ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ – ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП БАҒДАРЛАМАСЫ
«КЕЛІСЕМІН»
Қаржы және бухгалтерлік есеп
бағдарламасының жетекшісі
__________Г.Азретбергенова
« ____» ______________ 20 __ ж.
«Қаржы теориясы» пәнінен емтихан сұрақтары:
Ақшаның пайда болуы туралы түсіндіріңіз
- Ақша мыңдаған жылдар бұрын пайда болған жіне бұрыннан ежелгі ойшылдардың зерттеу объектісі болған, содан кейін экономикалық ғылым тəуелсіз білім саласы ретінде қараған. Алайда, көптеген ғылыми еңбектер ақша жəне ақша айналамы мəселелеріне арналғанымен, жалпыға бірдей қабылданған ақша теориясы əлі де ашылмаған деседі.
Ақшаның пайда болуының рационалистік түсінігін, алдымен ежелгі грек философы жəне ғалым Аристотель тұжырымдаған, ол «ақша өздігінен ақшаға
айналмайды, бірақ заңның арқасында адамдар бұл заңды өзгертіп, ақшаны пайдасыз ете алады деп сенген» - деген. Ол XIX ғасырға дейін экономикалық ғылымда басым болды. Қазіргі уақытта мұны батыс экономистерінің көпшілігі ұстанады. Мысалы: П.Самуэльсон – «ақшаны жасанды əлеуметтік конвенция (келісім)» десе, ал М.Фридман – «бұл эксперименттік теориялық құрылыс» деп санаған. Осылайша, Батыс экономистерінің пікірінше, ақшаны адамдар шығындарды азайту жəне тауар айналымының тиімділігін арттыру үшін оны айырбастаудың техникалық құралы ретінде пайдалану үшін ойлап тапқанын айтады. Рационалистік түсінігі бойынша ақша өндіріс пен алмасу процестерінің объективті дамуы емес, адамдар санасының өнімі болып табылады.
Ал, ақшаның пайда болуының эволюциялық түсінігін, алдымен К.Маркс жасаған. Ақшаға деген қажеттілікті түсіндіру үшін ол тарихи материалистік көзқарасты қолданды, оған сəйкес өндіріс барысында адамдар өз еріктеріне қарамастан объективті заңдарға сəйкес дамитын белгілі бір өндірістік қатынастарға түседі. Осы тұрғыдан алғанда ақшаның пайда болуы көбею дамуының объективті заңдылықтарымен түсіндіріледі.
Эволюциялық түсінігі, ақша бір уақытта, заңның немесе келісімнің негізінде пайда болмайтындығын, бірақ өздігінен, биржалық қатынастардың ұзақ даму процесінің нəтижесінде пайда болғандығын дəлелдейді. Басқаша айтқанда, ақша дегеніміз - тауар алмасу процесінің дамуының объективті нəтижесі, ол адамдардың қалауына қарамастан, біртіндеп ақша функцияларын орындай бастаған, тауарлардың жалпы массасынан нақты өнімді өздігінен бөлуге əкелді.
Ақшаның айналысының рөлін айтыңыз
ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға ортақ балама айырықша тауар деп аталады.
Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі жəне айналынан болуына сəйкес қалыптасады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналымсыз тауар айналымы болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, айрықша тауар ретінде бола береді. Бірақ, ақшаның жалпыға бірдей балама ролін алтын атқарған. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты болған:
- Алтынның табиғи сапалылығы – оның оңай бөлінетіндігі, əдімілігі əне тозбайтындығы;
- Алтынның құны өте жоғары – оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша – өндіріс жəне бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келе жатқан экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мəні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
- Жалпыға тікелей айырбасталу формасы – оның кез-келген материалдық бағалы затқа айырбасталатындығы;
- Айырбас құнының дербес формасы – тауарларды сатумен байланыссыз;
- Еңбек өлшемінің заттай формасы – тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақша жүйесін құрылымдаңыз
- Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан жəне ұлттық заңдылықтармен бекітілген, ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің өзіне тəн типтері жəне элементері болады. Ақша жүйесінің типі - бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайды:
- металлл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металлға ауыстырылады;
- несиелік жəне қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік жəне қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Айырбас дамуының тарихи процесіе тоқталыңыз
- Айырбас дамуының тарихи процесін талдай отырып, мынадай құнның төрт формасы қалыптасқан:
1. Құнның қарапайым (кездейсоқ) формасы, өндіргіш күштердің төменгі даму сатынына тəн құнның кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып отырған. Құнның бұл формасы А өнімінің х = теңдігімен бейнеленеді. Мұнда А өнімі белсенді рөл атқарады, В өніміне қатысты өз құнын білдіреді, ал В өнімі А өнімінің баламасы ретінде əрекет етеді, осылайша А өнімі нақты өнімнің рөлін атқарады.
2. Құнның толық (кеңейтілген) формасы ол біртіндеп қалыптасқан. Еңбек бөлінісінің дамуы жəне өндірістің өсуі нəтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Яғни бір өнім басқа да көптеген балама өнімдермен айырбасталынып жүрген.
3. Құнның жалпыға бірдей формасы ол əр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпыға бірдей тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпыға бірдей балама ролде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мысалы, терілер, темекі, бұрыш, астық, тұз, піл сүйегі, кофе, балық, шай жəне т.б. пайдаланылды. Əр түрлі тауарлар əр түрлі халықтар үшін жалпыға бірдей балама ретінде жəне əр түрлі уақытта қолданылды - табиғи жағдайларға, ұлттық дəстүрлерге, өндіріс қызметінің сипатына жəне т.б
4-Құнның жалпыға балама формасының дамуы нəтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар əлемінен ерекше бір тауар – ақша тауары қалыптасады. Ақша тауары келесі теңдеу түрінде тауар ролін алтын жəне күміс атқарады
Ақшаның түрлерін атап өтіңіз
- Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сəйкес келетін ақшалар. Яғни, металл ақшалар: күмістен, мыстан жəне алтынан жасалғандары жатады. Бұл металл ақшалар əр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны – бұл олардың соңғы нысаны болып табылады. Монетаның беті – аверс, арты – реаерс жəне жаны – гурт деп аталады.
Толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды айтады. Оларға мыналар жатады:
- құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері. Бұл қағаз ақшалар жəне несиелік ақшалар болып бөлінеді.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын жəне күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу жəне сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, жəне чек.
- Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нəрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель;
- Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нəрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Банкнота (ағыл. сөзінде “Bank-note” аударғанда “банк билеті”) орталық банктің айналысқа шығарған əр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Ақшаның функциялары және қызметін түсіндіріңіз
-Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын функцияларына мыналар жатады:
1.) құн өлшемі жəне баға масштабы;
2.) айналыс (айырбас) құралы;
3.) төлем құралы;
4.) қорлану жəне қор жинау құралы; 5.) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпылға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: “мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру” қызметін атқарады
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай процесстерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, жəне тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы.
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір- біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату жəне сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы жəне несие қатынастарына да қызмет етеді. Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
- тауарлар жəне көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік ссудалар, мемлекеттік жəне тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
- сақтандыру міндеттемелері;
- əкімшілік жəне сот алдындағы жəне өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз жəне несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау жəне қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату жəне сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал жəне жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар жəне көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді.
Мемлекеттік табыстардың мәніне түсініктеме беріңіз және жіктелу жолдарын көрсетіңіз
Табыстар (кірістер) - қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық қатегория. Табыс - бұл қаражаттар шығындарымен (оларды жузеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір цызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және кайта жасалған өнім мен қызметтерді бөлу стадиясында пайда болады. Табыстардың аральщ сипаты болуы мүмкін, яғни өзінің қалыптасуынан кейін бөліністің жаңа кезеңіне көшеді немесе ұдайы өндірістің жаңа стадиясына - айырбасқа көше отырып, (түпкілікті табыстар ретінде түпкілікті табыстар деп корланымға және тұтынуға тікелей пайдаланылатын табыстарды айтады) қызмет атқаруға мүмкін. Табыстардың аралық сипаты бір шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстары баска субъектінің шығыстары есебінен қалыптасатындығында, мысалы, табыс салығын төлегенде кэсіпкерлік сектордың шығыстары мемлекеттің табыстары (кірістері) болып табылатындығында немесе элеуметтік мақсаттарға жұмсалған мемлекеттің шығыстары халықтың жекелеген топтарының табыстары болып табылатындығына көрініп білінеді.
Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігіне тоқталыңыз
- Қаржының пайда болуының бастапқы шарты - ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Ал тауар өндірісінің негізі
- тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың əрқайсысы өндірістің материалдық заттай факторларының айырмашылығы, олардың əр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы жəне затталынған еңбектің əр түрлі шығындарымен өндіріледі.
қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің жəне қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Ол өндіруге, бөлуге жəне тұтынуға ықпал жасайды жəне объективті сипатта болады.
Қаржы — бұл шаруашылық, жургізуші субъектілерде жəне мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды удайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның əлеуметтік жəне басқа қажеттіліктерін ќанағаттандыруга пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің ќұнын жəне ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу жəне қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының мəні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы жəне экономикалық, заңдардық іс-əрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мəн-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан жəне қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру жəне бұл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді
Қаржының функциялары және ролін анықтаңыз
- Қаржының мəні оларды функцияларында айқын байқалады. Функция дегеніміздің өзі қаржының атқаратын жұмысы. Бүгінгі таңда шет елдерде қаржылардың функцияларының саны мен мазмұны бойынша көптеген пікірлер туындауда.
Қаржының мəні, іс-əрекет ететін механизмі жəне рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мəнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржы екі функция орындалады: бөлу жəне
бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекетак мүлікті сату операцияларын шығарып тастағаңда) бөлу
жəне қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді.
Бақылау функциясы қаржылық, бақылауда — жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге жəне оларды мақсатты арналым бойынша жүмсауға бақылау жасауда көрінеді.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді біддіретін қаржы аппараты болып та- былады. Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс жəне шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.
Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысын анықтаңыз
- Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың əрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады жəне өзара іс-қимыл жасайды.
Баға - жұртқа мəлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін жəне сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді.
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық белудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы телеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды.
Баға - жұртқа мəлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін жəне сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді.
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық белудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы телеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды.
Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен ќызметтерге ақы тµлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық əдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік əдіспен
— банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды жəне басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.
Жалақы көмегімен v толық жəне т ішінара белінеді. Қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы — салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды.
Қоғамдық өнім құнын белуге кредит те қатысады. Əрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасына жатады. Қаржы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.
Кредиттің көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың (үй шаруашылығының) арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында көптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі бөлгі өндірістік қорлардың (капиталдардың) толық айналымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады.
Қаржы қатынастарынның обьектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қаржы қорларына тұжырымдама беріңіз
Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің жəне мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары — бұл жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне қайта бөлу үрдісінде жасалынатын экономикалық субъектілердің жəне мемлекеттің қаржылық əдістердің көмегімен құратын ақшалай қорланымдарымен ақшалай қорлары.
Қаржы ресурстарында негізгі құндық элементтері: таза табыс (пайда), қосылған құнға салығы, ақциздер, кедендік төлемдер, əлеуметтік мұқтаждарға төленетін жарналар, қоғамдық мүдделерге жəне амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар.
Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) — қаржылық
əдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері.
Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының кездерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді.
Екіншіден, қаржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы "байланған" қаражаттар, сондай-ақ əлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.
"Қаржы ресурстары" ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
Шаруашылық жүргізу практикасында "қаржы ресурстарының" ұғымы деп мемлекеттің, кəсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезендегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдардың алғашқы жəне қайта болудің нəтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің əрбір нақты күндегі қаржылық ресурстары болып саналады.
Егер жиынтық онімнің (c+v+m) материалдық-заттай жəне құндық құрылымына, оның белінісіне жəне бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |