Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Бақылау сұрақтары

1. Аналитикалық журналистикадағы «тақырып» мәселесі 

2. Тақырыптың көркемдік дамуы 

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.



Дәріс   №23.

 Қазіргі   аналитикалық   журналистиканың   негізгі

тақырыптары 

Лекция мақсаты: Қазақстандағы аналитика жанрына сипат

беру.


Лекция   мәтіні. 1. Қазақстандағы аналитикалық жанрлардың дамуы 

Қазақстандағы   әзірше   ел   құлақ   түретін,   сеніммен   қарайтын   беделді

институттардың   бірі   -   баспасөз.   Оның   сөзі   ресми   мәлімдемелер   мен

дипломатиялық   рауттардағы   спичтерден   де   дуалы   екенін   іш   те,   сырт   та

аңғарады, журналистиканың ілгерінді ой мен идея инвестициялайтыны және

мәлім.   Бірақ   бір   қамығарлығы,   қазақ   көсемсөзі   жағымды   өнегеден,   оң

мысалдан алыстап барады. Біздегі жақсы мәлімет, жібі түзу кейіпкер саны  

әзірге   формулярлық   тізімнің   басынан   аса   алмай   келеді.   Масс-медиа

алаңында   тер   төгіп   жүрген   әріптестеріміз   Жан   Батист   Мольердің:

«Жақыныңның   жабығуы   жаныңды   жадыратады»,   -   деген   әзілінен   алысқа

ұзамайтын сықылды. Әрине, Қазақстандағы кей проблеманы бейнелеу үшін,

шындықтың бетіне  тіктей қарау  үшін кей  ретте Персейдің  қалқаны керек.

Заманалы   журналистика   билікпен,   әкімшілікпен   тайсақтамай   тілдесе   алса

ғана - ол «төртінші билік». Ол, әлбетте,  әр журналистің өзіндік талғамы мен

азаматтық ұстанымына тікелей пропорционал.

Электронды   коммуникация   бұл   күндері   бұқаралық,   халықтық   сипат   алып

келеді. Оны пайдаланушылардың сауаты  да, білімі мен біліктілігі де жүре

келе өседі. Ол ағымдағы кезеңде белгілі бір дәрежеде сауат ашудың ролін

атқарып   отыр.   Таяу   болашақта   оқулықтар   мен   оқу   құралдары   планшеттік

компьютерге   -   iPad-қа   көшірілуі   ықтимал.   Қазақстан   мен   Ресей   қазірдің

өзінде бұл шараға қомақты қаржы бөліп, қажетті өндіріс саласын іске қосуға

кірісіп   кетті.   Сырттан   тасымалданған   таңсық   технология   мен   әлем-жәлем

бұйым емес, өзіндік төл товар. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда өздерін

әлеуметтік   пікірді   зерттеу   институттары   деп   жарнамалап   жүрген

мекемелердің білігі де, кәсіби ұстанымы да қалыптасу, даму үстінде. Демек,

олардың   деректері   әлі   бе   болса   әлсіздеу,   халықаралық   қауымдастықтың

сеніміне ие болып отыр деп айта алмаймыз. Сондықтан баспасөздегі озық

идеялар   мен   пікірлерді   жинақтайтын,   сараптайтын   инновациялық   идеялар

банкін,   әр   оқытушының   ғылыми-шығармашылық   жұмыстары   мен

құжаттарының   ақпараттық   банкін   ұйымдастыру   қажет.   Ол   сателлиттік

пиғылдан ада, батыстық, не болмаса ресейлік бағдардың ықпалында болмауы

тиіс. Сонымен қабат озық идеялар, инновациялық жобалар құнды қағаздар

сияқты   биржада   сатылуы   керек.   Рыноктық   қарым-қатынас   заңының   бір

парасы, міне, осы.   Бүгінгі таңда дәурені жүре бастаған әлеуметтік желілер,

электронды ақпарат құралдарының ықпалы мен әлеуеті де әлсірейтін кез әлі

алда. Ол да классикалық информация құралдары сияқты келе-келе модадан

қала бастайды. Сол уақытты мөлшерлеп көрсете алатын, модельдей алатын

қызмет керек. Ол рынокты жобалау, товар ассортиментін өзгерту, ақпараттық

қауіпсіздікті   қамтамасыз   ету,   жаңа   тұрпаттағы   мамандарды   даярлау   үшін

қажет. Олай десек, аталы сөз министрлер мен ректорлардың аузынан қашан

шығар   екен   деп   жаутаңдап   отырудың   жөні   жоқ.   Теориялық   журналистика



саласында   еңбек   етуші   ғалымдардың   девизі:   «Мен   ата-бабалар   көсемсөзі

қисынын   ұшпаққа   шығарамын»,   -   болса,   сақа   қаламгерлердің   де,   жас

талапкерлердің   де   басты   принципі:   «Мен   ұлттық   журналистикаға   қызмет

етемін», - болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет