Ағымдағы үлгерім және межелік бақылау бағалау нәтижесі арқылы пән
бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады
Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3.
Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ кіргізілген болса, онда сынақты Р2
анықтаған кезде екінші межелік бақылау ретінде ескеру керек.
Егер де студент межелік бақылау өтпесе немесе межелік бақылау бойынша
50 балдан төмен алса, онда рейтинг анықталмайды.
Семестр үшін пән бойынша студенттің жіберілу рейтингісінің бағасы тең
ЖР=(Р1+Р2)/2.
Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу жоспарының барлық
талаптарын орындаған (СӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды орындау
және тапсыру) және жіберу рейтингісін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер
жіберіледі.
Қорытынды емтихан тест түрінде өткізіледі. Емтихандарда немесе жазбаша
жұмыстарды орындау кезінде бір-бірінен көшіруге болмайды.
Әрбір пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі жіберілу
рейтингі мен қорытынды бақылау, олардың үлес салмақтарын (ЖРҮС және
ҚБҮС) ескере отырып, бағаларынан тұратын қорытынды бағамен (Қ) анықталады
Қ=ЖР*ЖРҮС+ҚБ*ҚБҮС.
Үлес салмақтар жыл сайын оқу кеңесімен бекітіледі және жіберілу
рейтингісі үшін 0,6 кем емес, ал қорытынды бақылау үшін 0,4 көп емес болуы
қажет.
Студент жіберілу рейтингі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң
бағаларға ие болған жағдайда ғана пән бойынша қорытынды баға есептелінеді.
Қорытынды бақылауға негіссіз себеппен келмеу «қанағатанарлықсыз» бағаға
теңеледі. Пән бойыша аралық аттестациялау мен емтиханның нәтижелері
студенттерге тапсырылған күні немесе, егер жазбаша емтихан күннің екніші
жартысында өткізілсе, келесі күні айтылады.
Сізге «Менеджмент» курсын табысты оқуыңызды және жоғары нәтижелерге
жетуіңізді тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: