Өтетін уақыты 29.11. 2017ж
Ұйымдастыру
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
|
Коучинг-сессияның қатысушыларымен сәлемдесу.
Армысыздар құрметті әріптестер!
Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!
Алғашқы жаттығуымыз «Тілек» деп аталады.
Мұғалімдер екі қолының аттас саусақтарын бір-біріне түйістіріп былай дейді:
. «Жақсы сөз –жарым ырыс»дегендей сіздерге сәттіліктер тілеймін.
|
Мұғалімдер бір-біріне жақсы тілек білдіреді. Жақсы сөз –жарым ырыс.
.
|
Топқа бөлу
|
Құрметті әріптестер сіздердің қолдарыңызда желілердің типтік типологиясы бейнеленген таратпа қағаздар бар. Сол арқылы топтарға бөлінгіп отырыңыздар.
1. Мұғалімдерді топтарға бөлу.
1.«Сақина »,
2.«Жұлдызша»,
3. «Шина »
Коучингтің тақырыбымен, мақсатымен және нәтижесімен таныстыру.
-Бүгінгі коучинг тақырыбы «Информатикадан оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдану»
Мақсаты: оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдану жұмыстарын талқылау, тәжірибе алмасу.
3. Топқа алтын ереже құру «Жеті жарғы»
4. Алдарыңыздағы стикерге өз мақсаттарыңыз бен ұрандарыңызды түсірсеңіздер.
|
Мұғалімдерге берілген парақтың сыртындағы желілердің типтік топологиясы бойынша топтарға бөлініп отырады.
Тақырыппен, мақсат және нәтижесімен танысады.
Топта бірлесе отырып алтын ережені құрып, топ басшысын сайлайды.
Стикерге өз мақсаты мен ұранын жазады.
|
Ой қозғау.
/жеке жұмыс/
|
Әр топқа жеке ақ қағаз таратып беру.
Салған суреттерін бағалау.
«Бағалау» термині жайында, бағалаудың түрлері, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау мен олардың арасындағы айырмашылықты ашып түсіндіру.
Әр топтағы белсенділік танытқан мұғалімдерді қолпаштап мадақтау, смайликтер беру.
|
Суретті толықтырып салып, салған суреттерін критерийлер арқылы бағалайды.
|
Топтық жұмыс
|
Бағалау: өзі, өзара және коуч.
Сұрақтар: Сіздер бағалағанда неге назар аудардыңыздар? Сізге бұл бағаны не үшін қойғаны түсінікті ме? Жұмысын бағалау оңай болды ма?
СЛАЙД көрсету /түсініктеме беру /
«Бұрыштар» әдісі арқылы мынадай сұрақтар төңірегінде ойымызды ортаға салсақ.
1-топ Сіз бағалауды қалай қолданып жүрсіз?
Критериалды бағалаудың тиімді жақтары
2-топ Сіз бағалауды қалай қолданып жүрсіз?Критериалды бағалаудың тиімсіз жақтары қандай?
|
Берілген сұрақтар бойынша топтар флипчартқа жобаларын түсіреді.
|
Сергіту сәті
|
«Мылқау-саңырау» тренингі /қатысушылар тек қимылмен көрсетеді/
Жүгіріп шықтым белеске
Белес жақын емес пе?
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай
|
Сергіту сәтіне
ұйымшылдықпен қатысу
|
Рефлексия
|
Өз көңіл-күйлерін стикерге салу, сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу.
(кері байланыс)
«Екі жұлдыз, бір тілек»
«Бес саусақ»
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикер арқылы жазып, пікірлерін білдіреді
|
Қорытынды
|
Бас бармақ – бұл сіздің балаңыз
Балан үйрек- еңбек, бұл баланы еңбекке тәрбиелеу деген сөз. Яғни жұмысқа нұсқау бересіздер.
Ортан терек- бұл ақыл. Ақыл барлығынан биікте тұрады. Ақыл көпке жеткізеді .Ақылды адам айтқызбай біледі .
Шылдыр шүмек – бұл тәрбие
балан үйрек –бұл білім
Байқап қарасаңыздар Шылдыр шүмек пен балан үйрек екеуі бірге жүреді . Яғни Әль-Фараби ғұламамызша айтсақ “ Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы”
Халық даналығында: «Баланы әуелі мейір – шапағатқа, онан соң ақыл – парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы», - дейді. Олай болса балаңыздың бойына еңбек, ақыл, тәрбие, білім сіңіре алсаңыз, сіздің балаңызға берген тәрбиеңіз жұмған жұдырықтай мықты болады. Ал өзіңіздің білім мен тәрбиедегі жетістігіңіздің бағасы 5 болады .
|
|