талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын жүзеге асыру үшiн оқөыту мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас
дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi»,- деп тұжырымдаймыз.
тоғысатын ортақ арналары бар. Олар, бiрiншiден, технологияның шеберлiкпен, бiлiктiлiкпен байланыстылығы;
екiншiден, технологияның сапалық өзгерiс жасау мақсатында қолданылатыны; үшiншiден, технологияның бiртұтас әдiс-
тәсiлдер жиынтығынан құралатындығы. Олай болса, технологияның бiлiм мекемелерiнiң кез келген типiнде жаппай
қолдануға қолайлы әрi тиiмдi оқу процесiн құрудың жолдарын iздестiрудiң нәтижесi ретiнде туған тұжырым екендiгi
даусыз. Бiлiм беру, оқыту процесiндегi технология – қойылған мақсатқа тиiмдi жолмен қол жеткiзудi қамтамасыз етушi
(кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт);
басқарылмалылығы
(оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тесеруге болатындығы);
тиiмдiлiгi
(қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).
Педагогикалық технологияға қатысты мәселелер жан-жақты зерттелуде. Өздерiнiң қомақты ой-пiкiрлерiмен салмақты
орын алып отырған В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, В.В.Давыдовтар технологияның түрлерiн
саралауда түрлi бағыттар ұсынады. Солардың iшiнде педтехнологияны түбегейлi зерттеген ғалым Г.К.Селевко білім
беру технологияларын төмендегідей топтайды:
-
қолдану өрiсiне қарай:
жалпыпедагогикалық, жекепәндiк, модульдiк, тарәдiстемелiк;
-
мазмұны мен құрылымына қарай:
оқыту (тәрбиелеу), зайырлы (дiни), жалпыбiлiмдiк (бағдарлы), гуманитарлық
(технократиялық), монотехнологиялық, политехнологиялық, аралық;
-
ұйымдастыру түрiне қарай:
сыныптық-сабақтық (альтернативтiк). академиялық (клубтық), жеке (топтық), ұжымдық
оқыту тәсiлi, саралап оқыту.
Дегенмен, бiр ғана бағытпен шектелетiн монотехнология болмайтыны ақиқат. Кез келген технологияға кешендiлiк тән.
Бiрақ өзiнiң таңдаған басым бағытына орай олардың арасында өзгешелiк те сақталады, соған cай белгiлi бiр атауға ие
болады. Сонымен,
технология
– жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технологияны
қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана
технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды.
педагогикалық технология
салалық және локальдік
деңгейлерде қолданылу болып бөлінеді.
Салалық ( пәндік) −
бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен
құралдар жиынтығы.
Локальдік (модульдік)
жеке әрекеттер технологиясы ұғымын қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және
дамыту технологиясы, жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы,
жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы
болып іштей жіктеледі
.
Оқытуда тиімділік танытатын педагогикалық технологияларды
iрiктеу мен жүйелеудiң
мынадай
критерийлерi
айқындалған:
технологиялардың оқыту талаптарымен үндес болуы;
технологиялардың білім алушылардың мүддесiне басымдылық беруі;
технологиялардың оқыту деңгейлерінің кез келгенiнде қолдануға қолайлылығы;
технологиялардың бiлiм сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы;
технологиялардың студент бiлiмiн объективтi бағалаудағы тиiмдiлiгi;
технологиялардың студенттің әрекетiн белсендiруге ықпалын тигiзетiндiгi
Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты– білім алушылардың даралық тұлғасын дамыту деп санаймыз. Енді осы
ұғымға тоқталатын болсақ,
педагогикалық технология
техникалық және адами ресурстарды ескере отырып оқыту және
білімді меңгерудің барлық үдерісін анықтап құру және қолданудың жүйелі әдісі, сонымен бірге білім берудің жолдарын
айқындаудың бірі ретінде қарастырады.
Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде.
Педагогикалық әдебиеттерде
«педагогикалық технология»
ұғымы үш бағытта қолданылады:
1) жалпы педагогикалық денгей–белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін сипаттайды;
2) жеке пәндік-әдістемелік деңгей–жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады;
3) элементтік (бөлімді) модельді деңгей-оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған.
Белгілі ғалым- әдіскер В.М. Монахов «Педагогикалық технология бұл оқушы мен мұғалімнің оқу үдерісін жобалап және
ұйымдастыруға бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогика-лық ісәрекетінің
үлгісі»-, деп тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: