Ақкөл ауданының білім бөлімі
«П.Исаков атындағы № 1 Ақкөл орта мектебі» ММ
Баяндама
« Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі мен тиімділігі»
Дайындаған: Тілеухан А.
Аскер Р.
Баяндама
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі мен тиімділігі
«Қазақ тілі» пəнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді
қадірлейтін, оның қоғамдық мəнін түсінетін жəне тіл нормаларын сақтап,
дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.
Жаңа білім беру бағдарламасы толық сілтемелер, мысалдар арқылы нақты көрсетілген.Қазіргі таңдағы бұл жаңаша оқу үдерісі мұғалім үшін де, оқушы үшін де берер пайдасы көп. Мұғалімнің нұсқауымен өз еркімен білім алатын жеке тұлға ғана білімді ұрпақ бола алады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Осы негізгі төрт дағдыны қалыптастыру қажет. Бұл әр дағдының ерекше түсінігі бар. Бағдарлама «Біз пəн бойынша не білеміз жəне білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Пəн бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген.Оқытудың мақсаттары əр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды.Мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші жəне үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді.
Мысалы, 1.2.1.1. кодында «1» - сынып, «2.1» - бөлімше, «1» - оқу
мақсатының реттік саны.
Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады.Белсенді оқыту оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мысалы: Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуында меңгерту шеберлігі тек белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, оқушы тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |