Бағдарламасының тақырыбы «Жасөспірімдердің ауытқушы (девиантты) мінез құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түзету»


Психокоррекциялық жұмыстың әдістемелік негізі



бет12/21
Дата07.02.2022
өлшемі85,45 Kb.
#94566
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Психокоррекциялық жұмыстың әдістемелік негізі:

Мектеп әкімшілігі, ата-аналар, мұғалімдермен әңгімелесу барысында қазіргі таңда жасөспірімдердің мінез – құлқындағы ерекшеліктер үлкен мәселе туындатып отырғанын көріп отырмыз. Ол жасөспірімдердің дау-дамайға көп түсуі, өзін-өзі басқара алмай қалуы т.б. болып табылады. Баланың дамуы өзінің мәдени - әлеуметтік ортаға кіруімен сипатталады, яғни баланың әлеуметтенуі және бейімделуінің қалай жүріп жатқанына тәуелді. Психокоррекциялық жұмысты жүргізуді мектеп әкімшілігінен, ата – аналардан және жасөспірімдердің өздерінен рұқсат алу қажет. Кіші топта жасөспірімдер арасындағы табиғи өзара іс - әрекетте арнайы механизмдер көрініс береді; мұндай арақатынас үрдісінде жасөспірімдер бір – бірін жеткілікті түрде танып алады. Өзін және басқаларды түсінуге үйренеді, қабілеттерін көрсетеді, қандайда бір жағдайда нені іске асыру керектігін біледі.
Тренингті жүргізушінің мақсаты – балалардың іс-әрекетінде тең құқықтың сақталуын қадағалау. Бағдарлама сабақтың мақсатын сақтай отырып, оның басқа бөлімдерін тапсырмаларын, жаттығуларын, материалдарын, тапсырманың өту ұзақтығын өзгертуге болатындай етіп жасалған. Жаттығулар сабақтан тыс уақыттарда өткізілетін болғандықтан сабақ кестесі қысқартылған күндері таңдалынып алынғаны жөн. Әрбір сабақ балалардың эмоциялық жағдайы мен қызығушылықтарына байланысты 40 минуттан 12 сағатты қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет