ІІІ апта
«Менің сүйікті ойыншықтарым»
|
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1.Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп жүгіру.Бір орында оңға, солға секіру. Допты екі қолмен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру(2м.қаш.).
Қимылды ойын:
«Ойыншыққа тез жетейік»
2. Бір орында оңға, солға секіру. Арқан үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу.(2-3рет)
Қимылды ойын:
«Ойыншықты қағып ал!»
3. Бір орында оңға, солға секіру. Допты екі қолмен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру(2м.қаш.).
Гимнастикалық скамейка үстімен көлденеңінен еңбектеу.
Қимылды ойын:
«Ойыншыққа еңбектеп жетеміз»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Бақшадағы ойыншықтар»
Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту.Балалардың сөздік қорын ойыншықтардың атауларымен байыту.
Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Дидакти-қ ойын: «Ойыншық атауындағы бірінші дыбысты айтайық»
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ойыншықтар» өлеңі. Н. Әлімқұлов.
Мақсаты: Өлеңді эмоционалды қабылдай білуді дамыту, түсініп, есте сақтауға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|