Бағдарламасындағы ait/abt 4339 «Әскери информациялық технология»



бет3/40
Дата24.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#193304
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Ә инфо Тех ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

3. Лекция мазмұны:
Оқыту үрдісіне білім, білік, машықты қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру жаңа инновациялық технологияларды меңгере отырып, оны сабақтарға енгізу мұғалімдер алдындағы өзекті мәселе екені анық. Егеменді еліміздің білім беру саласындағы стратегиялық мақсатын басшылыққа ала отырып, жан дүниесі таза, рухани байлығы мол, ой- өрісі жоғары деңгейде, шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық дарын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Білім және Ғылым қызметкерлерінің съезінде: «Баршаға білім беру моделінен таңдауы бойынша білім беру моделіне көшу» деген сөзі, қазіргі заманның мұғалімдеріне нақты міндет қойып отыр. Сондықтан жеке дарын тұлға бойында таным белсенділігін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру қажет, яғни жаңа педагогикалық технологияны меңгеру керек.
Арнайы әдебиеттерде В.Г. Гульчевский, В.П. Беспалько, В.Т. Фоменко, т.б. педагогикалық технологиялардың бірнеше классификациялары берілген.
Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке бастың даму теориясына негізделген.
Г.К. Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:
1) Қолдану деңгейіне қарай: жалпыпедагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік, модульдік.
2) Философиялық негізіне қарай: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.
3) Психикалық дамудың жетекші факторына қарай: биогендік, социогендік, психогендік.
4) Ғылыми тұжырымдамасына қарай: ассоциативті- рефлекторлық, биховиристік, гештальтехнология, дамытушылық.
5) Тұлғалық құрылымдарға бағытталғанына қарай: ақпараттық, әрекеттік, сезімдік, евристикалық, қолданбалы, өзін- өзі дамытушы.
6) Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай: білімдік және тәрбиелік, жалпы және кәсіби бағытты, технокарттық және гумандық.
Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік өрістеріне қарай төмендегіше топтауға болады:

  1. Тілдік өріс. Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге арналған Н.А. Зайцевтің: каллиграфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е.Н. Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады.

  2. Математикалық өріс. Бұл топқа П.М. Эрдниев және Б.П.Эрдниев т.б. жасаған технологияларды жатқызамыз.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технология негізіне мыналар жатады:

  • Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

  • Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

  • Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Енді осы жаңа педагогикалық технологияларға қысқаша сипаттама берейін.
Ынтымақтастық педагогикасы. Оның негізгі мақсаты- талдап ету педагогикасынан қарым- қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі. Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мына төмендегідей:

  • Мұғалім- оқушы, оқушы- мұғалім, оқушы- оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;

  • Оқушының жеке басына ізгілік қарым- қатынас;

  • Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсунішілік, ынтымақтастық қарым- қатынас.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты- баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. [1, 25]
Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты- оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Оның ерекшеліктері:

  • Оқушының белсенділігін арттыру;

  • Оқу материалдарында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

  • Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

  • Білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

  • Барлық баланы оқыту;

  • Оқытуды жеделдету.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

  • Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

  • Жеке бағдарлы қарым- қатынас, ықпал;

  • Ізгілік, еркімен оқыту;

  • Әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Жаңашыл ресейлік мұғалім С.Н. Лысенкова оза отырып оқыту технологиясының авторы болып саналады. Бұл технологияның негізгі мақсаты- барлық баланы табысты оқыту. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

  • Оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;

  • Саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;

  • Бағдарламанаың, кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану, сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады;

  • Бірте- бірте дербестіке жету;

  • Сыныпта қалыпты жағыдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым- қатынас;

  • Оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;

  • Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі;

  • Білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;

  • Түсіндіруді қабылдау.

Міндетті нәтижелерге негізделген Ж. Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Ол оқушының туа біткен ақыл- ой қабілетінің жеке даму жан- жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағыдай жасайды. Әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне, сөйлеу шеберлігінің артуына бастауыш сынып оқушысының таным белсенділігінің артуына үлкен ықпал етеді.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерге:

  • Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

  • Оқушыларға берген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;

  • Білімінң базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте- бірте өрістей дамуына мүмкіндік жасауы тиіс;

  • Оқушыға оқу деңгейін таңдауын ерік беруі;

  • Оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.

Компьютерлік (жаңа ақпараттық) оқыту технологиясы.
Компьютерлерді кеңінен пайдалана бастағанда «жаңа ақпараттаушы технология» термині пайда болды. Бірақ та педагогикалық технологиялардың бәрі ақпараттаушы технологиялар, өйткені технологиялық үрдіс негізінде ақпарат және оның қозғалысы жатыр. Компьютерлік технология дегеніміз оқушыға компьютерлік техниканың мол мүмкіншілігін пайдалана отырып білім беру.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі- бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқудағы пән аралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағыдай жасауы.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі- бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуеті әсіресе ән- күйде, ойын үстінде, техника саласында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.
Сондықтан да менің ойымша, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін компьютердің және соған сәйкес компьютерлік ойындарды (үйрету, жаттықтыру, дамытушы) пайдалану арқылы толықтай қалыптастыра аламыз.
Оған психологтардың, педагогтардың зерттеулері, бұл жастағы оқушылардың компьютерге, компьютерлік ойындарға деген ынталары, қызығушылықтары, сондай- ақ компьютерлік технологияның орасан зор мүмкіндіктері және бастауышта дамытушы компьютерлік ойындардың дидактикалық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған ғылыми- зерттеу дәлел бола алады.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат- оқушының жеке тұлға ретінде дамуында бұл техника мұғалім мен мектептің біртұтас жүйе ретінде белгілі бағытта дамуына мүмкіндік беруі, оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модульдік оқытудың өзегі- оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс- әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Дамыта оқыту технологиясының авторлары: Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов.
Мақсаты:

  • Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар- намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту, баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Дамыта оқыту технологиясы жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас дамытуға бағытталған. Ол дәстүрлі оқытуға балама жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін- өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағыдайлар жасалады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртим С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты- барлық жастағы оқушыларға кез- келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос- Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлану- сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларынағана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастарады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат- міндеттеріне тоқталып өтейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет