1.
2. Педагогикалық технология жүйелік категория ретінде білім беру ұйымдарында оқыту сапасының педагогикалық
Ғылыми тұрғыда «технология» ұғымы өндірістік және әлеуметтік технология деп талатын үлкен екі бағытқа жіктеледі.
– өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі, қалыптасу, даму
жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып
отыр. Педагог-ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып
көрсетуде. «Педагогикалық технология» термині ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен Англияда қалыптасып,
қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Соңғы
кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың елуден астам жаңа технологиялары практикаға енгізіліп,
кеңінен пайдалануда.
“Технология” –
гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos – оқу сөздерiнен шыққан. Технологияға В.Дальдың
сөздiгiнде: “белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс” деп анықтама
берiлсе, Қазiргi батыс әлеуметтану сөздiгiнде: “белгiлi әрекетте, өнерде, шеберлiкте қолданылатын әдiс-тәсiлдердiң
жиынтығы” деп көрсетiлген. ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясына “техникалық және адам ресурстарын,
олардың өзара бiрлiгiн ескере отырып, оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруды мiндет етiп қоятын мұғалiмнiң бүкiл оқыту iсi
мен оқушының бiлiмдi меңгеру әрекетiн ұйымдастырудың, қолданудың және анықтаудың жүйелi әдiстерi” деп анықтама
берiлген.
Білім берудегі педагогикалық технологиялар «жаңа технология», «озық технология», «оқыту технологиясы» т.б.
терминдермен аталуда. Ал бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу
пікірталас бар. Жалпы ғалымдар технологияға
шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен
оқыту
сияқты түрлі анықтамалар берген. Солардың ішінде кең тарағаны – В.П.Беспальконың тұжырымдары. Оның
тұжырымдары бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс:
Оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмау;
Оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұны оқу-
тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет.Осыған орай В.П.Беспалько технология «тәжірибеде іске асырылатын
педагогикалық жүйенің жобасы»,- деп тұжырымдайды. Ал жалпы айтқанда, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір
қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыру мен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен
тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Олай болса, Г.К.Селевконың «оқыту технологиясы − оқытудың тиімді жолдары
мен үдерісінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар»,-деген анықтамасы білім беру технологияларының
мәнін аша түседі.
Педагогикалық технология мәселесімен жан-жақты айналысып, зерттеу жүргізіп жүрген ресейлік ғалымдардың бірі –
М.М.Левин. Ол педагогикалық технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жеке
тұлғаны дамыту екендігіне тоқталады. М.Чошанов технологияны дидактикалық жүйенің проссуалдық құрамдық бөлігі
деп есептейді.Педагог-ғалым В.М.Шепель: ”Технология – белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн қолданылатын өнер,
бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер,”- дейдi. И.Г.Зайнышев: “белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiс-
тәсiлдер жүйесi” деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса, технологияны “белгiлi шығармашылықтан сапалы
нәтиже алу үшiн қолданылатын әрекеттер жиынтығы” деп санайды. Ал Р.В.Овчарова оған “адамның әрекетiн,
бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн еңбекке қажеттi заттарды, әлеуметтiк шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер
жүйесi” деп қарауды ұсынады.
Ресейлiк ғалымдардың iшiнде технологияның мәнiн бiршама анығырақ айтқан Б.Т.Лихачев: ”Педагогикалық технология
– оқыту тәсiлдерi мен тәрбие құралдарын, оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы бiрiктiрудiң жолдарын анықтайтын
психологиялық-педагогикалық
установкалардың
бiрлiгi, сондықтан да ол – педагогикалық процестiң
инструментарийi
болып саналады”, - дейдi. Белгілі ғалым М.В.Кларин педагогикалық технологияға «педагогикалық мақсатқа жету үшін
пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі»
деген анықтама берсе, В.М.Монахов технологияны «оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін
ұйымдастыру және жүргізу»,- деп санайды.
Қазақстандық ғалым Ғ.М.Құсайынов педагогикалық технологияны «мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеу
жолындағы мақсаттар мен нәтижеге жету және сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі ұжымдық оқыту әдісі
қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді. Педагогикалық оқу
жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру
үрдісі» деп санайды.
Ж.А.Қараевтің пікірінше: «Технология дегеніміз – әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің
тәжірибиеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның
құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық технологияларға берілген анықтамалар мен түсініктерді топтастырып
жинақтайтын болсақ,
«
Достарыңызбен бөлісу: