Бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері астана


Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері



бет10/23
Дата14.04.2022
өлшемі66,18 Kb.
#139248
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері 2019ж
қазіргі білім берудегі тех. мұгалімнің қузіретттілігі

Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері


Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге (қағидаттарға) сүйенеді:


Антропологиялық көзқарас – тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және жүзеге асыруда жүйелі қолдану.
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық-бағдарлы көзқарас білім алушының оқу процесінде өзінің өмірлік іс- әрекеттерін және тұлғалық болмысын жүзеге асыратын белсенді суъект ретінде қалыптасуына бағытталған.
Қызметтік қөзқарас педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс- әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі ұстанымына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.
Сол немесе өзгеде қызметтің тиімділігі тұлғаның дербестік дәрежесіне, шығармашылық белсенділігіне, қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне және өзін-өзі өзгертуге әзірлігіне тәуелді.
Жүйелілік-тұтастық көзқарас. Жүйелілік және тұтастық «тұлға өзін басқаларға тұтас феномен ретінде көрсетеді және әр жеке мінез-құлық жағдайында әлемге (қоғамға, басқа адамдарға, өзіне) қатысты өзінің тұлғалық көзқарас жүйесін құрастырады. Әлеуметтік-психологиялық феномен ретіндегі тұлғаның тұтастығы жалпы педагогикалық процесте және оның барлық субъектілерінің (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) бағыныштылығын көрсетеді.

15.04.2019 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы)
Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған және стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Гуманистік көзқарас (гуманистік бағыт қағидаты) педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъекті ретінде бірізді қарым- қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым- қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы.
Мәдени сәйкестілік тәсілі. Тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және ұлттық мәдениеттердің жалпыадамзаттық құндылықтары мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
Аксиологиялық тәсіл. Аксиологиялық (құндылықты) тәсіл тұлға адамзаттың ең жоғары құндылығы болатын, барлық гуманистік тұжырымдамалардың негізі болып табылады. Аксиологиялық тәсіл – тәрбие рухани-адамгершілік дәстүрлерге, сонымен қатар ұлттық және әлемдік мәдениетке негізделуі тиіс деп бекітеді.
Этнопедагогикалық тәсіл тәрбиені ұлттық этникалық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толықтыруды, барлық азаматтардың ана тілін үйренуге және ана тілінде сөйлеулеріне, өз ұлтының салт- дәстүрлерін зерделеуге жағдай жасауды көздейді.
Этномәдени тәсіл ұлттық білім алушы тұлғасының тәрбиесі ретінде (өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін зерделеу және меңгеруді этникалық әлеуметтену қажетті шарт ретінде) қарастыруды көздейді. Ол басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін білуге қызығушылық тудырумен; жалпыазаматтық құндылықтарды меңгерумен, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау білігін және дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланыста болуы тиіс.
Көпэтникалық, көпмәдениеттілік тәсіл. Аталған тәсілдің мақсаты: - үйлесімді тәрбиелеу, шынайы-позитивті, рухани-адамгершілік (этносқа қарамастан) қатынастар, әлемдік мәдени мұра мен шетел тілдерін меңгеру, көпмәдениетті білім беруді және этносаралық толеранттылықты дамыту; - көпұлтты және көпмәдениетті ортада әртүрлі ұлт, нәсіл, діни наным-сенімді ұстанатын адамдармен бейбіт әрі келісіммен өмір сүре алатын, жоғары түсінікке ие және басқа мәдениеттерді құрметтей алатын, белсенді және жақсы өмір сүруге қабілетті тұлға тәрбиелеу; - олардың көзқарасына, мінез-құлқына, әдетіне, өзара құрметке ұмтылуда байқалатын әртүрлі қызығушылықтар мен ешбір қысым көрсетпей, түсіндіру мен құрмет көрсету әдісін қолдана отырып көзқарасты түсіну мен келісуде этникалық, ұлттық немесе мәдени қатынасына қарамастан басқа адамдарға шыдамдылық танытумен сипатталатын этносаралық толеранттылықты (тұлғаның моральдық қасиеті) дамыту.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет