Бағдарламасына әдістемелік нұСҚаулық Астана, 2023 жыл


І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН «ЕҢБЕККЕ БАУЛУ» ПӘНІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет2/33
Дата07.10.2023
өлшемі88,47 Kb.
#184092
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Еңбекке баулу 1-4 кл қаз

І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН «ЕҢБЕККЕ БАУЛУ» ПӘНІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


«Еңбекке баулу» оқу бағдарламасының мақсаты – көркемдік- технологиялық білімнің, кеңістіктік-образдық, шығармашылық ойлаудың негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның қалыптасуының негізі ретінде рухани- адамгершілік мәдениетті дамыту.


«Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:

  1. әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;

  2. ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет, өнер туындыларымен танысу арқылы құндылық бағдарларын қалыптастыру;

  3. бақылау, эксперимент және демонстрация жүргізу арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;

  4. әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы кеңістіктік- образдық ойлау дағдыларын қалыптастыру;

  5. білім алушылардың өзін-өзі бағалауын арттыру және оң көзқарасын қалыптастыру;

  6. жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.

  7. ұлттық және әлемдік мәдениет туындыларымен танысу арқылы зерттеушілік дағдыларын дамыту.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты;

  2. 2-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

  3. 3-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

  4. 4-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламасының мазмұны келесі материалдарды оқып-үйренуді қарастырады:

  • табиғи материалдармен жұмыс;

  • қағаз және қатырма қағазбен жұмыс;

  • техникалық үлгілеу және құрастыру;

  • өзіне-өзі қызмет ету.

Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелері сақталады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша 1-сыныпты бітірген білім алушыдан күтілетін нәтиже:

  • еңбек қауiпсiздiгi ережесi және оқушының жеке бас гигиенасын біледі;

  • өңдеуге қолданылатын қарапайым құрал атауы және қолданылуымен танысады;

  • қағаз және табиғи материалдардың өзiндiк қасиеттерін біледі;

  • бүктеу және желімдеу арқылы құрамақ бөлшектерін біріктіреді;

  • қарапайым материал өңдеуде құралдарды орнымен қолданады;

  • үлгі бойынша жұмыс істеуге дағдыланады;

  • материал мен құралдарды ұқыпты пайдаланады;

  • балалар бiр-бiрiнiң пікірін тыңдайды, құрметпен қарауға үйренеді;

  • жұмыс орнын ретке келтіруді үйренеді.

«Еңбекке баулу» пәні бойынша 2-сыныпты бітірген білім алушыдан күтілетін нәтиже:

  • қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдардың түрлерімен жұмыс жасауды үйренеді;

  • қарапайым құралдардың қолданылу саласын анықтайды;

  • қарапайым бөлшектерден тұратын бұйымдарды жасау технологиясын меңгереді;

  • материалдардың тығыздығын беріктік қасиеттерін зерттейді;

  • бүктеу, қию және жапсырмалау арқылы құрамақ бөлшектерін біріктіре алады;

  • таңдалған материалдарды пайдаланып модельдеуді үйренеді;

  • меңгерген білімдерін тұрмыста қолдана алады;

  • үлгі бойынша жұмыс істей алады;

  • бір-бірінің пікірін құрметтей біледі;

  • жұмыс орнын ретке келтіреді.

«Еңбекке баулу» пәні бойынша 3-сыныпты бітірген білім алушыдан күтілетін нәтиже:

  • қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану арқылы жұмыс жасайды;

  • әртүрлі материалдарды өңдеуге қолданылатын қарапайым құралдарды ажырата біледі және қажеттілігіне қарай қолданады;

  • ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің негізгі элементтерін (ою-өрнектері, түстер, материалдар) біледі;

  • материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды сұрыптайды, қолданады, эксперимент жүргізеді;

  • материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру дағдысы қалыптасады.

  • айқындалған тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қағаз) қарапайым пішіндер жасай біледі;

  • жасаған бұйымды безендіре алады;

  • тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуді үйренеді;

  • өз өнімінің жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясы мен жұмыс барысын түсіндіріп, таныстырады;

  • өзіне-өзі қызмет ету ережелерін ұстанады;

  • бір-бірінің пікірін құрметтей біледі.

«Еңбекке баулу» пәні бойынша 4-сыныпты бітірген білім алушыдан күтілетін нәтиже:

  • қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды пайдаланады;

  • әртүрлі материалдарды өңдеуге қолданылатын қарапайым құралдарды ажырата біледі және қажеттілігіне қарай қолданады;

  • ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің негізгі элементтерін (ою-өрнектері, түстер, материалдар) қолдана алады;

  • материалдар (көркемдік, табиғи және жасанды) мен құралдарды қолданады, эксперимент жүргізеді және материалдарды үнемдеуге дағдыланады;

  • материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру дағдысы қалыптасады;

  • айқындалған тәсілдермен және материалдармен қарапайым, көлемді пішіндер жасай біледі;

  • жасаған бұйымды безендіруге идея ұсынады, жүзеге асырады;

  • тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдей алады;

-ақпараттық-коммуникативтік технологияларды шығармашылық жұмысты орындауда қолдана біледі;

  • шығармашылық жұмыстарды жақсартуға ұсыныстар жасап, критерийлер арқылы бағалай алады;

  • өзіне – өзі қызмет ете алады;

  • бір-бірінің пікірлеріне сыни көзқараспен қарайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет