(уй шаруашылығының) қаржысы
Ќаржы жүйесінің ерекше бµлігі болып табылады. Халық (азаматтар) µзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің µндірістік және өндірістік емес сфералармен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ±йымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (кµлік, байланыс, тұрмыстық сектор жене т.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.
Сақтандыру - шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы т±йық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Үй шаруашылықтарының кірісіне тұжырымдама беріңіз
Өзінің табыстарын пайдалана отырып, отбасы тауарлар мен қызметтер рыногын қалыптастырып, дамытуды қамтамасыз етеді. Өзінің қорланымдары мен жинақ ақшаларын өткізе отырып, ол бағалы қағаздарға деген сұранымды көбейтеді, сөйтіп қор рыногын кеңейтеді. Мұнан басқа аса маңызды өндірістік ресурстар - еңбек пен кәсіпкерлік қызмет ұсынымының субъекті ретінде үй шаруашылығының маңызы зор. Ақырында, балаларды тәрбиелеумен айналыса отырып, отбасының мүшелері мемлекет қаржыландыратын әлеуметтік- мәдени сфераның басты тұтынушылары болып табылады.
Үй шаруашылықтарының мүшелері өздерінің қаражаттарын жұмсай отырып, сан алуан қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бұл екі жолмен мүмкін болады:
1) ақшалай табыстарды тауарлар мен қызметтерді сатып алуға пайдаланумен;
2) шаруашылықтың жекелеген мүшелерінің өздерінің еңбек қызметі есебінен болып жататын натуралдық өзін-өзі қамтамасыз етумен.
Үй шаруашылығының шығындарын тізбектеңіз және мағанасына мән беріңіз
Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары мыналарды кіріктіреді:
• тұтыну шығыстары;
• салықтар, алымдар, сақтық және өзге төлемдер;
• борыштарды, алименттерді төлеу, айыппұлдар, кредитті өтеу, туысқандарға көмек;
• жылжымайтын мүлікті бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу;
• отбасының өндірістік қызметімен байланысты шығыстары (бизнесті жүргізу үшін шикізат, материалдар отын, электр қуаты тұқым, мал, жем-шөп және т.б. сатып алу) және тұтынумен байланысты емес басқадай шығыстар.
Үй шаруашылығының ақшалай шығыстарын әр түрлі белгілер бойынша сыныптауға болады:
• 1) тұрақтылық дәрежесі бойынша:
o тұрақты-шығыстар (тамаққа; киім-кешекке, көлікке, коммуналдық қызметтерге және басқаларға);
o бір жолғы шығыстар (емделуге, ұзақ пайдаланатын тауарларға).
• 2) қажеттік дәрежесі бойынша:
o тамаққа, киім-кешекке жұмсалатын бірінші кезектегі (қажетті) шығыстар;
o медицинаға;
o екінші кезектегі (қажет) шығыстар (білім алуға, сақтық жарналары және т.с.с.);
o басқадай шығыстар (қалғандары);
• 3) пайдалану мақсаттары бойынша:
o тұтыну шығыстары (тауарлар сатып алуға және қызметтерді төлеуге);
o салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу;
o салымдардағы және бағалы қағаздардағы қорланымдар мен жинақ ақшалар;
o шетел валютасын сатып алу;
o халықтың қолдарындағы ақшалардың өсімі.
Мемлекеттік кредиттің мәні мен маңызына тоқталыңыз
57 Мемлекеттік кредит - жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңды және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі карызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды.
Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері айқындаңыз
• 1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары; жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
• 2. Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар: сыртқы мемлекеттік қарыздар; ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
• 3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар: мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару; қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.
• 4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша: айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді; айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді; айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша: бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын; борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде мыналар әдістер болып табылады:
• дисконттың мөлшері,
• кесіп тастау бағасы,
• көрсетулі құны бойынша МҚМ- ды өтеу,
• өтеу мерзімі,
• аукциондарды өткізудің тәртібі (реті).
Инфляция іс-әрекетінің факторларын атаңыз
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2. Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
• әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
• мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
• несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
• ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
• еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
• көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
• бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
• энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
• алтынға;
• тауар;
• шетел валютасына.
Инфляция және қаржының өзара байланысы мен іс- әрекеттеріне айқындаңыз
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің каржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Құрастырған: PhD Қ.Мырзабекқызы
Достарыңызбен бөлісу: |