Ұйымдастыру кезеңі Кіріспе тапсырма. Топтарға біріктіру. Тапсырма «Тізбек деген не?» сұрағына жауап беру және тізбек құрастыру.
Жұмыстарын таныстыру (сөздер тізбегі, оқушылар тізбегі, моншақ, жаңажылдық шам тізбегі, мүмкін электр тізбегі т.с.с), түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ Тізбектерді салыстыр. Қағаз шығыршықтар тізбегі мен электр тізбегін көрсету.
Оларға не ортақ?
Қандай айырмашылығы бар? Екеуін де тізбек деп атауға бола ма?
Ортақ белгісі: тізбектің элементтері бір-бірінен кейін өзара жалғаса орналасып, тұйық тізбекті құрайды.
Айырмашылығы: электр тізбегіндегі элементтер әртүрлі болады
Негештің тізбегі басқа элементтерден құрала ма? Қандай?
Егер бір сымды ажыратып жіберсе, Негештің тізбегінде не өзгереді? (Шам сөнеді.)
Жана ма, жанбай ма?Мақсаты: электр құрылғысы жұмыс істеу үшін тізбекке нені қосу керектігін тәжірибе негізінде анықтау.
Топтық жұмыс.
Әр топқа тұғырға орнатылған шам тарату.
Қалған электр құрылғыларды жеке үстелдің үстіне қою. Артық құрылғыларды да қоюға болады. Мысалы, амперметр, вольтметр, қосымша шамдар.
-Шам неге жанбайды?
-Үстелден шамды қосуға керекті заттарды ал
-Тағы нені жалғауға болады?
Қажет құрылғыларды таңдау
Суретпен жұмыс.
-Қай суретте және не себепті шам жанбай тұр? (Электр көзі жоқ, сым үзілген.)
Үстелдің үстіне тек қажет құрылғыларды (ток көзі, сымдар мен шам) қалдырып, артықтарын үстелге қайтару.
Электр тогы. -Суретте берілге құбыр мен сымға ортақ не?
-Сымның ішінде не болады?
Құбырлардың бойымен су қалай ақса, электр сымдар арқылы электр көзінен құрылғыларға солай өтеді. Бұл құбылыс электр тогы деп аталады.