Бақылау сұрақтары
1.БАҚ әлеуметтік қажеттілік
2.Қоғамдық сана.
3. БАҚ-тың интеракциясы.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №3 Ақпарат көздері анализі, аналитикалық қызмет
Жоспар:
1.БАҚ ақпарат көзі.
2.Репортажды жоспарлау, анализ.
3. Ақпаратты алу көздері, аналитикалық қызмет.
Лекция мақсаты: Қазақстандағы ақпарат көздеріне анализ жасау,
аналитикалық қызмет сапасына баға беру.
Лекция мәтіні. 1. Ақпарат көзі дегеніміз – мақалаңызды құру элементтері.
Жақсы ақпарат көзін тапсаңыз, мақала өзінен-өзі жазылады. Ал егер жақсы
ақпарат көзін жоғалтып алсаңыз, материалыңыздың қалай баяндалғанына,
тақырыптың маңыздылығына немесе батыл берілуіне қарамастан, жариялауға
жарамсыз болып қалады. Ақпарат көзін бағалау кезінде аса сергек болыңыз
әрі өз-өзіңізге сын көзімен қарауды да ұмытпаңыз. Сізге беріп отырған
ақпараттың анық-қанығын жақсы білетіндей ақпарат көзі лауазымды қызмет
атқара ма, сенімді ме, әлде әншейін қауесетке сүйеніп жүргендер ме? Сіздің
оқиғаны баяндау барысында келтірген дәлелдеріңіз қатал тексерістен немесе
тәуелсіз тексеруден өте ме? Нақтылайтын ақпарат көздері бір-бірінен тәуелсіз
бе? Егер сіздің мақалаңыз белгілі бір құжаттарға негізделіп жазылса, ол
құжаттар сізде бар ма? Әлде ауызша естігеніңізге сүйеніп жаздыңыз ба?
Ақпарат көзінің сенімді болуы өз алдына, жақсы журналист ақпарат
көздерінің ашықтығына да иек арта алады. Ақпарат көздеріне сүйене отырып
салмақты материал жазып шығатын болсаңыз, аудитория оның сенімділігі
мен объективтілігі жөнінде өзіндік пікір қалыптастыра алатын болады.
Қақтығыстар, дау-дамай және айтыс-тартыс туралы материал дайындағанда
ақпарат көзіне нақты анықтама беру өте маңызды. Журналист басынан
бастап-ақ материалды барынша сенімді етіп дайындап, өзін «бейтараптықты
сақтамады» деген айыптан қорғауы тиіс. Ақпарат көзін анықтау үшін «Оны
біз қайдан білеміз?» деген сауал туындайтыны заңдылық. Осы сауалды қою
арқылы қарсы тарап ақпараттың сенімді екенін дәлелдеуді талап ете алады.
Мысалы, біз «төбелес кезінде 12 адамның қайтыс болғанын» білеміз, оны
бізге біреу айтты немесе өзіміз мүрделерді санап шықтық дейік. Ал егер
ақпарат көзі қарсыласушы екі тараптың бірі болса, біз оның шынайылығына
қалай көз жеткіземіз? Үкіметтің есебіне сүйенсек, биылғы жылы пісте
өндірісі өскен. Алайда, үкіметтің есебіне құлай сенуге бола ма? әлде басқа да
ақпарат көздерімен салыстыру керек пе? Ең басты міндет – ақпарат көздерін
оқырман өзі шешім қабылдай алатындай етіп көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |