Бағдарламасына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»



Дата18.12.2021
өлшемі15,32 Kb.
#102403
түріБағдарламасы
Байланысты:
орта буынға бейімделуі

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні

Мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі 17:37, 19 қыркүйек 2017 1070 Келесі жылдан бастап 10-11 сынып оқушылары үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты пән енгізіледі. Оған дейін осы тақырыпқа арналған арнайы оқулықты басып шығару жоспарланған. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, жаңа пәнді енгізуге дайындық жұмыстары 2 жыл бұрын басталған болатын. Осы уақыттың ішінде бірлескен шаралар жоспары мен арнайы оқу бағдарламасы әзірленді. «Аталған пәнді келесі жылдан бастап барлық мектепте енгізу туралы шешім қабылданды. Оған 2 сағат уақыт бөлінеді. Алайда оқушылар ол пәнді меңгере ме, жоқ па, оны өздері шешеді. 10-11 сынып оқушылары кәсіпкерліктің алғашқы негіздерін игере алады. Сөйтіп нарықтық заманға қажетті қарым-қабілеттерді қалыптастыру жұмысы мектептен бастап қолға алынады», – деді Б.Асылова. Қазіргі жоспарға сәйкес, жаңа оқу жылына дейін барлық мұғалімдер қайта даярлау курстарынан өтеді. Оған дейін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты оқулық та басылып шығады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтің ойынша, жаңа оқулықтың электронды нұсқасы да болуы шарт. Себебі қазіргі жастар ғаламторда жиі отырады. Оған қоса бизнестің басымдықтары заман талабына сай өзгеріп тұрады. Осыған байланысты жаңа пәннің бағдарламасын үнемі жаңартып отыру қажет. «Біздің есебімізге сәйкес, 2 жылдың ішінде 68 сабақты меңгеріп шығу қажет. Бәлкім бір сабаққа танымал бір бизнесмен жауап береді. Ондай адамдар өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерлікті жүргізудің қыр-сырын ашып берсе екен дейміз. Мектепті бітіргенде әрбір оқушы бір-бір бизнес жобаны ұсынады. Кім біледі, соның ішінде үздік стартаптар болатын шығар», – дейді Э.Жұмағазиев. Источник: khabar.kz Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий! Мы работаем для Вас! Тағы да оқыңыздар: 12:56, 24 желтоқсан 2020 Азамат Асқарұлы "QazTrade" АҚ Бас директоры болып тағайындалды 12:44, 24 желтоқсан 2020 Балабақшадағы тәрбиешінің өрескел әрекеті видеоға түсіп қалған 12:31, 24 желтоқсан 2020 Балаларын тәртіптеген ана ұлын сабап, қақаған қыста қызын далаға шығарып жіберген 12:20, 24 желтоқсан 2020 Екі облыстың әкімі сотталды. 2020 жылғы атышулы қылмыстық істер 12:07, 24 желтоқсан 2020 Қосылған құн салығы бойынша жаңа салық жеңілдіктері күшіне енеді



https://mail.kz/kz/news/kz-news/mektep-bagdarlamasyna-kesipkerlik-zhene-biznes-negizderi-peni-engiziledi#hcq=nk0r4ks

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет