Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысуы.
Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілген нәтижелермен
тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының
қажеттілігі қандай және бағалау тәжірбиесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады
деген сұрақтарға жауап іздеу.
• Шынайылық, анықтық және валидтілік.
Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын
критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар.
Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы
бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған
қағидатты жүеге асыру:
- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды ;
- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |