Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
Мақсаты: әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық санасын жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Қамтамасыз ету жолдары: цифрлық экономика үшін құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту; әлеуметтік белсенділіктің артуы, OnlineLab цифрлық модельдері, интерактивті өзара әрекеттесу, Online Driver Model және т.б.
Бағалау критерийлері: өмір бойы білім алу үшін икемділікті, ашықтықты талап ететін; өз бетінше білім алу және ақпаратты пайдалана білу; сыни тұрғыдан ойлау, алынған ақпаратты талдау және тиімді пайдалану қабілетін дамыту; зерттеу және жобалау іс-әрекеті, инновацияларға қабілеттілігі дағдыларын меңгеру; пікірталасты жүргізу дағдыларын дамыту; жасампаздық қызмет; командада жұмыс істеу, корпоративтік рухты нығайту; ақпарат көздерін сыни тұрғыдан іріктеу; Интернет-қоғамдастығына қосылу; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсы тұру; Интернет-сауаттылықты, сандық және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру; ақпараттық қызметтегі этикалық нормалар; жоғары ақпараттық мәдениетті қалыптастырудағы жаңа дағдылар.
Іске асыру тетіктері:
Сабақтар, оқу пәндері, элективті курстар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен сабақтар, мектеп және желідегі дебаттық турнирлер, балалармен және жастармен бірлесіп атқаратын жобалық жұмыстар; сабақтан тыс жұмыстар, балалар және жастар бірлестіктеріндегі қызмет, әртүрлі деңгейдегі басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру. Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық цикл пәндерін «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру, «Жүрек тілімен өткізілетін физика», «Математика рухани-адамгершілік заңдар туралы ғылым ретінде», «Тарих пәнінің адамгершілік туралы сабақтары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» элективті курстарын өткізу. Зияткерлік ойындар,
15.04.2019 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы)
конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, хабарламалар, мектеп және студенттік медиа орталықтары, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды танымал ету. Психометриялық және социометриялық тестер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту бағдарламалары.
Бағдарламалау негіздерін енгізу: сандық технологияларды меңгеру арқылы сандық сауаттылығын арттыру. Кәсіпкерлік пен бизнесті енгізу. Техникалық бағыттары бойынша олимпиадалар мен конкурстар өткізу. Балалардың қосымша білім беру бағдарламасына жаңа әдістемелерді, сандық технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған SMART және STEM - элементтерді енгізу.
Басты іс-шаралар:1. АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобалары. 2. Кітапхана жүйесіндегі электрондық каталогтармен жұмыс жүргізу. 3. Онлайн және офлайн режимдерінде өлкетану, әлеуметтік жобаларды және т. б. игеру. 4. ІТ-технологияларды, бағдарламалау тілін, робототехниканы меңгеру бойынша үйірмелер мен клубтарда сабақтар өткізу. 5. Тәрбиелік және басқа да іс- шаралардың аудио және бейнематериалдарын әзірлеуде сандық білім беру ресурстарын (ЦБР) пайдалану.