№ 17 Ә. Қастеев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Фемида» дебат клубы
Дайындаған: Н.Спатаев
Қызыл әскер ауылы 2015-2016 оқу жылы
БАҒДАРЛАМА
Өтетін уақыты
|
Қызметі
|
10:00-11:00
|
Қонақтарды күтіп алу және тіркеу
|
11: 00
|
Семинардың ашылуы
|
11: 05
|
БАЯНДАМА.
ДЕБАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ
Жақсылық Жазира
|
11:15
|
Модератор Спатаев Нұркелді Тәжібайұлы
|
12: 00
|
Кофе брек
|
12: 30
|
«Дебат» ойыны
|
13:30
|
«Дебат» ойыны
|
14:00
|
Жабылуы
|
ДЕБАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Соған орай білім мен ғылым жаңа заман талабына сай ұлттық идеялармен ұштастыруды көздейді. Елбасының жолдауында «біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген. Білім беру жүйесі жаңа өркениетті қоғамға қажетті білімді, қабілетті, өз ойын еркін білдіретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтпақшы, жас ұрпақ бойындағы қабілет-қарымын тамыршыдай тап басып бағыт берілсе, жасампаздық қасиеттерді бойына сіңіріп өскендіктен, нағыз ұлтын сүйетін азаматтар елінің тағдырына бей-жай қарамай, келешегі көркем болар еді.
Бүгінгі таңда оқушы құзіреттілігін арттыру басты мақсат болып отыр. Ал, психологиялық сөздіктерде «компоненттілік», «құзіреттілік – жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген. Competent сөзі французша «копонетті» заңға сай, латынша «сай болу», «қабілеті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
Сөйлеу мәнерін жетілдіру, пікірталастар ұйымдастыру
Сонымен, құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады. /1.1/ Оқушының құзіреттілін арттыру үшін не істеуіміз керек?
Оқушы құзіреттілігін арттыру
Бәсекелестік қабілеті бар, ізденімпаз, білімді, шығармашыл, жеке тұлға
Баспасөзбен байланысты нығайту, түрлі тапсырмалар беру
Өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау, еркіндік беру
Оқушылардың құзіреттілігін арттыру, жүйелі білім, сапалы тәлім-тәрбие алуына, мәдени- рухани жағынан өсіп жетілуіне дебат ойындарының маңызы аса зор.
«Дебат» (Debate) немесе пікірталас әртүрлі контекске орай сыни тұрғыдан ойлау немесе іскер ойын ретінде ұғынылады. Пікірсайыс – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Дебат бағдарламасы тыңдармандарды пікірталас үрдісіне тарту арқылы интеллектің даму технологиясын ұсынады. Пікірталасқа түсушілердің мақсаты, әдетте, даулы проблемалар бойынша қандай да бір позицияны қорғап, өзге позицияны теріске шығаруды көздейді.
Жастар пікірсайысының арнайы құрылымы, ережесі бар, тақырып аясы мен уақыты шектеулі. Пікірсайыстың әзірге үш-төрт үлгісі бар. Олар:
Американ Парламенттік Дебаты, Линкольн және Дуглас пікір сайысы, Карл Попер формат және Британ Парламенттік Дебаты
«Үлкен адам болу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға» - дейді Мұхтар Шаханов ағамыз.
Тарихта Наполеон 4 сағат қана ұйықтап-ақ есімі әйгілі болған болса, Эйнштейн қызметшісіне жарты сағаттан соң оятуын өтінеді, демалсын деп 1 сағаттан кейін келген қызметшісіне Эйнштейн налып: «30 минутымды қайтарыңыз» - деп сұраған екен. Осы мысалдардан арманға жету үшін уақытты тиімді пайдаланудың мәнін аңғарамыз.
Бұхари риуаят еткен хадисте «Адамдардың көбісі бағаламайтын екі нығмет бар. Ол – денсаулық пен бос уақыт» делінген және бұл қай ғасырға да сай.
Ал бүгінгі қоғамда уақыттың қадірін бағалауға пайдасын тигізер істің бірі – пікірсайыс. Ережеге сай, әр спикер өзіне берілген уақыт лимитін сақтап, идеясын нақты жеткізуге міндетті. Уақытты шектеу - ойындағы әділеттілік пен тәртіптің кепілі.
Ендігі кезекте уақыт тиімділігінің қағидаларын ұсынамыз:
1. Таймкипердің ескерту белгілерін назардан тыс қалдырмаңыз, ол ойыңызды тиянақтауға әсер етеді.
2. Тарих та, ғылым да мойындаған әдіс – жазу. Өз ойыңызды, яки қарсылықтарыңызды қағаз бетіне қысқаша түртіп отырыңыз. Ой жүйелілігі уақытты үнемдейді.
3. Уақыт лимиті - сіз үшін сүзгі. Идеяларыңыздың ең маңыздысын таңдап алып қана ұсыныңыз. Ойыншыға сапа, уақытқа пайда.
4. Тіл тазалығы, яғни бейсауыт сөздерді (жаргон, диалект) қысқартыңыз. Бір сөзді үнемі қайталайтын (яғни, және, тағы) әдеттен арылыңыз. Идеяны нақты, түсінікті сөйлеммен беріңіз.
5. Мүмкіндікті толық пайдаланыңыз. «Ырыс астың қалғанында болуы мүмкін». Жеңіске жеткізер сөз соңғы минуттарда айтылуы да ғажап емес. Дегенмен, уақыт толтыру үшін құрғақ қасықпен ауыз жыртудың қажеті шамалы.өзгенің де, өзіңіздің де уақытыңызды бағалаңыз. Уақыт бізге емес, біз оған тәуелді екенімізді ұмытпайық, достар!
Достарыңызбен бөлісу: |