Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты жетілдіру. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Аппликация
Тақырыбы: «Гүлденген дала»
Мақсаты: Сәндік композицияларды өз ойынша орындайды. Дала бейнесін матадан қиып жапсырады. Әсемдікті сезіне білуге, ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Қиялдарын дамыту.
Дид-қ ойын: «Не қайда өседі?»
Музыка
Тақырыбы: «Мен жасай аламын»
Мақсаты: Балалардың түрлі қабілеттерінің ашылуына ықпал ету. Музыканың сипатына сәйкес түрлі қимылдарды ауыстырып орындау.
Әуенді ырғақты қимыл:
«Түрлі-түсті шарлармен би
Музыка тыңдау:
«Біз осылай өсеміз» И.Нүсіпбаев
Ән айту: «Мен ауылға барамын» Б.Бейсенова
Ойын ойнау:
«Көлеңке» Қимылды ойын
Экология негіздері Тақырыбы: «Көбелек және инелік»
Мақсаты: Көбелек және инелікпен таныстыру, олардың айырмашылығын байқап айтып беру дағдыларын қалыптастыру
Көбелек пен инеліктің қалай пайда болатындығын (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ) түсіндіру.
Жәндіктерге қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.