Қараша айы. 2007 жыл.
1 қараша күні мектебімізде мектеп ауласын тазалау сенбілігі ұйымдастырылып, сынып кабинеттерінің тазалығы қадағаланды. Сынып кабинеттерін қысқа дайындау мақсатында терезелерді жылыту жұмыстары
атқарылды.
1 қараша күні СӨССҚ бағдарламасына сәйкес 5-6 сыныптар арасында «Темекіні тартқаның-өміріңді құртқаның» тақырыбында сыныптар аралық темекіге арналған күн белгіленіп, «Аю темекіні қалай тастады?» атты театрланған көрініс қойылды. Көріністе темекінің зияны жануарлар тілімен ұтымды жеткізілді. Шараға 5 «а,б,в» және 6 «а,б» сыныптары белсенді қатысты.
2 қарашада №2 Тәртіпбұзушылықтың алдын алу кеңесі өткізілді. Кеңеске мектеп әкімшілігі толығымен, әлеуметтік ұстаз, мектеп психологі, мектеп инспекторы қатысып, тәртібі алаңдатын, тәртісіздік жасаған, сабақты көп қалдыратын оқушылардың мәселесін қарады. Атап айтсақ:
1. Ысқақ Дастан- 8г сынып оқушысы (сабақ үстіндегі тәртібі нашар)
2. Ахтанбиев Еділ-9г сынып оқушысы ( сабақ үстінде тәртібі нашар)
3.Асылханова Мадина -9 г сынып оқушысы (тәртібі алаңдатады)
4.Бегимов Серік -8г сынып оқушысы (сабақ үстіндегі тәртібі нашар)
5.Абжанов Арай – 9г сынып оқушысы (тәртібі алаңдатады)
6.Алдангорова Сәуле -10 б сынып оқушысы ( сабақты көп қалдырады)
7.Имангазин Даурен – 8 а сынып оқушысы (сабаққа көп кешігеді)
8.Нурбаев Диас –8 г сынып оқушысы (тәртібі алаңдатады)
9.Арынгазинов Дінмұхамбет 8 г сынып оқушысы (сабақты көп қалдырады)
Кеңеске ата-аналардан алты кісі, 5 сынып жетекші қатысты. Әрбір оқушымен ата-аналары қатысуында жекелей сұхбат өткізіліп, тәртіпбұзушылықтың себептері анықталды. Нақты шешімдер шығарылып, ата-аналар ескертілді.
2 қараша күні. 9г сынып оқушылары және ата-аналарымен біргелікте, пән мұғалімдерінің қатысуымен жиналыс болып өтті. Негізгі қаралған мәселе: жалпы сыныптың оқу үлгерімінің нашарлауы, тәртіп бұзушылықтың осы сыныптан көбірек шығу себептерін анықтау. Екі сағаттан ұзаққа созылған бұл жиналыста сынып оқушыларының әлі де болса өз міндеттерін толығымен білмейтіндігі, өмірге деген көзқарастарының әлі жетілмегендігі, сыныпта оқушыларға Ахтанбиев Еділ, Бақыткелдинов Мырзабек, Баужанов Мадияр секілді оқушылардың кері әсер ететіндігі анықталды. Сол себепті сынып қатаң қадағалауды талап ететіндігі, осыған ата-аналар тарапынан да бақылануы қажет деп табылды. Келесі тоқсанда бұл жұмыс ата-аналармен біргелікте қолға алынатын болды. Ал жоғарыда аты аталған үш оқушы мәселесі ТБААК-нде қаралады.
2 қараша күні СӨССҚ бағдарламасына орай мектепте «Баскетболдан» мұғалімдер (5 мұғалім) мен МІЕ тұратын және тәртібі алаңдататын оқушылар(5 оқушы) арасында ойын өткізілді. Жанкүйер ретінде
жиырма шақты оқушы болды. Ойын мектеп оқушыларының жеңісімен аяқталды.
3 қараша күні 11 сынып оқушылары ПМУ-не барып, пәндер бойынша тест тапсырып келді. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың пәндер бойынша орташа балы мынадай:
5 қарашада 6 «г» сынып жетекшісі Ахметова Салтанат өзінің 10 оқушысымен Багаев атындағы мұражайға, 6 «а» сынып жетекшісі Каппаева Ш.А. 5 оқушымен Майра Шамсуддинқызы мұражайына барып келді.
5 қарашада 4 сынып оқушыларынан 21 оқушы «Пионербол» ойынынан , 5 сыныптан 11оқушы арасында спорттық эстафета, 8 сынып оқушыларынан 10 оқушы «Баскетбол» ойынынан сыныпаралық сайыс өткізілді. Барлығы 42 оқушы спорттық ойындарға қатысты.
6 қарашада 3 сынып оқушыларынан 27 оқушы «Қозғалмалы ойындар» сайысына , 5 сыныптардан 8 оқушы ғана, 8 сынып оқушыларынан 13 оқушы спорттық ойындарға қатысты. Барлығы 48 оқушы.
7 қарашада Майра Шамсуддинқызы мұражайының қызметкері Айтмағанбетова Үміт Рамазанқызы мектеп оқушыларына «Ұлы күйші Құрманғазының өмірі мен шығарсашылығы және атақты күйлерінің шығу тарихы» тақырыбында лекция-концерт ұйымдастырды. Жалпы саны 30 оқушы, 6 мұғалім қатысқан лекция – концерт өте мазмұнды өтіп, оқушыларджың да , мұғалімдердің де көңілінен шықты.
7 қарашада мектеп спорт залында 3 сынып оқушыларынан 24 оқушы спорттық эстафетаға, 6 сынып оқушыларынан 6 оқушы келсе, 9 сынып оқушыларынан 11 оқушы спорттық ойындарға қатысты. Барлығы 41 оқушы.
8 қарашада Бұхар жырау атындағы мұражайдың әдебиет және өнер бөлімінің бастығы Калиев Қуандық Абилқайырұлы «Компазитор С.Кәрімбаевтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында лекция – концерт өткізді. Қуандық Абилқайырұлы жеке дауыста компазитордың бірнеше әндерін орындап беріп, оқушылар мен мұғалімдер риза болды. Баянауыл өңірінен шыққан тамаша өнер иесі Садық Бақтыбекұлы Кәрімбаев туғаннан екі көзі су қараңғы көрмесе де өз халқына 200-дей әндерін қалдырыпты. Оның әндерін Қазақ радиосының әншілері Ж.Омарова, Р.Бағланова, Рабиға Есімжанова секілді әншілеріміз орындаған. Әндері: «Қаратау маршы», «Сағындырған сәулем-ай», «Жамбыл жастарының вальсі» т.б. көпшілікке бұрыннан танымал. С.Кәрімбаев Алматы қаласына жерленген. Оның есімі Алматыдағы зағиптар уйіне берілген. Ұрпақтары қазіргі уақытта Алматы мен Тараз облысында. Композиторға арналып «Әнші жұрт» атты кітап жазылған.
Лекция концертке 21 оқушы, 5 мұғалім қатысты.
8 қарашада мектепте ұйымдастырылған спорттық шараларда 2 сынып оқушыларынан 27 оқушы, 6 сынып оқушыларынан 15 оқушы, ал 9 сыныптардан 9 оқушы спорттық ойындарға қатысты. Жалпы саны 51 оқушы.
9 қарашада Бұхар жырау мұражайының әдебиет және өнер бөлімінің бастығы Калиев Қ.А. «Арқаның әсем саздары» тақырыбында лекция –концерт өткізді. Қуандық Абилқайырұлы жеке дауыста халық ішінен шыққан әсем дауысты әнші –композиторларымыздың бірнеше әндерін орындап беріп, оқушылар мен мұғалімдердің көңілінен шықты. Лекция –концертке 24 оқушы ,4 мұғалім қатысты.
9 қараша күні мектеп спорт залында ұйымдастырылған спорттық шараларға 4 сыныптардан 16 оқушы, 7 сыныптардан 11 оқушы қатысса, 12 қарашада 1 сыныптардан 36 оқушы қатысты. Жалпы саны екі күнде 65 оқушы қатысты.
Жалпы оқушылардың күзгі демалысында 75 оқушы мұражайлардың лекция-концертіне қатысса, 40 оқушы қала мұражайларына барды. Спорттық ойындармен 210 оқушы қамтылды. Мектеп КВН тобы мүшелері (10 оқушы) демалыс күндері мектепте 17 қараша күні болатын жартылай лигаға дайындалды. 11 сынып оқушылары ( 30 оқушы) ҰБТ-ға дайындалды. 1-11 сыныптарда бойынша 50 шақты оқушы қосымша сабақтарға қатысты. Қалалық «Ең таңдаулы сынып –2008» сайысының қатысушылары 7 б сыныбынан 15 оқушы өздерінің шығармашылық альбомдары үстінде тапсырмалар орындады. Жалпы саны 430-дан астам оқушы күзгі демалыс күндері өз белсенділіктерін таныта білді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шулбаева Қ.Б.
Мектеп оқушылары мұражайда
8 қарашада Бұхар жырау атындағы мұражайдың әдебиет және өнер бөлімінің бастығы Калиев Қуандық Абилқайырұлы «Компазитор С.Кәрімбаевтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында лекция – концерт өткізді. Қуандық Абилқайырұлы жеке дауыста компазитордың бірнеше әндерін орындап беріп, оқушылар мен мұғалімдер риза болды. Баянауыл өңірінен шыққан тамаша өнер иесі Садық Бақтыбекұлы Кәрімбаев туғаннан екі көзі су қараңғы көрмесе де өз халқына 200-дей әндерін қалдырыпты. Оның әндерін Қазақ радиосының әншілері Ж.Омарова, Р.Бағланова, Рабиға Есімжанова секілді әншілеріміз орындаған. Әндері: «Қаратау маршы», «Сағындырған сәулем-ай», «Жамбыл жастарының вальсі» т.б. көпшілікке бұрыннан танымал. С.Кәрімбаев Алматы қаласына жерленген. Оның есімі Алматыдағы зағиптар үйіне берілген. Ұрпақтары қазіргі уақытта Алматы мен Тараз облысында. Композиторға арналып «Әнші жұрт» атты кітап жазылған. Лекция концертке 21 оқушы, 5 мұғалім қатысты.
9 қарашада Бұхар жырау мұражайының әдебиет және өнер бөлімінің бастығы Калиев Қ.А. «Арқаның әсем саздары» тақырыбында лекция –концерт өткізді. Қуандық Абилқайырұлы жеке дауыста халық ішінен шыққан әсем дауысты әнші –композиторларымыздың бірнеше әндерін орындап беріп, оқушылар мен мұғалімдердің көңілінен шықты. Лекция –концертке 24 оқушы ,4 мұғалім қатысты.
19 қарашада 6 «а» сынып оқушыларынан 7 оқушы №17 кітапханаға барып, онда ұйымдастырылған З.Шашкиннің 90 жылдығына орай өткізілген әдеби кешке қатысып, өз үлестерін қосып келді. Бұл ПМУ-дың; №2 орта мектептің, Б.Ахметов атындағы педколледждің оқушыларының, қала кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен біргелікте «Ұстаздар» газетасының қарашадағы нөмерінде ДТЖО Шулбаева Қаламқас Байдуллақызының «Кемел білім –заман талабы» тақырыбында ПМПИ-нан келген жас мамандардың мектепте тәжірибеден өту барысында біргелікте атқарылған оқу – тәрбие үрдістері туралы біршама ой қозғаған.
Зайнулина Тоғжан
Тәртіп бұзушылықты алға алу
28 қарашада 10 а, б сынып оқушылары Шаңырақ орталығында өткізілген «Нар тәуекел» сайысына барып, көрермен ретінде рухани демалып қайтты.Қызықты да мазмұнды ұйымдастырылған сайыс оқушылардың көңілінен шықты.
30 қарашада ҚББ тарапынан берілген кесте негізінде 1-2 сынып оқушыларынан 60 оқушы Потанин атындағы өлкетану мұражайына барып, өз өлкесімен танысу шарапатына ие болды. Енді ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін бұл бір ерекше есте қалатын саяхат болды деп айта аламыз.
інде өткізілген көрмеге апарып, көркемөнер мектебінің жетістіктерімен таныстырып келді.
2 қарашада №2 Тәртіпбұзушылықтың алдын алу кеңесі өткізілді. Кеңеске мектеп әкімшілігі толығымен, әлеуметтік ұстаз, мектеп психологі, мектеп инспекторы қатысып, тәртібі алаңдатын, тәртісіздік жасаған, сабақты көп қалдыратын оқушылардың мәселесін қарады. Атап айтсақ:
1. Ысқақ Дастан- 8г сынып оқушысы (сабақ үстіндегі тәртібі нашар)
2. Ахтанбиев Еділ-9г сынып оқушысы ( сабақ үстінде тәртібі нашар)
3.Асылханова Мадина -9 г сынып оқушысы (тәртібі алаңдатады)
4.Бегимов Серік -8г сынып оқушысы (сабақ үстіндегі тәртібі нашар)
5.Абжанов Арай – 9г сынып оқушысы (тәртібі алаңдатады)
6.Алдангорова Сәуле -10 б сынып оқушысы ( сабақты көп қалдырады)
7.Имангазин Даурен – 8 а сынып оқушысы (сабаққа көп кешігеді)
8.Нурбаев Диас –8 г сынып оқушысы (тәртібі алаңдатады)
9.Арынгазинов Дінмұхамбет 8 г сынып оқушысы (сабақты көп қалдырады)
Кеңеске ата-аналардан алты кісі, 5 сынып жетекші қатысты. Әрбір оқушымен ата-аналары қатысуында жекелей сұхбат өткізіліп, тәртіпбұзушылықтың себептері анықталды. Нақты шешімдер шығарылып, ата-аналар ескертілді.
2 қараша күні 9г сынып оқушылары және ата-аналарымен біргелікте, пән мұғалімдерінің қатысуымен жиналыс болып өтті. Негізгі қаралған мәселе: жалпы сыныптың оқу үлгерімінің нашарлауы, тәртіп бұзушылықтың осы сыныптан көбірек шығу себептерін анықтау. Екі сағаттан ұзаққа созылған бұл жиналыста сынып оқушыларының әлі де болса өз міндеттерін толығымен білмейтіндігі, өмірге деген көзқарастарының әлі жетілмегендігі, сыныпта оқушыларға Ахтанбиев Еділ, Бақыткелдинов Мырзабек, Баужанов Мадияр секілді оқушылардың кері әсер ететіндігі анықталды. Сол себепті сынып қатаң қадағалауды талап ететіндігі, осыған ата-аналар тарапынан да бақылануы қажет деп табылды. Келесі тоқсанда бұл жұмыс ата-аналармен біргелікте қолға алынатын болды. Ал жоғарыда аты аталған үш оқушы мәселесі ТБААК-нде қаралады.
Қызылбаев Арман
«Талаптыға нұр жауар»
21 қарашада 2»а» сыныбында рухани –адамгершілік айлығына байланысты «Талаптыға нұр жауар» тақырыбында ашық сынып сағаты сынып жетекшісі Күзембай Еркін Төкенқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Сынып сағатының мақсаты оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, қойған мақсатқа жете білуге талаптану және сыныптағы өнерлі балалардың шығармашылық қабілеттерін таныту болып табылды. Сынып оқушылары арасында талапты оқушылардың көп екенінін байқадық. Атап айтсақ, олар:
1.Сәрсенбаева Дана – гимнастика қимылдарын көрсетті (ДЮСШ №2)
2.Молдажанов Диас – ДЗЮДО жаттығуларынан көрсетті (ДЮСШ №2)
3.Сайдахметова Диана - ән айтып, би биледі (Оқушылар сарайы)
4.Жакенова Айжарқын – би биледі( мектеп би үйірмесіне)
5.Кулембаев Ердана мен Азиева Әсел тамаша жүргізуші екенін танытты.
Ал Ибраева Нарқыз, Тұрсынбаев Темірболат, Қасенова Дария, Ашимов Қасым, Молдажанов Диас, Тұрсынбай Айжан, Тұрлыбек Мадина, Аманжолова Ажар сынды оқушылар өздерінің шығармашылық және қолөнер еңбектерін көрсете білді.Сабаққа ДТЖО Шулбаева Қ.Б., бастауыш сынып мұғалімдерінен Тұрсынова А.Т., Бектемирова А.Д., Масалимова Г.Т., Сулеймен Қ.Ш., Адамбаева С.С. қатысып , ашық сынып сағатына мазмұнды өтті деп бағалады.
Абдыханова Асем
Тәртіп бұзушылықтың алдын алу
23 қарашада №3 Тәртіпбұзушылықтың алдын алу кеңесі өткізілді. Кеңеске мектеп әкімшілігі толығымен, әлеуметтік ұстаз, мектеп психологі, мектеп инспекторы қатысып, тәртібі алаңдатын, тәртісіздік жасаған, сабақты көп қалдыратын оқушылардың мәселесін қарады. Атап айтсақ:
1.Бақыткельдинов Мырзабек – 9 «г» сынып оқушысы. Тәртібі алаңдатады, яғни сабақ үстінде тыныш отырмайды, сабаққа деген құнты жоқ , кітап- оқулықтары алып келмейді, сабаққа көп кешігеді, мұғалімдерге сабақ өтуге кедергі жасайды.Кеңеске Мырзабектің әкесі қатысып, баласының тәртібінің нашар екендігін, оны қатаң қадағалауға лау қажеттігін есітті. Баласының тәртібі жөнделмеген жағдайда ауылдағы туыстарына жіберетінін айтты. Кеңес мүшелері егер Мырзабектің тәртібі жөнделмесе әкесінің жұмыс жайына хат жазып, 111 бап арқылы жаза қолданатынын айтты.
2. Баужанов Мадияр – 9 «г» сынып оқушысы . Оның да Тәртібі алаңдатады, яғни сабақ үстінде тыныш отырмайды, сабаққа деген құнты жоқ , кітап- оқулықтары алып келмейді, сабаққа көп кешігеді, мұғалімдерге сабақ өтуге кедергі жасайды, қаласа сабақ үстінде орнынан тұрып кететін де әдеті бар. Бұл жайт туралы әпкесі Индира есітті. Кеңес мүшелері Бауыржанға бір жұма уақыт беріп, тәртібін қадағалау күнделігі арқылы бақылауға алынатынын айтты,кері жағдайда заң бойынша шара қолданатынын айтты.
3.Сәтпек Нұрмағамбет – 7 «в» сынып оқушысы . Соңғы кезде тәртібі бұзылып жүргендігі байқалды. Қыздарға жаман сөз-
дер айтады, өзінің әрекеттеріне жауап бере алмайды. Сыныптастарынан ақша сұрайтынды шығарған. Кеңеске анасы да қатысты. Нұрмағамбеттің іс-әрекеті жөнінде есітіп, енді баласын қатаң қадағалауға алатынын айтты. №2 орта мектеп жанында тұратын бұл оқушының мектепке келіп-кетуінде көптеген көшелерді басып өтетіндігі ескерілді.
Кеңес мүшелері Сәтпек Нұрмағамбетті енді тәртіпсіздікке жол қойған жағдайда мектепішілік есепке қоятынын айтты
Зайнулина Тоғжан
«Дұрыс тамақтан-жан азығы»
26 қараша күні мектепте «АРА» атты оқушылардың оқу –тәрбие үрдісін бақылап, сынға салатын бұрыш ДТЖО Шулбаева Қаламқас Байдуллақызының басшылығымен ұйымдастырылды. Бұрыштың негізгі мақсаты :сабақты көп қалдыратын, кешігетін, тәртіпсіздік жасайтын, сабақтан «2» алатын оқушыларды сынға салып, оқу-тәрбие үрдісін бақылау болып табылады.
Көрнекті – насихаттау құралдарынан Мемлекттік бағдарлама бойынша «АРА» мектеп оқушыларының оқу-тәрбие үрдісін қадағалау бұрышы және Президент жолдауларына сәйкес 9-11 сынып оқушыларына арналған Кәсіптік бағдар беру стенді ПМУ –мен біргелікте жасалып, мектеп қабырғасында орын алды.
21 қарашада «Дұрыс тамақтану –жан азығы» тақарыбында 5-8 сыныптар арасында СӨССҚ бағдарламасына орай сайыс өткізілді. Сайыста оқушылар дұрыс тамақтиану жолдарымен(таңғы,түскі, кешкі), салат түрлерінің адам өмірі үшін маңызы, тақырып айналасындағы өлең шумақтары мен көріністер арқылы оқушылар өз ойларын жеткізуге тырысты. Белсенді қатысқансыныптар марапатталды қатысты.
Қызылбаев Арман
Мектеп оқушылары театрда
26 қарашада «Судан құтқару қызметінің» медик-қызметкері Данилюкова Наталья Александровна «Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында лекцияны мектепішілік жалпы жиналыста оқушыларға оқыды.
27 қарашада «Әйелдерді әлеуметтік қорғау орталығы» психолыгі Болатова Айнагул Николаевна мен юрист Дмитриева Инна Васильевна мектеп оқушыларына (10-11 сыныптар) «Жасөспірімдердің мектепке дайындық кезеңі» және «Неке туралы заң» ,яғни қазіргі жастардың некеге деген көзқарасы жайлы лекция сабағын өткізіп, оқушылармен пікір-талас
18 қарашада мектеп ұжымынан Астана қаласы жасөспірімдер театрының «Қозы-Баян» мюзикліне 40 оқушы мен 10 мұғалімнің, ал 19 қарашада болған «Жан азабы» драмасына 30 оқушы, 20 мұғалімнің баруы ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларынан 20 оқушы қуыршақ театрының көрінісін , «Махаббат мюзикліне» 10 жас мұғалімдер барып тамашалады. Жалпы саны мектебімізден 130 оқушы мен ұстаздар рухани азық алып, Рухани –адамгершілік айлығына өз үлестерін қосты. Мектеп валеологі, СӨССҚ кординаторы Нұрахметова Клара Шарапатқызы ЖИТС (СПИД) ауруының таралу жолдары мен қазіргі күнде біздің Қазақстанымызда қандай дәрежеде дамып тұрғандығы жөнінде айта отырып, одан сақтану жолдарын нақты дәлелдермен баяндап берді
5-11 сыныптарда ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай сынып сағаттары өткізілді.
өткізілген кеш өте мазмұнды өтті. «1-желтоқсан ЖИТС (СПИД)-ке қарсы бүкіл дүниежүзілік күрес күніне» байланысты мектепте 6-11 сыныптар аралағында митинг өткізілді. Барлық сынып оқушылары белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Әрбір сынып оқушылары қолында ЖИТС-ке қарсы жазылған ұрандар мен жарнамалар, газеттер болды.
22 қарашада 4 «б» сыныбында «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында ашық сынып сағаты сынып жетекшісі Шаханова Дидар Жасұланқызының ұйымдастыруымен сайыс сабағы түрінде өткізілді. Қазақтың қонақжайлығы, қонақтың түрлері туралы айта келіп, «Жігіт сұлтаны» сайысына үш ұл қатысып, бірнеше шарттар бойынша өз қабілеттерін сынады.
Сабаққа ДТЖО Шулбаева Қ.Б.мен бастауыш сынып мұғалімі Камашева Г.А. қатысып, сабақты жақсы өтті деп бағалады.
Мауянова Данагүл
Достарыңызбен бөлісу: |