Семинардың ашылуы 11: 05 баяндама. Дебат технологиясы жаңа заман талабы



бет3/3
Дата09.01.2023
өлшемі425,41 Kb.
#165196
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
дебат ереже 2222
банк рк2 15-21, ДЕБАТ ережесі, Бағалау шкаласы (1) (1), Áà?äàðëàìàñû «?àçà?ñòàí õàë?û Àññàìáëåÿñû ?î?àìäà?û ò?ðà?òûëû? ï
Дәйектеме ұсыну
Дәйектеме сөзі латынның «argumentum» «нәрсе, пән, белгі» деген сөзінен шыққан. Философияда пікір мен ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел деген мазмұнды білдірсе, логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Ал пікірсайыста философия мен логиканың екеуіне де қарасты мәселелерді қамтиды.
Дәйектеме құру барысында төмендегі сұрақтарға жауап ізделіну керек:
1. Бүгін маған далаға шығуға болады ма? Не үшін шығуым керек?
2. Өйткені, мен бүгін кітапханаға баруым керек.
3. Себебі, біз қазір квантовый физиканың негізін өтіп жатырмыз. Мен оны өзім меңгеріп алғым келеді.
4. Сонымен қатар, бұл тарау мен үшін өте маңызды, өйткені біз аралық бакылауды осы тарау бойынша тапсырамыз.
Дәйектеме жоғарыдағы құрылым бойынша құрып алғаннан кейін
дәйектемені көпшілікке жеткізудің жолдары:
1. Дәйектеме ұсыну, яғни ұсынылған ойды жеткізе білу керек;
2. Дәйектемені ашып көрсеткен соң, қарсы топ пен төрешіге жеткілікті түрде түсіндіріп беру керек;
3. Дәйектеме белгілі бір ойды жеткізетіндіктен, ойды дәлелдеу керек;
4. Дәлелденген Дәйектемені қорыту керек.
Дәл осы айтылған ретпен дәйектеме ұсынсаңыз, дәйектемеңіз құламайтын және мықты болады!!!
Сабақтарда пікірсайыс әдістемесін түрлендіре пайдалану оқушыларды ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
- өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге баулиды;
- шығармашылық қабілеті шыңдалады, шұғыл шешім қабылдай білуге үйренеді, кітапханамен байланысы нығаяды;
- оқушылар сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтанады.
Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады. Керекті кейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың жиынтығы. Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі:
Құндылық кейстің құрылымы:
1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата (БП)  ақталады деп есептейді)
2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)
3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)
4.Философия ()




5.Аргументтер()
6.Қорытынды.





  • Ойын барысы (спикердің рөлі,уақыт) саяси кейспен ұқсас.

  • Дұрыс-дұрыс емес,ақталады-ақталмайды формасында қарастырылады.

  • Ескерту:

(теңге лақтыру арқылы) т.б.
17 Ә. Қастеев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілетін дебат ойынының тақырыптары:


Дебат ойындарында оқушылардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы сұрақ сәтінде анық байқалады. Білімді, көп ізденетін оқушылардың өзіндік ой-өрісі ойын барысында көрінеді. Қыннан қылыш қылыш суырғандай сұрақтары қарсы топты ойландырып, өз кейстеріне күмән тудыратындай етулері керек.
Жалпы, оқушылардың бойына ұлттық үрдісті сіңдіруде, баланы озық қоғамға сай етіп тәрбиелеуде дебат технологиясының берер пайдасы мол. Оқушыларға сапалы білім мен саналы білім беру – бүгінгі күннің басты өлшемі. Өз позициясын жақтап шығуға тырысқан оқушылар бос уақытта сенделмей, кітапханаға барып түрлі материалдар іздестіреді. Қазіргі таңда ғаламтордың шеңберінен шырматылып шыға алмай қалған балалардың көркем әдебиет оқуға құлшынысы арта түседі. Ойын барысында өз ойларын келелі сөз, шынайы шеберлікпен, шешен тілмен жеткізуге тырысады. Кез келген тыңдаушыға жүйелі сөз әсер етері хақ. Шешендік салтанат құрған жерде оқушылар ұлттық-рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, алдағы күнде ел жүгін мойнымен арқалауға дайын тұрады. Жаһандану заманында білім берудің озық үлгілерін пайдалана отыра нақты нәтижелерге қол жеткізу – бүгінгі заманның басты талабы.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. К.Қалелхан. «Дебат» әдісін пайдаланудың тиімділігі. //»Ертіс дидары» газеті. 18.04.2009

  2. З.Н.Қасымқанова Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру. // Конференция материалдары.

  3. Дебат ойынының ережелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет