Бағдарламасына әдістемелік нұСҚаулық Астана, 2023 жыл



бет1/33
Дата07.10.2023
өлшемі88,47 Kb.
#184092
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Еңбекке баулу 1-4 кл қаз


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

1-4-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН «ЕҢБЕККЕ БАУЛУ» ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Астана, 2023 жыл



Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми- әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (20.03.2023 жылғы №1 хаттама).
1-4-сыныптарға арналған «Еңбекке баулу» пәнінің оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023. – 56 б.
Жинақта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарына арналған «Еңбекке баулу» пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулық берілген.
Әдістемелік нұсқаулық орта білім беру ұйымдарының басшыларына, білім басқармалары мен бөлімдерінің, оқу-әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023


КІРІСПЕ


Жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарында


«Еңбекке баулу» пәні Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру мемлекеттік стандартына сүйеніп құрастырылатын оқу бағдарламасы бойынша өткізіледі. Білім алушыларды еңбекке баулуда басшылыққа алатын негізгі міндеттерінің бірі - еңбекке тәрбиелеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, білім алушылардың еңбекке деген образдық, кеңістік көзқарастарын, қиялын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Сонымен қатар, баланың ой-өрісінің дамуына, түсініктерінің кеңеюіне, ғылым мен техника туралы білімінің қалыптасуына әсер ету. Еңбек сабағы бастауыш сынып білім алушыларына жай білім беріп қана қоймай, ең бастысы білім алушыларды ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, шығармашылыққа баулитын тәлім сабағы болып табылады.
«Еңбекке баулу» пәні болашақ ұрпақтың бойында еңбекқорлық, рухани- адамгершілік және шығармашылық сезімдерін дамытуға бағытталған. Оқу бағдарламасы ұлттық қолөнер құндылықтарын жалғастырушы ретінде ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыруға, білім алушылардың еңбекке баулу дағдыларын, шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық қолөнер туындылары туралы ақпаратты іздеу, алу, талдау және пайдалану дағдыларын дамытуға, шығармашылық ізденіс арқылы өз ойларын білдіру және негіздеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш білім беру деңгейі бойынша 1-4-сыныптарда «Еңбекке баулу» пәнін оқыту әдістемелік нұсқаулығын әзірлеуде «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары», «Үлгілік оқу жоспарлары», «Үлгілік оқу бағдарламалары» негізгі құжаттары басшылыққа алынған.
Бастауыш сыныптарда білім алушылар оқу іс-әрекетінің негіздерін қалайды, сондықтан бастауыш сынып білім алушыларының шығармашылық идеяларды білуіне және тануына, қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру сияқты жұмыстарына ерекше көңіл аудару керек, өйткені бұл жұмыстарсыз балаға одан әрі бағдарламаны игеру қиын болады.
Бұл әдістемелік нұсқаулықпен танысу барысында педагогтар әртүрлі іс- әрекеттерді кіріктіру арқылы пәндік білімдерді, дағдыларды және қабілеттерді дамыту, ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын білуге, үйренуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері 1-4 сыныптағы білім алушыларға арналған бағдарламалармен тереңірек танысып, әдістемелік ұсынымдарды тәжірибелерінде қолданып, білім алушылардың еңбекке баулу негізгі бағыттарын анықтай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет