Бейнелеу өнері әлемді эстетикалық және рухани түрде меңгеруге және тұлғаның өз ойын білдірудің бір тәсілі болып табылады. «Бейнелеу өнері» пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, оқушылардың көркемдік қабілеттерін, кеңістікті және көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады. Көркем және басқа түрлі материалдар, құралдары мен тәсілдерін қолдану оқушылардың сенсорикасын, қолдың моторикасын және көзбен нақты мөлшерлеуін дамытады.
Пәнді оқыту:
оқушылардың көркем-эстетикалық, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырады;
оқушылардың жеке тұлғалық өсуіне, өзіндік көркем-шығармашылық жұмыстары мен жобаларындағы түпкі ойы мен пікірін білдіру арқылы қоршаған ортадағы өзінің рөлі мен өзін-өзі түсінуіне көмектеседі;
ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтардың мәнін, сонымен қатар коммуникациялық тілдердің бірі ретінде бейнелеу өнерінің рөлін түсінуге ықпал етеді;
көркем қабілеттердің дамуына негіз болатын білім мен дағдыны дамытады;
өз тәжірибесін әртүрлі тәсілдермен, шығармашылықпен көрсету мүмкіндігіне қол жеткізеді және жасампаз еңбек етуін ынталандырады;
тұлғаның маңызды қалыптастырушысы ретінде өз ойын жеткізе білу және өзін жетілдіре білу қабілеттерін дамытады;
оқушылардың ой-өрсін кеңейтуге ықпал етеді;
өзіндік бағалауын арттыру арқылы жағымды дүниетанымын қалыптастырады;
жаңа шығармашылық шешімдермен өзара оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігін ашады және пәнаралық дағдылардың кең ауқымын дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |