Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Оқушылардың тіл дағдысын дамытуға қолдау көрсету (үштілділік саясатына сәйкес)



бет9/25
Дата30.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#116109
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Оқу бағдарлама Бейнелеу өнер 1-4 кл

Оқушылардың тіл дағдысын дамытуға қолдау көрсету (үштілділік саясатына сәйкес)

Жалпы білім беру мектептерінің пән мұғалімдері оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту үшін үштұғырлы тіл саясатының жүзеге асуын қолдауы керек. Пәнді меңгерту мақсатында мұғалімдер белгіленген пәнге сай оқушылардың «ғылыми тілін» дамытуын қолдайды. Осыған байланысты әр сабақтың тілдік мақсаттары анықталады, мысалы, оқушылар тіл байлығын қалыптастыру мақсатында диалог пен жазылымға қажетті тіркестерден тұратын көркем шығармадағы сызықтар мен формалардың ерекшеліктерін сипаттай алады.

Пән мұғалімдеріне сонымен қатар оқушылардың тілді меңгерудегі ілгерілеуін бағалауына көмектесулері қажет.
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
Түрлі көзқарастар мен мәдениетті құрметтеуін жағдай жасап қалыптастыру, жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларының бір бөлігі болып табылады. Бұл дағдылар оқушылардың сыныптағы, мектептегі әлеуметтік және еңбек орталарында, көп ұлтты қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.

«Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасында ол келесідей қарастырылған:



  • оқушыларда басқалардың пікірін бағалау, қоршаған ортаға құрметпен қарай білуін қалыптастыру. Мысалы, өзінің және сыныптастарының жұмыстарына деген пікірді тыңдау және қабылдай білу. Оқушылар өнер туындыларын түсінудің бірнеше түрлері бар екенін түсіне білуі қажет;

  • бейнелеу өнері сабақтарындағы оқушылардың шығармашылық және жасампаздық маңыздылығын түсіне отырып, оқушылар арасында, жас ерекшеліктері бір сыныптар арасында, жас ерекшеліктері әртүрлі сыныптар арасында, әртүрлі мектептер, кәсіби суретшілер, сәулетшілер, мүсіншілер, шеберлер мен дизайнерлер арасында ұжымдық жұмыс істеуді қалыптастыруға, бірігіп әрекет етуге, бір-бірін дамытып, қолдауға мүмкіндік береді.

Оқу барысында оқушылар әр халықтардың өміріндегі бейнелеу өнерінің, сонымен қатар жалпы өнердің ерекшелігі мен маңызын бағалай білуді үйрену керек. Мысалы, осыны әлемдегі түрлі халықтардың өнер туындыларынан көрсетуге болады. Өнер түрлері әлемнің өнерімен тығыз байланыста зерделенуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет