Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет34/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
айнасында» – деп аталған монографиясында «тақырып» мәселесі жөніндегі

пікірлерді саралай келіп: «Тақырыпты зерттей отырып, оны эстетикадан тыс

шындық   ретінде   теңгермеушілікпен   бағалауымызды   енді   қоюымыз   керек

және оны:                   

      1. Сыртқы тақырып көп жағдайда жеке шығармаға қолданылатын ұғым,

жазушының жалпы шығармаларына байланысты өте аз қолданылады;

      2. Жазушы творчествосының ішкі тақырыбы; 



           3. Көркем шығарманың ішкі тақырыбы деп нақты мынадай үш жікке

бөліп қарауымыз керек», – деді. 

      Сыншы осындай жіктеудің әдебиет сыны тарихында бұрыннан айтылып

келе   жатқандығына   қарамастан   әлі   де   нақты   теориялық   тұрғыдан

тұжырымдалмай   отырғанына   көңіл   бөледі.   Шынында   да   20-шы   жылдары

шыққан   «Әдеби   энциклопедияда»   жарияланған   А.Зунделовичтың

мақаласында   жазылған   еді:   «Кең   мағынада   алсақ,   тақырып   дегеніміз   –

дүниенің тұтас көрінісі, ол суреткердің санасында қатталады. Осы көріністің

(образдың) нәтижесінде суреткер оны жинақтап беру мүмкіндігіне ие болады

және   дәл   осы   көркем   жинақтау   оны   суреткерлік   қабілеті   жоқтардан

ерекшелеп   көрсетеді.   Әрбір   шынайы   суреткердің   өз   тақырыбы,   өз   көркем

әлемі болады»,  – деген пікір білдірілген болатын. 



«Өз   тақырыбы»  дегеніміз   –   жазушының   творчествосындағы   ішкі

үндестікпен   бір-біріне  жақын  тақырыптардың  тоғысуы.  Ал  «өзіндік  дүние

образы», «өзіндік көркем әлемі» – дегеніміз салыстырмалы түрде айтылған

метафорлық теңеу ғана. Шындығында бұл дүние-тіршілік құбылысын өзіне

тән көркемдік шеберлікпен бейнелеуі арқылы айтайын деген ойын жеткізе

білуі.   Бірақта   «көркемдік   әлем»   –   жазушы   творчествосының   «ішкі

тақырыбының» қалыптасуына тікелей әсер ететін алғы шарт боп табылады.

Суреткердің   негізгі   тақырыбын   бірден   анықтау   өте   қиын.   Жазушы

творчествосының бастапқы кезеңінде оның ішкі тақырыбы стихиялы түрде

қалыптасады. Уақыт өте келе жазушы шығармаларында нақты бір мотивтің

күшейе   бастағаны,   дүниедегі   белгілі   бір   құбылыстарға   қызығушылықпен

қарайтынын және оны көркемдік сүзгіден өткізу әдістерінің тұрақты сипат

алғаны   байқалады.   Жазушыны   толғандыратын   бір   тақырыптың   стихиялы

түрде   және   саналы   түрде   дамуын   біртұтас   творчестволық   процестің   екі

арнасы ретінде де қарастыруға болады.

2.Тақырыптың   көркемдік   дамуы   (развертывание)   –   ұзаққа   созылатын

процесс. Тақырыптың шығармадан шығармаға біртіндеп өсу жолын зерттеу –

жазушының   дүниетанымындағы   негізгі   бастауы,   оның   көркемдік   ойының

даму бағдарын және өмірдегі өзгерістерге байланысты пайда болатын жаңа

мәселелердің суреткер санасына тигізетін әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Енді осы «ішкі тақырып» немесе негізгі тақырып мәселесін жазушы Оралхан

Бөкеевтің творчествосын негізге ала отырып тілге тиек етейік. 

О.Бөкеевтің суреткерлік әлемінің бір ерекшелігі жазушыны толғандыратын

мәселелер   –   «мәңгілік   мәселелер»   екендігін,   бірақ   ол   сол   мәселелердің

себебін   өзіндік   дүниетаным   тұрғысынан   шешуге   ұмтылатыны   бірден

байқалады.   Жазушының   алғашқы   шығармаларының   бірі   –   «Мұзтау»

повесінен   (1974)   бастап   кейінгі   кезде   жарық   көрген   «Атау-кере»   повесіне

(1989) дейінгі аралықтағы шығармаларындағы кейіпкерлер – «адам орманда»

адасқан жандар немесе сол «орман» қиындығын жеңгісі келіп, жол іздеген

пенделер.   Жазушы   адамдар   арасындағы   теңсіздіктің   себебін,   олардың   бір-

бірімен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы арқылы тіршілік философиясын

өзінің   де   түсінгісі   және   өзгеге   де   түсіндіргісі   келеді.   «Қалай   өмір   сүру

керек?»,   –   деген   сұраққа   жауап   беруге   тырысқан   суреткер   қоғамдағы




теңсіздіктің бір себебін табиғаттың өзінен іздейді. Тағы бір маңызды нәрсе:

тақырыптың   көркемдік   дамуы   (развертывание)   ұзққа   созылатын   процесс.

Тақырыптың   шығармадан   шығармаға   біртіндеп   өсу   жолын   зерттеу   –

жазушының   дүниетанымындағы   негізгі   бастауды,   оның   көркемдік   ойының

даму бағдарын және өмірдегі өзгерістерге байланысты пайда болатын жаңа

мәселелердің суреткер санасына тигізетін әсерін анықтауға мүмкіндік береді. 

О.Бөкеевтің суреткерлік әлемінің бір ерекшелігі жазушыны толғандыратын

мәселелер   –  «мәңгілік   мәселелер»  екендігін,   бірақ   ол   сол   мәселелердің

себебін   өзіндік   дүниетаным   тұрғысынан   шешуге   ұмтылатыны   бірден

байқалады.   Жазушының   алғашқы   шығармаларының   бірі   –   «Мұзтау»

повесінен   (1974)   бастап   соңғы   кезде   жарық   көрген   «Атау-кере»   повесіне

(989) дейінгі аралықтағы шығармаларындағы кейіпкерлер – «адам орманда»

адасқан жандар немесе сол «орман» қиындығын жеңгісі келіп, жол іздеген

пенделер.   Жазушы   адамдар   арасындағы   теңсіздіктің   себебін,   олардың   бір-

бірімен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы арқылы тіршілік философиясын

өзінің   де   түсінгісі   және   өзгеге   де   түсіндіргісі   келеді.   «Қалай   өмір   сүру

керек?»   –   деген   сұраққа   жауап   беруге   тырысқан   суреткер   қоғамдағы

теңсіздіктің бір себебін табиғаттың өзінен іздейді. 

Кез-келген   журналистің   шеберлігі   тақырыпты   таңдай   білуінен   байқалады.

Өйткені мақаланың оқырманды тарта білуі тақырыпты сәтімен ойластыруға

тікелей   байланысты.   Әрине   газет   тәжірибесінде   әдемі   тақырып   таңдап

отыруға уақыт бола бермейді. Алайда белгілі бір журналист өзінің талантын

оқырмандарға аңғарту үшін белгілі бір тақырыпты таңдап алып, оған барлық

қабілет-қарымын   сала   отырып,   оны   «жұтындырып»   шығаруға   күш   салуы

қажет.   Бұл   арада   журналист   екі   нәрсеге   мән   беру   керек:   1.   Тақырыптың

оқырманды   тарта   білуі,   2.   Сол   сәттегі   өзекті   мәселені   тақырыптың   қамти

алуы. Егер осы екі жайт мұқият ескерілмесе журналистің еңбегі зая кетеді.

Сондықтан   тақырыпты   таңдау   мәселесінде   «жеті   рет   өлшеп,  бір   рет   пішу

керек». 

Табиғатына сәйкес тақырыптар шартты түрде төмендегідей үшке бөлінеді: 

1.

Оқырманды еліктіретін қызықты тақырып. 



2.

Күнделікті елең еткізетін оқиғалық тақырып 

3.

Сараптамалық сипаттағы танымдық тақырып



Егер осы айтылған үш жайттың біреуін журналист мұқият таңдап жан-

жақты зерттеп жазса, мақаланың сәтті шығатыны анық. Бұл жөнінде ғалым

Э. Лазарева, М. Черепахов және басқалар да жан-жақты жазған.   

Сонымен   қатар   белгілі   бір   журналистер   тек   бір   тақырып   төңірегінде

маманданады. Бұның ұтымды тұстары жеткілікті. Себебі ол жылдар бойы өз

тақырыбының   нағыз   шебері   болып   қалыптасады.   Мәселен,   қазақ

журналистикасының   һас   шебері   Жанболат   Аупбаев   сирек   тұлғалар,   сирек

фактілер   туралы   танымдық   материалдарымен   оқырмандардың

ризашылығына бөленген. Автор бұл материалдарын уақыт өте келе топтап

алып, жеке жинақ етіп шығарып отырған. Яғни автор «өлмейтін» тақырыпты

таңдап алған. Қазақ журналистикасында мұндай мысалдар көптеп саналады.



Тақырыпты   таңдау   дегенде   екі   мәселеге   назар   аударған   жөн.   Біріншісі,

журналистің белгілі бір тақырыпты игеруі. Екіншісі, белгілі бір материалға

тақырып қою. 

Қазақ   журналистикасында   өз   тақырыбын   тапқан   талантты   публицистер

баршылық. Олардың қатарында Жанболат Аупбаев, Несіп Жүнісбаев, Қайнар

Олжай,   Бауыржан   Омарұлы,   Талғат   Батырхан   және   басқаларды   атауға

болады.   Олар   белгілі   бір   тақырыптарға   маманданып   сол   тұрғыда   тамаша

дүниелер жазды. 

Екіншісіне байланысты айтпағымыз, ол – тақырып қою. Тақырып – материал

идеясының   жалпы   көрінісі   болса,   ал   материал   дегеніміз   –   ойға   алған

тақырыпты   тұлғаландырып   шығаруға   қажетті   шикізат.   Автордың   сол

материалды ой қазанында балқытқаннан кейін, енді қандай қалыпқа келтіріп,

оған қандай рух беруі талантының дәрежесіне, қазіргі заманға көзқарасының

ауқымы   мен   тереңдігіне   байланысты.   Тақырыпқа   назар   аудару,   беттегі

материалдың   тақырыбына   қарай   талғам   жасау   –   әр   оқырманның   міндеті.

Ендеше тақырыпты қоя білу де тапқырлықты, білімділікті талап етеді.

Тақырып – әр материалдың аты, атауы.

Тақырып   деген   сөздің   екі   мәні   бар:   1.   кең   көлемдегі   тақырып   (ауыл

шаруашылығы, экономика, саясат т.с.с.); 2. бір хабардың, мақаланың аты.

Тақырып қоюдың негізгі міндеттері:

1.

Нақтылық, өткірлік.



2.

Тартымдылық.

3.

Қысқалық.



4.

Сауаттылық.

А)   Бас   тақырып   –   біртекті   бірнеше   материалдың   басы   құралғанда

берілетін тақырып (Бір бетке беріледі).

В)   Жанама   тақырып.   Тақырыптан   кейін   соның   мазмұнын   айқындай,

толықтыра түсу үшін.

Публицистика   компоненттерінің   ішінде   тақырып   мәселесі   өзінше   роль

атқарады. Ол журналистің суреттеу объектісі ретінде өмір құбылыстарының

қандайына   айрықша   назар   аударатынын,   нені   маңызды   деп   білетінін

танытады. Былайша айтқанда тақырып – автордың дүние танымын, идеялық

тұрғысын   анықтайтын   айғақтың   бірі.   Бірақ   оны   өз   орнында   алып,   өзге

көрсеткіштердің   қатарында   дұрыс   түсіну   керек.   Мұнда   да   екі   шекке

шығушылық   мәселенің өңін айналдырады. Бірі – тақырыпқа шамадан тыс

артық   мән   беріп,   тақырып   маңыздылығымен   көркемдік   кемшілікті

білмеушілік, екіншісі тақырыпқа еш мән бермей, оған немқұрайды қараумен

оқушы назарын өмірдің негізгі салаларынан аударып, болмашы нәрсеге бой

ұрушылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет