Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті.
Рубежка Пән атауы-Әдебиет сабағын сыныптан тыс оқыту Орындаған-Какимова А.Т Тексерген- Амантай Ә.Ә
Семей қаласы,2020 жыл
Әдебиет сабағынан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б. Мектеп оқушысына сыныпта әдеби білім беру ісі сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүргізіледі. Мерекелік датаға арналған әдеби шаралар, поэзия кештері, әдеби конференциялар, әдебиет үйірмесі, т.б. жұмыстар оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады. Әдеби мұралардың көлемі ұшан-теңіз. Оның, барлығын әдебиеттік оқу сабақтарында түгел қамту мүмкін емес. Бағдарламалық материал негізінде оның көлемін кеңейту, сыныптан тыс жүргізілген әртүрлі жұмыстар арқылы іске асырудың жолдары.
Сыныптан тыс оқу. Оның сыныптағы әдебиет сабақтарымен тығыз байланыстылығы. Сыныптан тыс оқуды жылдық жоспарлаудың тиімділігі. Оны ұйымдастырудың тәсілдері. Оқушылардың әдеби білімінің аясының кеңеюі, әдебиеттің идеялық, эстетикалық мәнмағынасына терең бойлап, түсінуі оқырмандық қызығушылының қалыптасуы сыныптан тыс оқумен толықтырлады. Сыныптан тыс оқуға қатысты еңбектерге шолу.
Әдебиет сабағынан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері сыныптан тыс үйірме,сыныптан тыс аралық жұмыстар,сыныптан тыс олимпиадалар жүргізу арқылы баланың дамуына аса зор ықпалын тигізеді.Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылармен тек мектеп яғни сынып ішінде ғана емес табиғат аясында мектеп ауласында немесе музейлерге апару да баланың қызығушылығын одан сайын арттырады.Сыныптан тыс жұмыстарды тек белгілі бір шығарманы оқыта беруден бала жалығуы әбден мүмкін сондықтан, ұтымды әрі қызықты өткізуіміз тиіс. Бір айдағы сыныптан тыс жұмысқа жоспар құру маңызды оның ішінде сыныптан тыс жұмыстың түрлеріне тоқталу жоғарыда айтылған таза ауамен сабақ барысын түсіндіру барлығын қамтамасыз етуіміз керек.