5. «Күнделік» электронды мектеп журналы мен «Білім ланд» проектларының ұйымдастырылуы туралы Анықтама Баяндамашы: ДОІЖО: Мыңжасарова А. Мақсаты: «Kundelik.kz» электронды журналының жұмысының жүргізілу сапасы мен толтырылу деңгейін анықтау;
Bilimland.kz, Twig-Bilim, ITest.kz, iMektep.kz – әмбебап, көптілді білім платформасын сабақта пайдалану деңгейіне сараптама беру;
Міндеттері: - «Күнделік»жүйесі жұмысының жүргізілу сапасы мен ақпан айы бойынша қорытындысын тексеру;
- Bilimland.kz, Twig-Bilim, ITest.kz, iMektep.kz – әмбебап, көптілді білім платформасын пайдалану деңгейін қадағалау;
Күнделік электронды журналында тіркелген ата-аналар профильдерінің саны-1645.1830-оқушы. Қызметкерлер саны-176. Шақыру алмай отырған адамдар жоқ. Ақпан айында мектепке қабылданған оқушылар саны-5. Қыркүйек айынан бері 64 оқушы келген. Кеткен оқушылар саны-78. Басқа сыныпқа ауысқан оқушылар саны-10.
Ақпан айының 1і мен 17 аралығында мұғалімдердің журналды жүргізу есебі, мектеп үлгерімі-97,18%-ды құрап отыр. 71 мұғалім журналды уақытында толтырып 100% үлгерім беріп отырса, 75 мұғалім журналды дер кезінде толтырмай қателіктер жіберіп отыр. Мұның ішінде ең төмен пайыз беріп отырған ағылшын тілі пәні мұғалімдері Шальжанова А. -68,34%., Сеймаханова С.-74,88%. Физика пәні мұғалімі-78,42%, дене шынықтыру пәні мұғалімі Айдаров Б.-84,91%, физика пәні мұғалімі Әлімбек Ш.-87,88%, информатика пәні мұғалімі Сатекова Г.-88,89%, география пәнінің мұғалімі Абдуахитов А.-89,94% .