Атауы
|
Өзара қарым-қатынастықты талдау
|
Бағыт 1: Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы
|
Мақсат 4.1.2: Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру
|
Нәтиже көрсеткіштері
|
|
Міндет 4.1.2.1: Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту
|
Облыс өнеркәсібіндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі
|
Көрсеткіштің орындалмауы химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі 1,8%-ға (ортофосфор қышқылы, натрий үшполифосфаты), жеңіл өнеркәсіп – 25,4%-ға (тоқыма және былғары бұйымдары), металлургия – 41,2%-ға (қара металлургия, бағалы және түрлі түсті металлдар), дайын металл бұйымдары – 16,2%-ға (құрама құрылыс металл конструкциялары), қағаз өнімдері – 28,0%-ға төмендеуінің есебінен, сұраныстың төмендеуіне, тапсырыстардың азаюына, кәсіпорындарда жоспарлы жөндеу жұмыстарынның жүргізілуіне байланысты.
|
Өзге де металл емес минералды өнімдердің нақты көлем индексі
|
Көрсеткіштің орындалмауы шыныдан жасалған ыдыстар өндірісі 46,3%-ға («Южный-3 филиалы «СК «САФ» ЖШС ұзақ мерзімге тоқатап тұруынан), гипс – 7,6%-ға, өңделген тас – 3,4%-ға (өткеру нарығының азаюынан) төмендеуіне байланысты.
|
Міндет 4.1.2.2. Электр қуатының альтернативтік көздерін дамыту
|
Электр қуатын пайдаланудың жалпы көлеміндегі қуаттың альтернативтік көздерінің үлесін ұлғайту
|
ЖЭК нысандарымен өндірілетін көлемінің төмендеуі 2013 жылдың басында іске асырылуы жоспарланған ҮИИДМБ аясындағы инвестжобалардың (Қарақыстақ және Тасөткел ГЭС-і), нақты – сәуір және маусым айларында іске қосылуымен, сондай-ақ жаз маусымында қажетті судың жеткіліксіздігінен (ауыл шаруашылығы жерлерін суару) Тасөткел ГЭС-ның төрт құбырының бірдей іске қосылмауына байланысты. Нәтижесінде станцияның өндіру көлемі 9,2 МВт орнына, бар болғаны 3-3,2 МВт құрады.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасы, энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері, «Казфосфат» ЖШС,«ТаразКожОбувь» ЖШС, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС, «Алтыналмас» АК» АҚ, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС, «Завод строительных конструкций» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Гипсовый комбинат» ЖШС, «Южный-3 филиалы «СК «САФ» ЖШС, «Компания А&Т-энерго» ЖШС, «ЭнергоСтройПроект» ЖШС, шағын кәсіпорындар.
|
Мақсат 4.1.5.: Инвестицияны тарту жолы арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету.
|
Міндет 4.1.5.1. Инновациялық өнімді өндіруге инвестиция тарту.
|
Қайта өндіру өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестиция көлемінің нақты индексі
|
Өндеу өнеркәсібінің инвестиция көлемі жоспарға тиісінше 24,4% төмендеді, бұл өндеу өнеркәсібіне жеке инвестициялардың 2012 жылмен салыстырғанда 20,4% азаюына байланысты
|
Орындаушы орган
|
Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасы
|
БАҒЫТ 2 «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету»
|
Мақсат_4.2.2.:_Облыстың_тұрақты_әлеуметтік-демографиялық_дамуын_қамтамасыз_ету_үшін_облыс_халқының_денсаулығын_нығайту'>Мақсат 4.2.2.: Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту
|
Міндет 4.2.2.1. Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру
|
Дәрігер кадрларына тапшылықты төмендету
|
Дәрігерлер тапшылығы 197 адам жоспарында 216 адамды құрады. 2013 жылы облысқа 128 жас мамандар келді.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдері
|
Мақсат 4.2.3. Өнімді жұмыспен қамту
|
Өнеркәсіптік жарақат деңгейін азайту.
|
Орындалмаған. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қажетті деңгейде ұйымдастырылмаған құрылыс нысандары санының кобеюне байланысты өндірісітік жарақаттану өсті. 2013 жылы облыстың ұйымдарында өндірісте 76 қайғылы оқиға (өткен жылдың тиісті кезеңіне 51) жіберілді, азап шеккені 86 (83) адам, оның ішінде 17 әйел. Қайғылы оқиғалардың 1000 жұмыскерге шаққанда (Кч) жиілік коэффицентінің төмендеді, 2012 жылғы 0,31 қарағанда 2013 жылы 0,27 құрады.
|
Орындаушы орган:
|
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары.
|
Мақсат 4.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету.
|
Төтенше жағдайлардан адамдардың және материалдық шығындардың азайюы
|
Орындалмаған. Жедел ақпараттар бойынша облыста табиғи және техногендік сипатта 881 төтенше жағдайлар мен оқиғалар орын алды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22,7% жоғары. Зардап шеккен мен қаза болған адамдардың саны тиісінше 25,3% және 55,2%-ға артты. Материалдық шығын 27 есеге өсті. Жыл басында болған, дауылды жел облысқа 4,5 млрд. теңгеге үлкен материалдық шығын келтірді.
Ірі көлік апаттарының өсімі есебінен ТЖ саны 4 жағдайға артқан, онда зардап шеккендер саны 76 адамға, қайтыс болғандар саны 30 адамға өскен. Тұрмыстық өрт өсімі 59,5% құрады, онда зардап шеккендер - 44,8%. Өндірістік апаттар 7 жағдайға өскен, онда зардап шеккендер саны - 200%-ға. Жыл басынан бері облыс су айдындарында 25 адам қайтыс болған (14 адам), бұл өткен жылдың көрсеткішінен 71,4% артық.
|
Міндет 4.2.8.2. Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету
|
Өртке, жер сілкінісіне, көшкінге, селге, су басу және тасқынға қарсы тұру инфрақұрылымын қамтамасыздандыру деңгейі
|
Индикатор орындалмаған. Жұмыстар жүргізуге жобалық сметалық құжаттама 2014 жылы әзірленуде. Қаржы бөлу 2015-2016 жж. жоспарлануда.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысы төтенше жағдай департаменті
|
Бағыт 3. Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасмалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету
|
Мақсат 4.3.2. Құрылысты дамыту
|
Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі, жалпы алаңынан шаршы метр
|
Орындалмады. 2012 жылмен салыстырғанда 13,6%-ға артық тұрғын үй пайдалануға берілді. Ипотекалық тұрғын үйге сұраныстың төмендеуіне байланысты жоспар орындалмаған.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудандар мен Тараз қ. әкімдіктері
|
Мақсат 4.3.4.: Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы
|
Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум объектілерінің үлесі
|
Орындалмады. Көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 2013 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.
|
Орындаушы орган
|
Облыс әкімдігінің энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері
|
Бағыт 4.4 Ауылды елді мекендерді дамытуға жағдай жасау (агроқалалар)
|
Мақсат 4.4.1. Даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерді дамыту
|
Міндет 4.4.1.1. Ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту
|
Ауылға денсаулық сақтау мамандарын тарту
|
Барлығы ауылға 74 денсаулық сақтау мамандары тартылды, оның ішінде 62 адам «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының шеңберінде тартылды
|
Орындаушы орган
|
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдері
|