Тақырып
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер
|
1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы айту
|
2.3.1.1 Дереккөздерді пайдалана отырып, тұтынушы және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты білу және түсіну
|
3.3.1.1 Бұрынғы адамдардың көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктерін түсіну
|
4.3.1.1 Зерттеулер негізінде түрлі тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресс деңгейін анықтау
|
1.3.1.2 Көне заманның ең белгілі тарихи ескерткіштері туралы әңгімелеу
|
2.3.1.2 Дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау
|
3.3.1.2 Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын білу және түсіну
|
4.3.1.2 Тарихи мұражайлардың рөлі мен мәнін түсіну
4.3.1.3 Тарихи мұражай құру бойынша өз жобасын ұсыну
|
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
1.3.2.1 Материалдарды зерделеу арқылы сақтардың өмір салтын және сақтар дәуірінің жекелеген ескерткіштерін сипаттау
|
2.3.2.1 Материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын және ғұн дәуірінің жекелеген ескерткіштерін сипаттау
2.3.2.2 Сақтар мен ғұндар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау
|
3.3.2.1 Материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын және түркі дәуірінің жекелеген ескерткіштерін сипаттау
3.3.2.2 Ғұндар мен түркілер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау
|
4.3.2.1 Қазақ елінің шығу тарихы туралы түрлі дереккөз ақпараттарын жалпылау
4.3.2.2 Сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу
|
|