PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |