Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері. Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:
информацияны қорғаудың жалпы шаралары – дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;
профилактикалық шараларды пайдалану, яғни, вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;
вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану.
Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастауы керек. Программаларды бірнеше түрге бөлуге болады: детекторллар, докторлар (фаг программалар), ревизорлар, доктор-ревизорлар, сүзгі-программалар және вакциналар.
Вирустардың әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:
файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға нагізделген программалар;
программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар.
вирус жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.
Детектор программалар тек бұрынна белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады,жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып қалады.
Доктор-программалар немесе «фагтар» вирус жұққан программалар мен дискілерді вирус әсерінен алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Ревизор программаларда алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
Доктор-ревизорлар – доктор – программа мен ревизор арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай. Оларды автоматты түрде емдеп бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.