Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайыстың сценарийі Өтілетін орны



Дата25.08.2017
өлшемі79,09 Kb.
#26717
Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайыстың сценарийі

Өтілетін орны: мәжіліс залы

Өтілетін мерзімі: 8 мамыр 2013 жыл

Жүргізушілер:

  1. Чанваева Бактыгуль

  2. Кусаинова Назым

.

1-Жүргізуші,Назым :

Қайырлы күн, ұстаздарым,

Жайнаған жүрегіңде жарқылдарың.

2-Жүргізуші, Бақтыгүл:

Армысың, жиылған топ, үлкен-кіші,

Армысың, айналайын, алтындарым!
1-Жүргізуші, Назым:

Құрметті қонақтар, баршаңызды бүгінгі мектепішілік “Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайысқа қош келіпсіздер дейміз.



2-Жүргізуші, Бақтыгүл::

Сайыстың мақсаты :



  1. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту

  2. Кәсіптік деңгейін арттыру

  3. Топтық жұмыс жасауға үйрету

Мектеп мұғалімдері еңбек өтіліне қарай 3 топқа топтастырылды.

1-топ, жас буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 1-10 жылға дейінгі мұғалімдер.

2-топ, орта буын мұғалімдері тобы, бұл топқа еңбек өтілі 10-13 жылға дейінгі мұғалімдер біріктірілді.

3-топ, жоғары буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 14-29 жыл аралығындағы мұғалімдер топтастырылды.

Ал еңбек өтілі 30 жыл аралығындағы мұғалім ардагер ұстаз ретінде Бибигул Кадесовна қазылар алқасы құрамынан орын алды. Мектебіміздің зейнеткер ұстазы Даниярова Шолпан Құмарбековна. Мектеп әкімшілігінен мектеп директоры Серик Каманович, бастауыш мұғалімі Малика Мажитовна әділқазылар алқасы болып сайланды.

1-Жүргізуші, Назым:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-Жүргізуші, Бақтыгүл::

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы, таныс болыңыздар, үш буын өкілдері:

1-топ, жас буын өкілдері «Жас ұландар» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – жасыл түс, яғни білім саласында енді көктеп келе жатқан жасыл жапырақ белгісі.

2-топ, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – қызыл түс, яғни білім саласында қып-қызыл оттың, жалындаған жастық шақтың белгісі.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – сары түс, яғни білім саласында кемел шақтың, іс-тәжірибенің толысқандығының белгісі.
1-Жүргізуші, Назым

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазалр алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дей отырып, ақ түсті шарфты ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар.

(ақ шарф тағылады)

Қадірменді қонақтар, өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен командаларға сәттілік тілей отырып, орындарына жайғастырайық.



2-Жүргізуші, Бақтыгүл::

Құрметті қонақтар, сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І кезең. Шығармашылық көрме.

ІІ кезең. Эссе, мұғалімдер сырттай төмендегі тақырыптар бойынша ой-толғау жазған болатын:

  1. Еркін тақырып.

  2. «Қол жетті, міне, аңсаған күнге...»

  3. Менің ұстаздық кредом...

ІІІ кезең. Сахна төрінде өткелі отыр... ол мынадай бөлімдерден тұрады...

  1. Команда мүшелерімен таныстыру. Топтың аты, эмблемасы (3 мин)

  2. Сән үлгісі. Болашақ мұғалім моделі (3 мин)

(Мұғалім - кеше, бүгін, ертең)

3. Панорамалық сабақ (5мин) «Жаңашылдық жолында», Әрбір сабақ ақ жауын болып жауады.

4. Тосын тапсырма (5мин)

( сөздер беріледі оны жетекшілері жасырады, тобы ол сөздерді шешу керек.)

5. “Мұғалім болу қандайды?... ’’ рольдік көрініс (әзіл)

7. Сұрақ -жауап

8. Өнер

1-Жүргізуші, Назым

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Сайыстың бірінші бөлімі «Таныстыру». Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.


  • «Өрлеу» тобы

  • «Нұрлы жол» тобы


2-Жүргізуші, Бақтыгүл:

Көтеріп жүктің салмағын,

Жолында өмір талмадың.

Мерейің қандай шуақты,

Ұстазым – асыл арманым!
Сайыстың келесі кезеңі - сән үлгісі, «Болашақ мұғалім моделі», яғни біздің ұстаздарымыз мұғалімнің кешегі, бүгінгі және ертеңгі киім үлгісін көрсетеді.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.



  • «Өрлеу» тобы

  • «Нұрлы жол» тобы


1-Жүргізуші, Назым:

Балғындарға баянды,

Сырын төккен – ұстазым!

Шәкіртіне аяулы

Нұрын төккен – ұстазым!

, «Сайыстың келесі кезеңі – панорамалық сабақ үлгісі Әрбір сабақ ақ жауын боп жауады», яғни әр топтан бір мұғалім жаңашыл үлгідегі сабақ үлгісін қорғайды.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.


  • «Өрлеу» тобы

  • «Нұрлы жол» тобы


2- Жүргізуші,Бақтыгүл

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көре-тұғын көзім бар.

Сайыстың келесі кезеңі - Тосын тапсырма

( сөздер беріледі оны жетекшілері жасырады, тобы ол сөздерді шешу керек.)

.

Назым:


  • Бақтыгүл, сен қалай ойлайсың, нағыз мұғалім қандай болу керек?

Бақтыгүл:

  • Ой, Назым, білетінім нағыз мұғалім 56 түрлі мамандық иесі болуы керек дегенді естігенім бар.... ендеше осы сұрақ айналасында біздің сайысқа қатысушы ұстаздар ізденісін әзіл түрінде әзірлеген екен. Сайыстың келесі кезеңі – «Мұғалім болу қандайды?...» рольдік көрініс әзіл түрінде

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас ұландар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы

  • «Нұрлы жол» тобы

. Келесі сайыс Сұрақ -жауап деп аталады топ мұшелері жеке өзіне ғана қойылған сұраққа жауап беруі тиіс:




    1. Қ.Р. Білім министірі кім? (

    2. Лауазымыңыз бойынша міндетіңіз қандай бірнешеуін атаңыз.

    3. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданған? (1989 жыл

    4. Оқушының білм сапасын қорытындылау тәсілдері

    5. Мақсаты оқушыларды қалыптастыру мен дамытуға негзделген ғылым? педагогика

    6. Білім беру процесінің түпкі нәтижесі? Білім

    7. Қ.Р Мемлекеттік елтаңбасының афторлары кім? Улиханов , Мәлібеков

    8. Оқу пәндерінің құрамын жылдар бойынша анықтап, оларға берілетін сағат санын белгілейтін мемлекеттік құжат не? ( Мемлекеттік білім беру стандарты)

    9. Білім заңы қай жылы қабылданды? (2007 жыл 20 шілде №319 заң)

    10. Я. Каменскийдің педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі процестерін қисындаған еңбегі? («Ұлы дидактика»)

    11. Нормативтік құқықтық базаға қаңдай құжаттар жатады? (Заңдар, қаулы, бұйрық, бағдарлама...)

    12. Таным процестерді ата (зейін, қиял, ойлау, қабылдау, есте сақтау...)

    13. Баланы ынталандырудағы әдісініз? (марапаттау)



Назым

  • Иә, Бақтыгүл, дегенмен мұғалімдік еңбектің зор құрмет, әрі қиын, әрі қызық екендігіне біз бүгінгі күні тағы да көзімізді жеткіздік. Біздің ұстаздарымыз сабақтарын шебер өткізіп, шәкірттерін биік шыңға жетелеп қана қоймай, шеттерінен ӨНЕРПАЗ...

Бақтыгүл

  • Олай болса, сахна төріне жас буын өкілдерінің «Жас ұландар» тобын өнерін тамашалайық.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

  • «Өрлеу» тобының ұстаздарының--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------.

-«Нұрлы жол» тобының -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
І- Жүргізуші Назым,

Құрметті қонақтар, қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарып болғанша



2- Жүргізуші,: Бақтыгүл:

Сахна төріне өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен мектебіміздің ұстаздарын шақырамыз.

1-топ, жас буын өкілдері «Жас ұландар» тобы.

2-топ, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы.

Сайыстың қорытындысын жариялау үшін сахна төріне қазылар алқасы құрамын шақырамыз.


1-Жүргізуші, Назым:

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерін шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменің көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.
2- Жүргізуші, Бақтыгүл:

Тіршілік- арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің, Бәрің де аман болыңдар! – дей отырып, бүгінгі сайысты аяқтаймыз.

1- Жүргізуші, Назым:

Көңіл қойып тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз.


2- Жүргізуші, Бақтыгүл:

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар!


Пікір жаздыру

Абай, кітап , мереке жатахана, технология, дидактика, заң, уақыт мүдір, тақта, кітапхана.



Компютер. Проектор сабақ, аттестация, сотовый телефон, оқушы, Назарбаев, педагогика , ата-ана. Химия , ғылыми жоба, мұғалім, өзін-өзі тану, мақтау қағазы, ҰБТ. Сабақ кестесі ,флешка, каникул, сайыс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет