Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет9/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Топырақтың даму кезеңі
– бұл кезеңінің басталуына жер бетіндегі экожүйелердің 
биологиялық өнімінің ұлғаюы себеп болады. Осы кезеңде жоғары сатыдағы өсімдіктердің 
әрекетінің көлемі жоғарылап, биологиялық зат айналымның мөлшері ұлғайып
биогеохимиялық зат айналымы қалыптасып, топырақтың типтеріне тән қасиеттері 
қалыптасады және осы кезеңді топырақ түзілді деп есептеуге болады.
Топырақтың кемелденіп жетілген кезеңі – 
бұл кезеңде топырақ бойында түрлі 
құбылыстар өзара үйлесімді кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында өтіп, заттардың 
биогеохимиялық айналымы қалыптасады. Соның әсерінен топырақтардың қасиеттерінің 
ұдайы толысып отыруы байқалады. Сөйтіп топырақтың қасиеттерінің бірқалыпты, оның 
экожүйеде қалыптасуының тұрақты болуын қамтамасыз етеді. 
4. Топырақ құраушы факторлар және орман топырақтары
Топырақтың пайда болып қалыптасуына келесідей табиғи факторлар әсер етеді: 
Топырақ түзуші аналық тау жыныстары, климат, биологиялық фактор, жер бедері және 
уақыт ағымы.
Топырақ пайда болатын тау жыныстарын топырақ құраушы немесе аналық тау 
жынысы деп атайды және топырақтың гранулометриялық құрамы, физикалық-химиялық 
қасиеттері аналық тау жыныстарымен тікелей байланысты. Топырақ құраушы тау 
жыныстары негізінен шөгінді тау жыныстары болып табылады, олар пайда болу тегіне
құрамына, құрылысына және қасиеттеріне байланысты келесідей түрлерге бөлінеді.
Элювий
– негізгі тау жыныстарының үгілуінен жаратылып орнында қалған шөгінді. 
Делювий
– тау етегінде жауын-шашын, қар суымен шайылып жиналған шөгінділер. 
Аллювий 
– өзен тасығанда су ағынымен келіп, өзен жайылмасына жиналған 
шөгінділер. 
Лёс және лёс тәрізді құмбалшықтар
әр түрлі жағдайда пайда болады. Лёстің негізгі 
белгілері: түсі ашық сарғыш, сарғыш, карбонатты, гранулометриялық құрамы шаңды-
құмбалшықты, кеуекті борпылдақ, майда түйірлі, су өткізгіштігі жақсы. Лёс тәрізді
 
құмбалшықтардың 
құрамында 
карбонаттар 
аздау, 
кейде 
карбонатсыз 
болады, 
гранулометриялық құрамы ірілеу, кеуектілігі шамалы. Лёс тәрізді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет