белдеулер жатады. Бұл белдеулерде өздеріне тән, басқа белдеулер де жоқ топырақ типтері
қалыптасады. Ол типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді.
Топырақ-климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыстарына бөлінеді.
Оларды бөлу
үшін жауын-шашынның мөлшері және өсімдіктердің ерекшеліктері ескеріледі. Топырақ-
биоклиматтық облыстары келесідей:
– орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар ылғалды облыс;
– далалық, ксерофитті-орманды немесе саванналы өсімдік жамылғысы бар далалық
облыс;
– шөлейттік немесе шөлдің өсімдіктер жамылғысы бар құрғақ облыс.
Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда биоклиматтық-топырақ
облыстардың
топырақтары біртектес болып келеді. Соның өзінде де осындай облыста бірнеше аймақтық
топырақтар және оларға сәйкес интрааймақтық топырақ типтері кездеседі. Сондықтан әр
биоклиматтық-топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ аймағы кездеседі.
Топырақ аймағы бір
немесе екі аймақтық топырақ типінің және осыларға сәйкес интроаймақтық және аймақ
ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі.
Топырақ
аймағы
топырақ
аймақшаларына,
топырақ
фацияларына
және
провинцияларына бөлінеді.
Топырақ аймақшасы – топырақ аймағына сәйкес таралған бір топырақ типшесі
таралған жер аумағы.
Топырақ фациясы – жылу режимінің және жыл мерзімдері
ішінде ылғалдылығының
ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.
Топырақ өлкесі (провинциясы) – жылу режимі және жыл мерзімі ішінде
ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ фациясының бір бөлігі.
Топырақ округы және топырақ ауданы – жер бедерінің және топырақ түзуші тау
жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жамылғысы бар топырақ
өлкесінің бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: