Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді. Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөліктейтін заңды тұлғаны коммерциялық емес ұйым деп атайды. Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырылымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын заңды мүдделерін қорғау, дене шынықтыру және спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады. Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты – пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп- материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатына материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын орталықтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық—құқықтық нысандары әсер етеді. Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері:
сметалық қаржыландыру
шарушылық есеп
өзін-өзі өтеу негіздері
1. Сметалық қаржыландыру- меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндірістік емес мекемелерді ұстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудің көлемі, мақсатты бағыты және оны бөлу шығыстарының сметасымен анықталады. Сметалық қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелерді қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.
2. Шаруашылық жүргізудің шаруашылық – коммерциялық есебі –шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау, мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады.
3. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі- ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Бұл әдіс мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында қолданылады.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады:
бюджет қаражаттары
мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
жаппай шараларға билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткізуден түскен түсім-ақша.
Түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келімшарттарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткені үшін түскен қаражат түсімдері.
Мүлікті жалға беруден түскен түсім-ақша
халықтың қаражаттары
кадрларды дайындаудан түскен табыс және басқалары.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілген қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомстваға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады. Қаржыландырудың үшінші көзі – банктердің кредиттері. Бұл көзді ақыда қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі- кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтемділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомстваға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді. Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақша қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында қалыптастырады.
Үй шаруашылығының жіктелуі және қаржы жүйесіндегі рөлін ашыңыз
Үй шаруашылықтары экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешімдер қабылдайды. Ақыр аяғында барлық экономикалық ресурстар үй шаруашылықтарына жатады, бірақ бұл ресурстар олардың арасында өте әркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады. Рыноктық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын және өндіріс факторлары рыногында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары әр түрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты экономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде болып келеді. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы рыноктық экономикада сұранымды қалыптастырады.
Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өз Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г.Б. Поляктың " пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.
Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті. Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды:
1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі;
2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі;
3) ақшалай қордың - материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.
Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:
1) осы шаруашылық бірлігімен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен - бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады.
2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай қорларды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.
Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану. Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді
ара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады
Үй шаруашылығының қаржысының түсінігі мен мәнін нақтылаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |