. Құрамында қоспасы бар бастапқы органикалық заттың массасы (көлемі) бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін) табу. Бір заттың артық мөлшеріне есептер шығару. Өнімнің шығуына есептер шығару. Жылу эффектісін есептеу. Қоспа құрамын анықтау. Бастапқы заттардың толық емес өзара әрекеттесу жағдайындағы химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

  1. «Органикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс. Органикалық және бейорганикалық заттар арасындағы генетикалық байланыс»(6с):

Айналымдар тізбегін жүзеге асыру (көмірсутектер мысалында). Айналымдар тізбегін жүзеге асыру (құрамында оттегі бар заттар мысалында). Айналымдар тізбегін жүзеге асыру (құрамында азот бар заттар мысалында). Айналымдар тізбегін жүзеге асыру (органикалық және бейорганикалық заттар)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет