БАҒдарламасын жүзеге асырудағы тұжырымдамалық ТӘсілдер астана, 2017 мазмұНЫ


Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар және ҮЕҰ



бет2/3
Дата31.12.2019
өлшемі125,21 Kb.
#54518
түріБағдарламасы
1   2   3

Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар және ҮЕҰ: ЖАО, ҮЕҰ
Қаржы ресурстары:

Кіші бағдарламаның қаржы ресурстарына қажеттілігі жүзеге асатын жобалардың сәйкестендіру және талдау қорытындысы бойынша анықталады.



Эксперттік қолдау:

Мақсаттық топ: азаматтық қоғам, соның ішінде ғылыми-педагогикалық және ата-ана қоғамдық кеңестері. Эксперт кеңесінің ұсынуы бойынша қосымша арнайы эксперт топтары құрылады.
Сыртқы байланыс стратегиясы:

Бағдарламаның сыртқы байланысы ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі, ҚР СІМ, басқа да қызығушылық көрсеткен мемлекеттік органдармен, МАМині и ҮЕҰ арқылы жүзеге асады. Контентті әзірлеу және оны толтыру, жалпы тұжырымдамасы бар жобаларды алға жылжыту, сондай-ақ медиа-жоспарды жасау кіші бағдарламаның уәкілетті органы арқылы жүзеге асады.



«РУХАНИ ҚАЗЫНА» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тарихтың өткен кезеңдерін қазіргі заманғы шындықпен байланыстыра отырып, біз үйлесімді болашақ өмірге қадам жасаймыз. Бүгін патриотизм тек рухани құндылық көрсеткіші емес, халықтың, қоғамның жоғары моральдық рухын, тарихи жады, мәдени мұра, өз жерінің, салт-дәстүрлерін. байланыстыратын мықты іргетасы ретінде насихатталып, қаралады.. Халықтың мәдени ерекшелігі қоғамның тиімді дамуын қамтамасыз етуге қабілетті қуатты және жасампаздық күшіне айналады.

Қазіргі уақытта базалық принциптер мен отансүйгіштік құндылықтарына сүйенген жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру қажеттілігін, аймақтық тарих және мәдениетінің рөлін ұғынуға қазіргі заманғы көзқарас талап етіледі.

Кіші отан жеке имиджін құру және дамыту, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті насихаттау қажет.

Кіші бағдарлама мақсаты: рухани құндылықтарына сүйене отырып, халықтың салт-дәстүріне, тарих, мәдениетіне қызығушылық пен құрметті ояту және дамыту.

Мақсат индикаторлары:


  1. Мәдениет саласының қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру;

  2. Мәдениет ұйымдарына (театрлар, кітапханалар, мұражайлар)келушілердің орташа санын 1000 адамға арттырып отыру;

  3. консервациялық және қалпына келтіру жұмыстары өткізілетін тарихи және мәдени ескерткіштерінің санын ұлғайту;

  4. Мәдениет ұйымдарына (театрлар, кітапханалар, мұражайлар) ішкі келушілер санын ұлғайту.

Мақсаттық индикаторларын өлшеу әдістері: социологиялық сауалнамалар, жергілікті атқарушы органдардың және статистикалық есеп беру
Базалық жобалар:

Кіші бағдарламаның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу үшін мынадай Негізгі жобалар іске асырылатын болады:

  1. «Өнегелік құндылықтар»;

  2. «Туған өлке мәдениеті»;

  3. «Тарихи-мәдени мұра»;

  4. «Жергілікті туризм».




«Өнегелік құндылықтар» Базалық жобасы

Мемлекет басшысы айтқанындай: "Ұлттық-мәдени тамырларына сүйенбесе, жаңғырту ауада қалқып қалады".

Мәдени-ұлттың генетикалық кодының негізі ретінде қоғамда құндылық бағдарлар мен адамгершілік идеалдарды қалыптастыру қажеттілігі туындады. Базалық жобаның негізгі міндеті болып табиғатқа және қоршаған әлемге ұқыпты қарау,рухани бай салт-дәстүрлерді сақтау мен насихаттау, рухани байыту арқылы жоғары адамгершілік қасиетін қалыптастыру табылады.

Адамның мінез-құлық моделін өзгерту жөніндегі нақты, түсінікті іс-әрекеттер қажет. Адамның табиғатпен, өзінің "Мен" және қоғаммен үйлесімділігін табу үшін, қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру қажет.


Қорытынды көрсеткіштері:

  1. Демеушілік және қайырымдылық жобалардың санын арттыру;

  2. Тұрғындардың әлеуметтік-экологиялық жаупкершілік деңгейін

көтеру;

Жобаның түйін оқиғалары (ЖАО бюджет шеңберінде): - Қарт адамдарға, аға буынға құрмет пен көмекті насихаттауды дамытатын ерікті қозғалысының әлеуметтік-бағдарлы моделдерін жүзеге асыратын «Ұрпақтар диалогы» жобасы;

- Бағалы кітаптар, суреттер, тарихи құжаттар, материалдық мәдениет заттарды ерікті түрде беруді ұйымдастыратын, елдің барлық аймақтарын қамтитын қайырымдылық және демеушілік акциялары;

- Барлық өңірлерде әлеуметтік нысандардың құрылысын және жөндеуді ұйымдастыру: жобаға демеушілік қаражат есебінен, оның ішінде, шет елде табысқа қол жеткізген отандастарды тарта отырып, спорттық, мәдени-демалыс ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (ДСК);

- Ел аймақтарында өлке дамуына үлес қосқан танымал адамдар, ақсақалдар, қайраткерлердің өмір тарихы мен естеліктеріне арналған «Естелік кітаптарын» басып шығару;

- "Рухани бай салт-дәстүрлердің жалғастырушылары" кешенді жобаны жүзеге асырудағы дәстүрлі мәдениет, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттайтын фестивальдарды ұйымдастыру;

- «Таза көше», «Таза ауыл» акциясын ұйымдастыру;

- аумақты көгалдандыруға «Тал күні» акциясын ұйымдастыру;

- рекреациялық объектілер, табиғи қорықтар, су айдындары, өзендерді; тазалауға экологиялық сенбіліктер ұйымдастыру;

- рекреациялық объектілер, табиғи ландшафттар, табиғат ескерткіштері туралы фото- и видеоматериалдардың аймақтық, қол жетімді ақпарат базасын құрастыру.


Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар : ҰЭМ, ҚАРЖЫМИНІ, ЭМ, АШМ, ҚР ДІАҚМ, МАМ, ЖАО.


  1. «Туған өлке мәдениеті» базалық жобасы.

Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуеттін дамуы негізгі басымдықтарын қатарына жатады. Жалпыұлттық және әлемдік мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету және байытудағы аса маңызды жетістік критерийлерінің бірі ретінде мәдениеттің даму деңгейі, тиімді жұмыс істейтін мәдени институттар инфрақұрылымы мен тетіктері болып табылады.

Базалық жобаның негізгі міндеті: мәдени аймақтардың ерекшеліктерін синтездеу негізінде елдің біртұтас мәдени кеңістігін дамыту.

Қорытынды көрсеткіштер:

  1. Мәдениет ұйымдарына адамдардың кіру санын арттыру;

  2. ғылыми-зерттеу жобаларының саны;

  3. Өңірлер бойынша археологиялық, этнографиялық, фольклорлық және т. б. экспедициялар санын ұлғайту;

  4. Өлке тарихы бойынша мұрағат құжаттарын сандық форматқа ауыстыру;

  5. Қалпына келтірілген мәдени құндылықтардың, мұражай заттарының саны.

Жобаның түйін оқиғалары (ЖАО бюджет шеңберінде):

- жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мұражай-қорықтардың және т. б. үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу және экспедиция, ономастика, топонимика, фольклор, әдет-ғұрып, салт-дәстүр ескерткіштерін зерттеу, өлкенің археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, геоақпараттық картографиялау үшін гранттар бөлу;

- ғылыми-зерттеу институттарын, Жоо-ның арнайы этнографиялық

экспедиция әлеуетін пайдалана отырып, материалдық емес мәдени

мұраны өңірлер бойынша жинауды ұйымдастыру;



  • Республикалық "Ұлы дала елінің тарихы" (фотокөрмелері және

шебер-сыныптарымен бірге) мұражай фестивалін ұйымдастыру;

  • "Музейдегі бір күн" жобасы аясында оқушылардың мұражай

қызметкерлерімен кездесулерін ұйымдастыру, оқушыларды мұражай

ішінде экскурсия өткізуге үйрету;



  • "Ұлы дала сазы" акция аясында республикалық театрлар мен

концерттік ұйымдардың өңірлер бойынша атақты адамдардың

қатысуымен гастрольдік сапарларын ұйымдастыру;

- мәдени құндылығы бар музей заттарын реставрациялау,3D-

модельдерін құру;

- "Мұрағаттар сөйлейді" жобасы аясында Қазақстан және өңірлердің

тарихы бойынша сандық форматқа көшірілген мұрағаттық

құжаттарды, тарихи деректі ақпаратты алғаш рет жариялау,

мұрағаттық жинақтарды арнайы бөлінген электрондық интернет-

ресурстарында, соның ішінде түрлі нысанда БАҚ-та орналастыру;


  • Республикалық және өңірлік мәдениет ұйымдарда дайын бұйымдарды сатуға арналған алаңдары бар қолөнерлік шебер сыныптарды (қыш, зергерлік, тоқыма, ұстахана ісі және т.б.) жүргізе отырып, республикалық қолөнер шеберлерінің "Шеберлер ауылы" фестивалін тұрақты негізде өткізу.

Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар: ҰЭМ, ҚАРЖЫМИНІ,

ЭМ, БҒМ, СІМ, МАМ, ЖАО.

«Тарихи-мәдени мұра» базалық жобасы.

Қазақстан әлемдік өркениет қазынасына енген бірегей мәдени құндылықтардың иегері болып табылады. Осыған орай, қазіргі заманғы мультимедиялық құралдарды ескере отырып, міндетті тұрде кешенді зерттеу және мәдени мұраларды, соның ішінде аймақтық деңгейде, кең көлемде насихаттау.



Базалық жобаның негізгі міндеті: аймақтардың тарихи-мәдени мұраларын зерттеу, сақтау және насихаттау.

Қорытынды көрсеткіштері:

  1. QR коды орнатылған ескерткіштер үлесін ұлғайту.

  2. Маңызды тарихи және мәдениет ескерткіштері туралы түсірілген ғылыми-танымал фильмдер;

3.Аймақтарда жаңадан анықталған ескерткіштердің саны және оларды жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштер тізіміне қосу.

Жобаның түйін оқиғалары (ЖАО бюджет шеңберінде):

- республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштердің техникалық жай-күйі мен фотоматериалдарын зерделей отырып, толық түгендеу және жекелеген аудандар бойынша "Тарихи және мәдениет ескерткіштер жинағы" атты ғылыми басылымның шығарылуы;



  • археология (archaeology.kz) интернет-порталын құру, осы бағыт бойынша барлық деректерді әзірлеу және орналастыру;

  • Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы, апатты тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша геоақпараттық деректер базасын құру және жыл сайын қосымша қаржы құралдарын авариялық-құтқару жұмыстары, жергілікті және республикалық маңызы бар ескерткіштерді қайта жаңғырту және консервациялауға бөлу, интернет-порталына орналастыру;

- Аймақтар бойынша маңызды тарихи және мәдениет ескерткіштері туралы ғылыми-танымал фильмдер түсіру;

  • тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және пайдалану саласында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жөнінде халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен, соның ішінде ЮНЕСКО-ның ЖАО өкілдері үшін семинар-тренингтер өткізу;

  • туған өлкенің ескерткіштерін насихаттау ұйымдастыру үшін жоғары сынып оқушыларына кешенді шараларды ұйымдастыру;

  • тарих және мәдениет ескерткіштерінде QR-кодтар регламенттерін әзірлеу, орналастыру;

  • "Ботай", "Бозоқ", "Бегазы", "Шілікті" және т. б. ескерткіштер базасында

ашық аспан астындағы мұражай құру;

  • Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар: ҰЭМ, ҚАРЖЫМИНІ, БҒМ, МАМ, ЖАО.

4. «Жергілікті туризм» базалық жобасы.

Туған өлкені зерттеу және туризм бір-бірімен тығыз байланыста. Без достоверной и разнообразной краеведческой информации невозможно выполнение экскурсионных разработок и туристских маршрутов. Анық, шынайы және әртүрлі өлкетану ақпараты болмаса, экскурсиялық әзірлемелер және туристік маршруттарды орындау мүмкін емес. Сондықтан, рухани, мәдени, этнографиялық, аймақтық, экономикалық және білім беру құрамдас бөліктерді біріктірген аймақтық туризм бағдарламаның басты бағыттарының бірі болуы міндет.



Базалық жобаның негізгі міндеті болып жүйелі ішкі туризмді дамыту табылады.

Қорытынды көрсеткіштері:

  1. Ел өңірлері бойынша ұйымдастырылған, соның ішінде балалар-жасөспірімдер туризмы бойынша, туристік экскурсия саны.

  2. Автомобиль, кемпинг туризмы үшін әзірленген маршруттар саны.

  3. Тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша жергілікті маршруттар саны.

  4. Туристік объектілерді зерттеу және насихаттау бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар саны.

Жобаның түйін оқиғалары (ЖАО бюджет шеңберінде):

  • еліміздің өңірлеріне таратуға арналған жол көрсеткіштері, жұмыс режимі және прейскурантын көрсете отырып, көрікті жерлер мен нақты орынға бару туристік карталар, буклеттерді жасақтау;

  • оқушылар үшін мәдени және туристік экскурсия, тарихи-мәдени көрікті жерлер, археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатқан өңірлері, табиғат ескерткіштеріне саяхат ұйымдастыру, соның ішінде астанадан аймақтарға және аймақтардан астанаға келуі-шығуы;

  • тарих және мәдениет ескерткіштеріне, соның ішінде, отбасылық, кемпинг, керуен саяхаттары және жергілікті туристтік маршруттарды құру, ЖАО сайттарына ақпаратты орналастыру;

Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар: ҰЭМ, ҚАРЖЫМИНІ, БҒМ, ЭМ, АШМ, МАМ, ЖАО.

Қаржы ресурстары:

Кіші бағдарламаның қаржы ресурстарына қажеттілігі жүзеге асатын жобалардың сәйкестендіру және талдау қорытындысы бойынша анықталады.
Эксперттік қолдау:

Мақсаттық топ: азаматтық қоғам, соның ішінде ғылыми-педагогикалық және ата-ана қоғамдық кеңестері. Эксперт кеңесінің ұсынуы бойынша қосымша арнайы эксперт топтары құрылады.

Сыртқы байланыс стратегиясы:

Бағдарламаның сыртқы байланысы ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі, ҚР СІМ, басқа да қызығушылық көрсеткен мемлекеттік органдармен, МАМині и ҮЕҰ арқылы жүзеге асады. Контентті әзірлеу және оны толтыру, жалпы тұжырымдамасы бар жобаларды алға жылжыту, сондай-ақ медиа-жоспарды жасау кіші бағдарламаның уәкілетті органы арқылы жүзеге асады.


«АҚПАРАТ ТОЛҚЫНЫ» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның іске табысты асырылуы Бағдарламаның негізгі ережелерін көпшілікке тікелей жеткізу ақпараттық жұмыстарына байланысты. Осыған байланысты, мемлекет басшысы мақаласының негізгі қағидаларын, соның ішінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жариялауға қажетті ресурстарды тарту басым мәселе болып табылады. Негізгі жобаларды жарықтандырудан басқа, қоғамды жобаларға өнімді тарту мақсатында негізгі тезис және месседждерді тұрақты тарату сай болып табылады. Сондай-ақ, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын мен жобаларды жаппай БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеу, белсенді тарту жоспарланған.

Кіші бағдарлама мақсаты:

Жаңа сана және ойлау моделін қазіргі әлемнің өзгермелі жағдайларына қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғамның бейімделген өрісінің кең массасына арнайы технологиялар құралдары арқылы тұрақты ықпал ету.

Халықты медиа-ресурстар арқылы Бағдарламаның іске асыру барысы туралы ақпараттандыру және кері байланыс орнату.

Мақсаттық индикаторлар:

– халықтың бағдарламаға қатысуы және хабардарлық деңгейі;

– теле- и радио-бағдарлама рейтингісі;

– деректі/көркем фильмдердің рейтингісі;

– мамандандырылған web-сайттар мен интернет-ресурстарына кіру

деңгейі.
Мақсаттық индикаторларын өлшеу әдістері: жоғарыда көрсетілген индикаторлардың өлшемдерін және олардың көрсеткіштерін интернет-ресурстарында социологиялық сауалнамалар арқылы жүргізу, теле- и радио-бағдарлама рейтингі, қоғамдық пікір және ақпараттық кеңістік мониторингін шығару.


Негізгі бағыттар/тетіктерді жарықтандыру:

1. Республикалық және аймақтық телерадиоарналар;

2. Баспа БАҚ;

3. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер.




  1. Республикалық және аймақтық телерадиоарналар:

    1. танымал қазақстандық мәдениет және саясат қайраткерлері табыстылық оқиғаларымен және өзінің "кіші отаны" туралы ойларымен бөлісу мақсатында "Хабар " телеарнасында "Туған жер" жұмыс атауымен бағдарламаны іске қосу;

    2. Қазақстандық киелі орындар, еліміздің барлық аймағындағы қазақстандық отбасыларындағы салт-дәстүрлер туралы «Kazakh TV» телеарнасында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) "Қош келдіңіз" бағдарламасын іске қосу;

    3. белгілі сценарийші, продюсер А. Увалжанованың жетекшілігімен «Қазақстан» телеарнасында «Туған жер» жұмыс атауымен жаңа сериалдың түсірілімі басталды. Тележобаның сюжеттік желісі қазақ, орыс және корей отбасы болып табылатын бір ауылдағы көршілердің өмірі туралы баяндайды. Тұсаукесер рәсімі ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.

    4. «Рухани жаңғыру» жобасы туралы 14-сериялық деректі фильмдер циклын түсіру;

    5. шетелде тұратын, туған жерін аңсайтын, елге оралуға ниет білдірген, бірақ түрлі себептермен келулері мүмкін емес отандастар туралы республикалық телеарнасында "Қазақстан" деп соғады жүрегім!" арнайы жобаны іске қосу.

    6. Қазақстанның БАҚ қатысуымен қасиетті орындарға ғылыми-танымдық пресс-турларды ұйымдастыру;

    7. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі идеяларын талқылауға бағытталған радиотыңдармандары үшін ойын-сауық-танымдық радиобағдарламаларды іске қосу.

  2. Баспа БАҚ:

    1. республикалық газеттерде ҚР киелі жерлердің сакральды географиясын көрсететін «Туған жер», «Қазақстан қорықтары», «Атажұрт: аңызға айналған атаулар», «Көне тарихтың көмбесі» айдарларын ашу;

    2. бастамашы азаматтардың кіші отанын қолдау мақсатында «Туған жерін түлеткендер», «Отаннан келген хат», «Алтын тамыр» «Ұлттық жад», «Ұлттық код» айдарларын ашу;

    3. "Пошта жәшігі: Отаннан келген хат " айдарын ашу. Айдарда атақты адамдардың лирикалық жазбалары: олардың тұлғалық және кәсіби қалыптасуына кіші отанының рөлі және ол жаққа қайта-қайта баруға не нәрсе мәжбүрлейді. Қызықты, қара-ақ, тамаша балалық шақ бейнеленген, көз тартатын ескі фотосуреттер кіші отанға деген сүйіспеншілікті үлкен отанға деген махаббатқа апарар жол;

    4. "Үлкен Ел Әуендері" айдарын ашу. Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптар – оларды әртүрлі аймақтарда жасау ерекшеліктеріне қарай жақсы орындаушылық техникасы мен аспаптың дыбыс шығаруы туралы мәлімет беру. (Қазақтың ұлттық және елімізде жүзден астам этнос өкілдерінің ұлттық аспаптарын жаһандық ауқымда насихаттау).

  1. . Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде:

    1. туған өлкенің мәселелері бойынша балалар мен оқушылардың онлайн-байқаулар, конкурстар, эссе жазу және сурет салу, қатысушыларды ынталандыру сыйлықтарымен марапаттау;

    2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды қолдау мақсатында танымал тұлғалардан сұхбат алуды ұйымдастыру;

    3. вирустық роликтер, вайн, флешойындарды құру және әрі қарай жылжыту;

    4. фейсбук, vk.com желілік қауымдастық пен әлеуметтік желілерде құру және әрі қарай жылжыту;

    5. «Ең әйгілі әрі саяхатшылар жиі баратын тарихи ескерткіштердің ТОП-25» рейтингісін шығару;

    6. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы есімдерімен көшелер, қалалар мен елді мекендер аталған белгілі тұлғалардың өмірбаяны туралы азаматтарды ақпараттандыру;

    7. Бірыңғай интернет-порталда және әлеуметтік желілерде барлық жаңалықтар, фото-суреттер, репортаж мен бағдарламалар қайталануын қадағалау;


Базалық жобалардың аясында түйін оқиғалар қатары:

    1. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы отырысын БАҚ-та жариялау;

    2. "Орталық коммуникациялар қызметінің" алаңында бағдарламаның барысы, негізгі ережелері және оны арнайы жобалар арқылы жүзеге асыруды түсіндіру бойынша брифингтер, баспасөз-конференциялар ұйымдастыру;

    3. БАҚ-та "Рухани жаңғыру" жұмыс тобы мүшелерінің сұхбаттары мен түсіндірмелерін жариялау;

    4. Көпшілік санасына ықпал ететін жаңа технологияларды дайындау;

    5. БАҚ-та жариялаудың негізгі бағыттарын мен ережелерін түзету мақсатында журналистер, редакторлар, әлеуметтанушылар, сондай-ақ басқа да сарапшылар ақпараттық штабын құру;

    6. Қазіргі заманғы технологиялардың көпшілікке ықпал етуін және әртүрлі зерттеулер жүргізу штабтың функционалдық міндеттеріне енетін болады.


Мемлекеттік органдар, қоса орындаушы ұйымдар және ҮЕҰ: МАМ, МСМ, ҰЭМ, ҚАРЖЫМИНІ, ИДМ, СІМ.
Алға жылжыту түйін месседждері:

Отанға деген махаббат – өркениетті адамның бірінші қадір-қасиеті


    1. Туған өлке –біздің барлық бастамаларымыздың негізі.

    2. Отанға деген сүйіспеншілік туған өлкеге деген сүйіспеншіліктен басталады.

    3. Мәдениет мен салт-дәстүрлерге құрмет пен ізет – ұлттың табысты болуының кепілі.

    4. Тілін, тарихын және салт-дәстүрлерді білу – шынайы патриотизмнің негізін қалау.

    5. Киелі жерлердің мәдени-географиялық белдеуі – ұлттық бірегейлік қаңқасының элементтерінің бірі.

    6. Туған жер, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлерге ерекше көзқарас – ұлттың мәдени-генетикалық кодының негізі.

    7. Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.

    8. Қолайлы өмір сүру деңгейін қазіргі заманғы әлемнің өзгермелі жағдайларына бейімдеу арқылы қол жеткізу мүмкін.

    9. Ауқымды және ең қызықты жобаларды республикалық БАҚ жариялау. Жергілікті БАҚ өңірлік деңгейдегі жобаларды жариялау ұсынылады.


Қаржы ресурстары:

Кіші бағдарламаның қаржы ресурстарына қажеттілігі жүзеге асатын жобалардың сәйкестендіру және талдау қорытындысы бойынша анықталады.

Эксперттік қолдау:

1) Қоғамдық пікір көшбасшылары, сарапшылар мен блогерлер, ЗТБ "Бас редакторлар клубы" мүшелерінің қатысуымен кездесулер өткізу арқылы бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

2) Қоғамдық сананы өзгерту саласының, психология және әлеуметтік ғылым мамандары, краудсорсингпен айналысатын сарапшылар туралы ақпаратты тираждау;

3) Негізгі идеялар мен күтілетін нәтижеге жету мақсатында жаңа технологияларды әзірлеу, қолдану,алға жылжытуға ықпал ету.


Байланыс стратегиясы:

Жоғарыда аталған, іске асырылатын бағдарламалардан басқа базалық жобаларды және оларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдардың қызметіне ақпараттық қолдау жасау.

Контентті толтыру, жалпы тұжырымдаманы жылжыту, медиа-жоспар жобаларын жасау жауапкершілігі уәкілетті мемлекеттік органдарға және Кіші бағдарламалардың басқару Топтарына жүктеледі.


БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
Бағдарламаның түпкілікті нәтижелерге және мақсатқа жетуін қамтамасыз ету үшін бірқатар инновациялық басқару шешімдерін, оның ішінде жобалық менеджмент әдіснамасы мен Agile құралдарын пайдаланылады.

Көрсетілген тәсілдер арнайы ұйымдастырушылық инфрақұрылымды жобалау, басқарушы құжаттарды әзірлеу және қабылдау, сондай-ақ Кіші бағдарламаның басқару Топтарының қатысушыларына(басқару Тобы) тиісті жобалау рөлдерді бекітуді көздейді (Қосымша 1).



Жобалық тәсілдердің түйінді талаптары:

1) Бағдарлама, Кіші Бағдарламалар, Базалық жобалар мен оларға кіретін жобалардың мақсаттары өлшемді, шынайы және мерзімі нақты анықталуы қажет;

2) Басқару Тобының қатысушыларының жауапкершілігі персоналды және тиісті деңгейде құжаттандырылған болуы қажет;

3) Басқару Тобының қатысушылары (Бас менеджер және Кіші бағдарламаның әкімшісі, Базалық жобаның менеджері, өңірлік жобалық офисының Жетекшісі, менеджері, әкімшісі) ағымдағы қызметінен толығымен босатылуы және өзінің жобалық рөліне 100% жұмыс уақытын арнауға тиіс (Қосымша 2).

Бағдарламаны іске асыру барысында туындайтын көптеген міндеттерді орындау үшін өзге адамдар және ұйымдар қажет. Басқару Тобы Бастамашылық жасау мақсатында қажетті уақыт кезеңінде жобалау командасы құрамына қызметкерді бөлуге немесе жобалық тапсырмалар – нақты міндетті атқаруға сұрау салу, іс-шараларды орындауды қалыптастырады (Қосымша-3).

С целью обеспечения эффективной деятельности проектной инфраструктуры для снижения документооборота и бюрократии, вместо многочисленных планов мероприятий и контроля их исполнения будут разработаны и утверждены: Уставы Подпрограмм, Планы управления Базовыми проектами, планы управления по каждому проекту, методические руководства для проектного персонала, формы и периодичность отчетности.


Жобалау қызметінің инфрақұрылымын тиімді қамтамасыз ету мақсатында бюрократия және құжат айналымын азайту үшін, көптеген іс-шаралар жоспарлары және олардың орындалуын бақылау орнына төмендегідей құжаттар әзірленіп, бекітілді: Кіші бағдарламалар Жарғыларын, Базалық жобалардың басқару жоспарлары, әрбір жоба бойынша жобалық персоналға арналған әдістемелік нұсқаулықтар, есеп беру қалыбы және мерзімділігі.

____________________________



Қосымша 2

Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет