«Индустриялық - инновациялық Қазақстан»
Қазақстан - индустриалды-инновациялық даму жолында
Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі
«Медбикел іс» бөлімінің 2 курс оқушысы
Болатова Жума
Жетекшісі: Сарсенбаева Ж.
Мақсаты:
«Инновацияны» қазақша түсінікті етіп айтатын болсақ, ол – жаналық, жаңа зат, жаңа құбылыс, жаңа өмір, жаңа әдіс, жаңа жүйе, жаңа өндірістік қатынас, жаңа техника деген сөз. Менің осы баяндама жұмысым бойынша қаралған жалпы қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі индустриялды-инновациялық даму стратегиясы болып отыр.
«Индустриялды-инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген экономикалық даму бағыты. Жалпы алғанда «инновация» ағылшын тілінен аударғанда — жаңалық енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді, демек жаңа өндірістік үрдісті, өнімді немесе қызметті игеру, жаңалықты инвестициялау деген ұғымды білдіреді.
Өңірдегі инновацияның қазіргі жағдайы және оны дамыту жолдары
Еліміздің индустриялық-инновациялық әлеуетін көтеру өзектілігі ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауында айрықша айтылды: «Көптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ортаның қолайлылығы, ресурстарға, энергияға және азық-түлікке сұраныстың артуы, Үшінші индустриялық төңкерістің пісіп-жетілуі сақталады. Біз бұл кезеңді пайдалана білуге тиіспіз» делінген.
Әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі таңдағы басты мәселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр. Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылымның болуы.
Еліміздің бірыңғай экономикалық кеңістіктегі қарқындап дамуы оның өңірлерінің қазіргі инновациялық әлеуетіне тікелей байланысты.
Қазақстандағы өңірлердің инновациялық белсенділігі әралуан. Өндірістік инфрақұрылымы салыстырмалы түрде жақсы дамыған бірнеше облыстарға тоқталып өтелік.
Павлодар облысы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп өңірі. Аймақ экономикасының негізін тау-кен-металлургиялық кешені және энергетика кәсіпорындары құрайды. Өңірдің инновация саласындағы белсенділік деңгейі – 8,1%. Облыста барлығы 31 ғылыми зерттеу мен конструкторлық жобалау бөлімшелері бар.
Павлодар облысында еліміздегі даму институттарының қолдауымен және жергілікті технопарктер мен инновациялық орталықтардың қатысуымен бірқатар инновациялық сипаты бар жобалар орындалып жатыр. «Қазақстан алюминийі» АҚ-та техникалық қайта жарақтандыру кешенді бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл алюминий тотығы өндірісінің көлемін көбейтуге және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірісті жаңғырту мен қайта жарақтандыру мақсатында көміртекті феррохром өндірісінің технологиясын игеру жалғастырылуда.
«Кастинг» ЖШС Павлодар филиалының №1 электрболатбалқыту цехында сортты илек өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жоба аясында болат дайындамалары, арқау болат және ұнтақ шарлар өндірісін құру аяқталды. Үздіксіз құю өндірісін және мұнайгаз саласы үшін тігіссіз болат құбырлар шығаруды кеңейту жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Облыстың өнеркәсіп секторындағы кәсіпорындарда инновациялық үрдістерді одан әрі дамытуға өңірде қалыптасқан инновациялық инфрақұрылым әсер етті. Оның құрамына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми-технологиялық паркі, Инновациялық Еуразия университетінің инновациялық орталығы, Екібастұз ғылыми-техникалық орталығы, Ақсу ферроқорытпа зауытының, «Қазақстан алюминий» АҚ-тың ғылыми-техникалық бөлімшелері, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы және облыстың басқа да ірі кәсіпорындары енді.
Шығыс Қазақстан облысы.
Еліміз бойынша өндірілген инновациялық өнімінің 17%-ы Шығыс Қазақстанның үлесіне келеді. Сондай-ақ, жыл сайын облыс кәсіпорындарының инновациялық белсенділік деңгейі республикалық көрсеткіштен асып түсуде.
Облыстың инновациялық өнімінің негізгі үлесі ядролық материалдар өндірісіне тиесілі. Үлбі метталургия зауыты жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетке ие. Соңғы 8 жылда Үлбі метталургия зауытының өнертапқыштары қызметтік өнертабыстарға 82 өтінім беріп, оның 35-не Қазақстан Республикасының және 21-не Ресей Федерациясының қорғау құжаттары берілді. 25 өнертабыс «ноу-хау» режимінде қорғалды.
Курчатов қаласында орналасқан «Тоқамақ» ядролық технологиялар паркі ядролық және жанама технологиялар саласындағы ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық компанияларды «өсіруге» арналған алаң болып табылады. Болашақта мұнда жасанды тері, термоотырғызу пленкалары мен гель өндіру кезінде ядролық энергетиканы пайдалану жоспарланып отыр.
Өңірде атом стансаларына арналған отын, бериллий, тантал және олардың негізінде өнім шығаратын бірегей өндіріс бар. Үлбі металлургия зауытының әлемдік деңгейдегі ғылымды қажет ететін өнім әзірлеу және дайындау саласында жарты ғасырдан аса өндірістік қызмет тәжірибесі бар.
Қарағанды облысы. Облыс ғалымдарын қоса санағанда, ірі ғылыми және кадрлық әлеуеті жоғары республика аумағындағы ең ірі өндіріс өңірі саналады. 2009-2012 жылдар аралығында облыста индустриалдық-инновациялық бағыттағы 58 өндіріс құрылды. Олардың арасында Қарағанды бассейні, Дубровский жер теліміндегі көмір қабаттарының метанын кешенді пайдалану мен барлау, алу, қайта өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеуді көздеген «Қарағанды метаны» инновациялық жобасы бар.
Жылына 100 мың тонна мырыш шығаратын «Балқаштүстіметалл» ХМК «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мырыш зауыты іске қосылды. Зауытта «Дайнатек» канадалық фирмасының жаңа технологиясы, яғни қоршаған ортаны ластамайтын технология қолданылды.
2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «UniScienTech Технопаркі» ЖШС құрылды.
Батыс Қазақстан облысы. Қазақстан Респуликасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың алғашқы кезеңінің нәтижелері бойынша Батыс Қазақстан облысы көшбасшылардың қатарына кіреді.
«Орал трансформатор зауыты» кәсіпорынның өндірістік қуаты электротехникалық өнімдердің көптеген түрін шығаруға мүмкіндік береді.
Электровоздарды құрастыру үшін қозғалтқыш трансформаторларын өндіру айрықша маңызға ие. Шығарылған өнімдердің 90 пайызын Ресейге экспортталады.
Ал, отыз жылдық тарихы бар, бұған дейін қару шығаратын құпия өндіріс орны болған «Металлист» зауытының негізінде «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ құрылды. Зауыт мамандары монолиттік құрылыстарға арналған арнайы инновациялық технологияны игерді. Сонымен бірге, мұнай-газ саласы үшін жер асты бұрғыларын жөндеу құралдарын, газ айдау агрегаттарына арналған бөлшектер жасау мен оларды жөндеуді жолға қойды. Оған қоса, энергетикалық құрал-жабдықтар, металл құрылымдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын шығара бастады.
Оралдағы «Зенит» зауыты сыйымдылығы 200 тоннаға дейінгі ауыр кеме жасау технологиясын игеріп, еліміз бойынша кеме жасау саласының көшбасшысына айналды. Қазір мұнда су шекарасы қызметіне қажетті кемелер шығарылуда. Сондай-ақ, облыстың инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында Орал қаласында «Алгоритм» технологиялық паркі құрылды.
Қазақстан табиғи газ қорларының көбісі, елдің батысында орналасқан, жартысынан көбі Қарашағанақ мұнайгазконденсатты кен орнында орналасады, бар мәлімет бойынша, оның дәлелденген табиғи газ қорының көлемі 48 ТTФ-қа дейін жетеді. 2009 жылы, экспортқа 134 млрд. текше фут табиғи газ жіберіп, Қазақстан, 2009 жылы табиғи газдың нетто-импортер мәртебесінен, табиғи газдың нетто-экспортер мәртебесіне өтті.
Ақтөбе облысы. Бұл өңір мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан, индустриялық әлеуеті жоғары облыстардың қатарына кіреді.
Облыста индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында жалпы құны 8 млрд АҚШ долларын құрайтын 120 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ұсынылған жобалардың аясында «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ тарапынан Жанажолда үшінші газ өңдеу зауытын салу, «SBS Steel» компаниясы тарапынан Ақтөбеде металлопрокат шығаратын және тотықтырылған окатыштарды пайдалану арқылы темір концентратынан темірді тікелей бөліп алатын электрометаллургиялық зауыт салу жобалары маңызды болып саналады.
Осыларға қоса, облыста қуаты 360 МВт-тық газқұбырлы электр станциясын салу көзделіп отыр. «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС жылына 2,5 млн тонна мыс кенін өндіріп өңдейтін және жылына 200 мың тонна мыс концентратын шығаратын тау-кен байыту комбинатын пайдалануға берді. Жобаны сатылай дамыту аясында Хромтау ауданында кен байыту комбинаты мен мыс балқыту зауытының құрылысы салынуда.
Ақмола облысында индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорында қазіргі заманғы озық технологияның арқасында ағымдағы жылдың 10 айында 31 миллион дана жұмыртқа өндірілді
2014 жылы іске қосылған құс фабрикасының жобалық қуатты 450 мың тауыққа арналған. Сондай-ақ, тәулігіне 300 мың жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді. Өндіріс жыл өткен сайын қарқынын арттырып келеді. Қазірдің өзінде кәсіпорын тәулігіне 130 мың дана жұмыртқа өндіруде.
Астана қаласы мен еліміздің өзге өңірлеріндегі және аудандардағы сауда орындарына шығарылады. Бұл жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіруге әрі 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек.
Индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 жылы Таразда полиэтилен пленкаларын шығаратын «Поллиэтилен Агро» зауыты іске қосылған болатын. Шығаратын тауар – пленкалар мен полиэтилен жіп. Мұндағы ені 10 метрлік пленкалар негізінен бау-бақшаға, яғни жылыжайларға арналып шығарылады. Сонымен қатар, пленкаларды азық-түлік өндірушілер тағамдардың тазалығын сақтау үшін өнімді қаптауға пайдаланады. Сол секілді полиэтилен жіптерін де көбіне ауыл шаруашылық бағытына қолданады екен.
Сондай –ақ Қазақстанды әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына енгізудің негізгі міндеттерінің бірі – заманауи және тиімділігі жоғары денсаулық сақтау жүиесін қалыптастыру болып табылады. Бұл тұрғыда кешенді түрде 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында көзделген.
Қорытынды
Республикада индустриалды-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бәсекелестік қабілеті жоғары және экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр.
Жалпы айтқанда, ел экономикасын өрге сүйрейтін елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағытының бірі - индустриялдық-инновациялық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат.
Әдебиеттер
2012 жылындағы 9 қаңтарындағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы
Қазақстанның 2010-2020 ж.ж. арналған үнемелі индустриялдық-инновациялық стратегиясы
ҚР 2003-2015 жылға арналған инновациялық саясатты жетілдіру бағдарламасы
ҚР 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы
www.inform.kz
www.kazsat.kz
Достарыңызбен бөлісу: |