2 «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасының мақсаты – оқушылардың шығармашыл тұлға ретінде өз ойын білдіруі және қалыптасуы негізінде рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, кеңістік-бейнелі көркем ойлауы мен білім негіздерін қалыптастыру.
«Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасы:
өнер түрлерін кіріктіру арқылы пәндік білімдерін, дағдылары мен түсінігін дамытуға;
ұлттық және әлемдік көркем мәдениеттегі өнерінің шығармаларымен таныстыру арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;
көркем-шығармашылық пен кеңістік ойлау, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін визуалды және тактильді өнер тілдері арқылы қоршаған әлемге өз көзқарасын білдіру қажеттігін қалыптастыруға;
еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының дамуы мен алғашқы технологиялық білімдердің қалыптасуына;
сенсориканың, қолдың моторикасының, байқағыштықтың, елестетудің, қиял мен шығармашылықтың дамуына;
оқушылардың визуалдық және эстетикалық қабылдаудың дамуы, көркем жұмыстарды сын тұрғысынан түсінуі үшін өнер жанрлары, стильдері туралы білімдерін қолдану;
танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы түрлі міндеттерді дербес шешу тәжірибесінің қалыптастыруға ;
өзінің көркем жұмысын орындау үшін, ақпараттың әртүрімен жұмыс жасай алу (табу, іріктеу, жинақтау) біліктілігін дамытуға;
бірлескен шығармашылық жұмысты орындау барысында ұжыммен және топпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған;
Достарыңызбен бөлісу: |