Бағдарламасына «жыл бойғы мерекелер»


Леопольд шығып қолдану тәсілін оқиды



бет14/62
Дата11.12.2021
өлшемі381,46 Kb.
#79025
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Байланысты:
музыкалық жетекшілері мен тәрбиешілеріне мектепке дейінгі ерте жастағы балалармен (1-3 жас) мерекелер және ойын-сауықтар

Леопольд шығып қолдану тәсілін оқиды.

Бұл жеті түрлі гүл, ол мейірімді-дос балаларға бақыт әкелетін гүл.

(Қорапты ашып гүлді алып шығады)

1-тышқан:

Бұл қалай болғаны, біз қорапты ауыстырып қойып едік қой?



2-тышқан:

«Бах» қайда?



1-тышқан:

Білмеймін, қане қарайықшы!

(Қорапты ашса, қорапта шар жарылады. Тышқандар қорқып құлайды)

Мысық Леопольд: Сендер солай менің балаларға деген сыйлықтарымды құртайын дедіңдер ме? Әне жазаларыңды алдыңдар. Ұялсаңдар етті?

Тышқандар: Кешірші бізді, Леопольд! Өтінем, кешірші!

Мысық Леопольд: Кешіреміз бе? Балалар!

Балалар: Кешіреміз!

Мысық Леопольд: Балалар, бәріміз тек достықта өмір сүрейік!

Ән: «Балабақшада»

Мысық Леопольд: Маған осындай әндер ұнайды. Ал енді маған үйге қайтуым керек. Мені игі істер күтуде. Адамдарға жақсылық жасау менің сүйікті ісім. Сендерге алып келген сыйлығымды тәрбиеші апайларына тастап кетем. Сау болыңдар балалар! Бәріміз тату тәтті өмір сүрейік.

(Мысық Леопольд шығып кетеді)

Тәрбиеші гүлді ұстап тұрып,балаларға әркім өз арманын айтса осы гүлдің күлтелері арқылы орындалады дейді.Гүлдің күлтелерін алып алақандарына алып ұшырады. Және қонақтарға да ұсынады.

Тәрбиеші: Осымен біздің достық мерекесіне арналған ойын –сауығымыз аяқталды. Ал қазір біз, балалар қайтадан шеңберге тұрып бір-бірімізге жылы сөздер айтайық.

Балалар: Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет