құрылады. Олар көп тараған топырақ түзуші жыныс болып саналады. Құмайттар – сұр сары
түсті жер тәрізді жыныс, құрамында 10-20% балшық бар, басқа бөлігінде құмды және шаңды
бөлшектер. Олар
жақсы жақсы су өткізгіштігі, тұрақсыз шар құрылады, икемсіз. Құрамында
кварц, слюда, темір тотықтары кездеседі. Құмбалшық - қыртыссыз жер тәрізді жыныс. Құм
мен балшық мөлшеріне байланысты әр түрлі физикалық қасиеттерге ие, олардың
балшықтарға қарағанда икемділігі аз, су өткізуі жақсы.
Химиялық және органогенді жыныстар.
Химиялық
шөгінді тау жыныстары су
ертіндісінен тұздардың шөгу нәтижесіде жер қыртысында немесе оның үстінде болып
жатқан химиялық реакциялар әсерінен пайда болады. Мысалы гипс, ангидрид,
тас және
калий тұзы.
Түгел немесе бір бөлігі жануарлармен өсімдіктердің, микроағзалардың өмір сүру
нәтижесінде пайда болған жыныстарды органогенді деп атайды. Бұл жыныстар - бор (мел),
әк - ракушечник, диатомиттер,
шымтезек, көмір, сапропель. Көбіне химиялық және
биологиялық үрдіс табиғатта бір уақытта өтеді және соңында биохимиялық шөгінді денелер
бөлінеді.
Химиялық шөгінді тау жыныстарға гидрототықтар (бокситтер), фосфаттар
(фосфориттер), кремнийлі (яшма, диатомит), карбонатты (әктас, доломиттер), тұздар (гипс,
тас тұзы, калий тұзы) жатады.
Биохимиялық жыныстар ішінде құрамы
органикалық жыныстар бөлінеді, жанғанда
жылу шығарады. Жанатын көміртекті жыныстардың (көмірлер, жанатын тақта тастар, мұнай,
шымтезек). Олардың халық шаруашылығында маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: