Бағдарламасының ерекшелігі мен тиімділігі «Қазақ тілі»



Дата17.06.2018
өлшемі29,15 Kb.
#42662
түріБағдарламасы
Ақкөл ауданының білім бөлімі

«П.Исаков атындағы № 1 Ақкөл орта мектебі» ММ

Баяндама

« Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі мен тиімділігі»

Дайындаған: Тілеухан А.

Аскер Р.

Баяндама

Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі мен тиімділігі

«Қазақ тілі» пəнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді

қадірлейтін, оның қоғамдық мəнін түсінетін жəне тіл нормаларын сақтап,

дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.

Жаңа білім беру  бағдарламасы  толық сілтемелер, мысалдар арқылы нақты көрсетілген.Қазіргі таңдағы бұл жаңаша оқу үдерісі мұғалім үшін де, оқушы үшін де берер пайдасы көп. Мұғалімнің нұсқауымен өз еркімен білім алатын  жеке тұлға ғана білімді ұрпақ  бола алады.

Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушы­лардың үлгерімі алдын ала белгіленген кри­терийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы баға­лау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқ­сан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалып­тастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ та­қырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спираль­ді қағидатпен берілуі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Осы негізгі төрт дағдыны қалыптастыру қажет. Бұл әр дағдының ерекше түсінігі бар. Бағдарлама «Біз пəн бойынша не білеміз жəне білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Пəн бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген.Оқытудың мақсаттары əр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды.Мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші жəне үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді.

Мысалы, 1.2.1.1. кодында «1» - сынып, «2.1» - бөлімше, «1» - оқу

мақсатының реттік саны.

Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім  меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады.Белсенді оқыту  оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мысалы: Хэттидің мидың қызметін талдай отырып  жүргізген шолуында меңгерту шеберлігі  тек белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын,  оқушы тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсеткен.



Үштілділік саясатын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік, лингвистикалық құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.Бұл мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды жүзеге

асырады.1-сыныптан қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.Үштілді оқу оқушының сөйлеу əрекетінің (тыңдалым, айтылым,оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін жəне сауатты сөйлеу, жазу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.



«Қазақ тілі» пəн бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

«Қазақ тілі» пəні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз

байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді жəне оқушының ойлау

қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның

білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық

жəне рухани мəдениетін, қазақ халқының салт-дəстүрін, қазақша сөйлеу

əдебін, қазақ əдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді жəне алған білімдерін

өмірдің қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді.

«Қазақ тілі» пəні оқушыларды қазақша өз ойын, сезімін білдіруге,

танып-білген нəрселерін қазақша санасына түюге, пікір алысуға, оқыған,

көрген не білген нəрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен

бөлісуге, армандары мен мақсаттары туралы ойын еркін жеткізіп айта білуге,

репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды

орындата отырып үйретеді. Аудиовизуалды оқу материалдарын тыңдап,

түсініп, көріп, түсініп, берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды жəне

оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-

əдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мəтіндерді өзінің оқу мақсатына сай

іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой қорытындысын

жасауға үйренеді, қысқа мəтіндерді жазуға дағдыланады.

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пəні бойынша оқушылардың білім,

білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы

еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге алып

айқындалған жəне əр деңгейдің соңында күтілетін нəтижелер берілген.

«Қазақ тілі» пəнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді

қадірлейтін, оның қоғамдық мəнін түсінетін жəне тіл нормаларын сақтап,

дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазақ тілі» пəнін оқу арқылы оқушылар:

- мемлекеттік тілге құрмет сезімін жəне Қазақстан халқына деген

сыйластық сезімін қалыптастырады;

- қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту əдістерін меңгереді;

- қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;

- сөздерді тіркестіру жəне жай сөйлемдер құру, айту біліктері негізінде

қазақша ойлау дағдылары қалыптасады;

- жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;

- тұрмыстық, оқу, əлеуметттік-тұрмыстық, əлеуметтік-мəдени салаларда

туындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынас жасауға

дағдыланады;

- меңгерген қазақша тілдік білім мен коммуникативтік іс-əрекеттеріне

сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;

- қазақ тілінің қоғамдық-əлеуметтік қызметін түсінеді;

- тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.

«Қазақ тілі» пəнін оқытуда қолданылатын педагогикалық əдіс-

тəсілдер

ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) оқу үдерісінде

«білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға

қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі

жоғары, өзінің жəне өзгенің іс-əрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны

қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту стратегияларын

қолдану арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Атап айтқанда, олар:

диалогтік негіздегі мұғалім мен оқушының өзара біріккен оқу-танымдық іс-

əрекеті үдерісін ұйымдастыру;

- мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық

қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;

- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының

ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс əдістерін қолдану;

- оқу проблемаларын шешудің əдіс-тəсілдерін оқушыларға дамыта

оқыту ұстанымына сай жолмен құру жəне көрсету;

- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері

мен қалыптасқан түсініктерін əрі қарай дамыту үшін оны қолданудың

маңыздылығын мойындау, соның негізінде білім беру мен білім алу үдерісін

ынтымақтасқан білім алмасу үдерісіне айналдыру;

- өмірдің түрлі салаларына байланысты тілдік жəне сөйлеу

жағдаяттары мұқият іріктелген тапсырмалар мен оқу іс-əрекет түрлерінің

көмегімен оқушыны қазақ тілін өз бетімен үйренуге ынталандыру;

- оқу ойындарын қолдану;


- ойын жəне зерттеу əдісі;

- қазақ ұлттық салт-дəстүрлерінен, қазақ фольклорынан

театрландырылған үзінділер бойынша рөлдік ойындарды қолдану;

- қоғамдық ресурстарды (кездесулер, саяхатқа шығу) үйлесімді

пайдалану;

- оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау

көрсету;

- жоба əдісі негізінде оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне

жəне зерттеу əдіс-тəсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;

- сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

- жеке жəне жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды өзара

үйлесімділікпен қолдану.

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (интерактивтік тақта,

компьютер, телефон, теледидар т.б.) орнымен қолдану арқылы оқушылардың

қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруды қамту .

- «Қазақ тілі» пəнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:

- қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу жəне жазу бойынша

функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

- оқушының қатесі үшін жазалап оқытуға болмайды, қателерін түзету

үшін оқыту керек;

- оқушы мен мұғалім арасында сыйластық əрі ынтымақтастық қарым-

қатынас қалыптастыру;

- оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-

əрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;

- жоба əдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта

өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: əр балаға топтың

белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);

- өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;

- тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра

отырып қолдану жəне өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;

- түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын

оқу дағдыларын қалыптастыру;

- өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін

тапсырмаларды орындау;

- «Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері

байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;

- оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;

- оқушының өз білімін жетілдіру жəне бағалауға ынталандыратын

мүмкіндіктер жасау;

- оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.



Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

құзыреттілігі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (əрі қарай – АКТ)

қолдану құзыреттілігі оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруда, өз

бетімен іздену жəне зерттеу жұмыстарында сандық технологияларды жұмыс

барысында орынды қолдана білуге үйретеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны

қолданудың негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.

Бастауыш мектепте АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу жəне

дайындау, ақпаратпен алмасу, өз жұмысын бағалау жəне жетілдіру, алуан

түрлі жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы

дамытады.

«Қазақ тілі» оқу бағдарламасында ол төмендегідей жұмыстар негізінде

іске асырылады:

- қазақ тілі сабақтарында жəне сабақтан тыс кезде интернет

ресурстарымен жұмыс (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті

материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру жəне сақтау);

- онлайн сабақтарында инновациялық əдістер мен ақпараттық

технологияларды жүйелі түрде қолдану;

- мəтін жəне слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан

күрделірек бағдарламаға көшу (Word, PowerPoint, электрондық тренажерлер,

электрондық оқу құралдары, электрондық тестілеу т.б.);

- ақпаратты өңдеп, баспа жəне электронды түрде сақтау үшін

жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;

- электронды оқулықтарды пайдалану;

- «подкаст» жасау;

- тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;

- ақпаратты саралау, зерттеу.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарлама­ның мәні, баланың функционалды сауатты­лы­ғын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қа­жетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.


 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет