Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру Моля



Дата06.02.2020
өлшемі59,4 Kb.
#57282
Байланысты:
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру, Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру, Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру Моля
Кіріспе
Қазіргі кезде ғылымның барлық дерлік салаларында математикалық әдістерді қолдану қажетті шартқа айналды. Ол өмір талабынан, ғылыми-техникалық прогрестік дамуынан туындайды.

Ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты, сондықтан да мектепте оқытылатын пәндер бір-бірінен алшақ бола алмайды. Пәнаралық байланыстар мектепте ғылым негіздерін терең және жан-жақты меңгерудің дидактикалық шарты, әрі құралы болып табылады. Олар оқушылар білімінің ғылыми деңгейін көтеруге, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Мектептің алдына қойған ең негізгі мақсаттардың бірі – ғылым негіздерін оқытудың ғылыми деңгейін арттыру.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру – оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі үдеріс. Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндердің, оқушылардың санасына әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы пәндердің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.



Пәнаралық байланыстар – пәндердің мақсаттарының, мазмұндық және құрылымдық элементтері функцияларының оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырылған жағдайда білімнің тиянақты болуына, оны жалпылауға және жүйелеуге, жалпыланған білік пен дағдыны қалыптастыруға, нәтижесінде біртұтас ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға жағдай туғызады. 

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқу материалының қайталануына жол бермейді, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және оқушылардың жалпыланған білімдері мен біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстың өзектілігі: Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс – қазіргі замандағы ғылымының, ғылымдардың бірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын анықтаудың басты шарты болып табылады.

Диплом жұмысының жаңалығы: Математика мен физика арасындағы пәнаралық байланыс қазіргі кездегі математика ғылымының мақсат-міндеттері мен ғылыми кеңістікте алатын орны және математика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы–пәнаралық байланыс. Математика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі пәнаралық байланыстың педагогикалық мәнділігімен, негізгі мектеп математика курсын оқытуда пәнаралық байланыстыорнатудың нақты қажеттілігінен туындайды.



Диплом жұмысының мақсаты – жалпы білім беретін орта мектептерде пәнаралық мазмұндағы есептерді қолдану арқылы математиканың басқа пәндермен байланысын жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау.

Диплом жұмысының міндеттері:

-Математиканы оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың теориялық негіздерін зерттеу.

-Негізгі мектептегі математиканы оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың теориясы мен практикасының жағдайын талдау.

- Пәнаралық мазмұндағы есептерді қолданып математика сабақтарын құру.



Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы – бұл осы жұмыста көрсетілген есептер және негізгі мектепте математиканы оқытуда пәнаралық мазмұндағы есептерді қолданып құрылған сабақтардың негізгі мектептің оқу үдерісінде, жалпы білім беретін орта мектептерде математикадан оқу-әдістемелік құралдар құрастыруда, сонымен қатар педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің математиканы оқыту әдістемесі пәнін оқу үдерісінде қолданыс таба алады.

Қазіргі кеңейіп келе жатқан ғылымды математизациялау процесі мектептегі математиканы оқытуға айтарлықтай әсер етеді. Математика тек есептеу аппаратын, табиғат заңдарының қарапайым алгебралық және тригонометриялық функциялар түрінде сипаттау тәсілдерін ғана бермейді, сонымен бірге мектеп курсының пәндерінде мектептеғылыми оқыту деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін идеялық қатынастарды қалыптастырады.

Оқушыларды математикаға оқытқанда мұғалім ең алдымен, математиканың пайда болу көзі нақты дүниеекенін және біздің математикадан алған біліміміз практикада қолданунәтижесінде осы нақты дүниеге қайта оралатынын көрсету мақсатын қоюы керек.Осы білім қаншалықты терең әрі кең болса, соншалықты оның өмірге ену дәрежесі кең болады.

Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарды,теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де,айырбасталмайтын құралы болып табылады.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,оларды тәрбиелеуде,біліктері мен дағдыларының қалыптасуында,математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор.

Математикалық білімнің басқа сәйкес пәндерді оқытудағы маңыздылығы жәнесабақта шығарылатын есептердің қолданбалық сипаты туралы көп айтылғанымен,сәйкес пәндердің материалын және математика курсының есептерін қарастырсақ,бұл сұрақтың әлі де ашық тұрғанын байқауға болады.Қазіргі кезеңде математиканың пәнаралық байланысының мағыздылығын ұғыну ерекшелігі – бұл оқушылардың тіптен әртүрлі білімді, сонымен біргематематика туралы, математиканың техникада, жаратылыстану, гуманитарлықғылымдарда, экономикадағы және т.с.с. ролі туралы, әртүрлі дереккөздерден –газет, журнал, теледидар, ғаламтордан – алатыны. Оқушылар математика сабақтарында алған білімдерін естіп-оқығандарымен салыстырып, сабақтаоқыған үстірт және абстрактілі математика мен қазіргі ғылымның нақтыпроблемаларының арасындағы байланысты көрмейді.Мұғалімдердің көпшілігі, өкінішке орай, негізінен тек оқулықтар мен оқу құралдарына ғана бағдарлап, пәнаралық байланысты жүзеге асыруқажеттілігін ескермейді.



Пәнаралық байланыс мектепте ғылым негізін терең, әрі жан-жақты меңгерудің құралы және дидактикалық шарты болып табылады. Мектеп математика курсындағы пәнаралық байланыстарды анықтау білімді терең игеруге, ғылыми көзқарасты, материалдық дүниенің бірлігін, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысынқалыптастырады. Мұның өте үлкен тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми білім деңгейін жоғарлатады, олардың шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау қабілетін дамытады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру материалды оқуда қайталауды жояды, уақыт үнемдейді және оқушылардың жалпы ғылыми білім мен біліктілігін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасайды. Қазіргі ғылымда химикке математикасыз, математикке физикасыз, химиясыз қиын болып барады. Қазіргі заманғы ғылым ерекшелігі – әлем туралы білім синтезі – мұндай оқытуды талап етеді. Бұл оқушыларға оқу пәндеріндегіболмыс құбылыстарының өзара байланысының бейнесін көрсету үшін қажет. Пәнаралық байланыстар: біріншіден, бағдарламалар мен оқулықтар арасындағы өзара келісушілікті; екіншіден, әртүрлі пәндер мұғалімдерінің жұмыс жүйесіндегі келісушілікті және сабақ барысында заттар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыруды; үшіншіден, басқа пәндерде игерген білімдерін қайта жаңғыртып, оларды өтілетін жаңа материалға қолдана алуға байланысты оқушылардың ойлау іс-әрекетін алдын ала ескереді. Көпжақты пәнаралық байланыстар көмегімен тек оқушыларға білім беру, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін сапалы жаңа деңгейде шешу ғана емес, сонымен бірге нақты болмыстың күрделі мәселелерін кешенді көру және шешу үшін іргетас қаланады. Сондықтан да пәнаралық байланыстар оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің кешенді тәсілінің маңызды шарты және нәтижесі болыптабылады.

Пәнаралық байланыстардың функциялары:

1 әдіснамалық – тек оның негізінде оқушыларда табиғатқа деген диалектика-материалистік көзқарас, оның дамуы мен тұтастығы туралы түсінік қалыптасуы мүмкін, өйткені пәнаралық байланыстар қазіргі жаратылыстану әдіснамасының оқытуда бейнеленуін қамтамасыз етеді;

2 білім беру – соның көмегімен мұғалім оқушыларда жүйелілік, тереңдік, жете түсінушілік сияқты жеке білім қабілеттерін дамытады. Пәнаралық байланыстар жаратылыстану ғылымдарының түсініктерін дамыту құралы ретінде орын алады, олардың арасындағы байланыстары игеруге мүмкіндік туғызады;

3. дамыту– оқушылардың жүйелі және шығармашылық ойлауында, табиғатты танымында олардың танымдық белсенділігін, дербестігін және қызығушылығын қалыптастырудағы ролі анықталады. Пәнаралық байланыстар ойлаудың пәндік енжарлығын жоюға және оқушылардың ой өрісін кеңейтуге көмектеседі;

4. тәрбиелеу – оқытуда оқушыларды барлық бағытта тәрбиелеуге жәрдемдеседі. Мұғалім басқа пәндермен байланыстарға сүйене отырып тәрбиелеудің кешенді жолын жүзеге асырады, идеялы-тәрбиелік және политехникалық бағыттылықты жоғарылатады;

5. конструктивтік – бұл функцияның көмегімен мұғалім оқу материалының мазмұнын, білім беруді ұйымдастырудың әдістері мен формаларын жетілдіреді [4,21].

Пәнаралық байланысты жүзеге асыру мұғалімдермен пәндер мен оқу және сабақтан тыс жұмыстардың кешенді түрлерін бірлесіп жоспарлауды талап етеді.

Пәнаралық байланыстың мәні:

– сабаққа деген қызығушылықты арттыруға жағдай жасайды;

–пәнге деген қызығушылықты арттырады;

– сыбайлас облыстардың білімдерінің арасындағы қызығушылықты тереңдетеді;

– танымдық іскерліктер өзгереді:

а) оқу жұмысының жалпы пәндік іскерліктері дамиды;

б) сыбайлас пәндерде оқылатын материалды талдай алу, салыстыру іскерлігі жетілдіріледі;

в) білім мен іскерлікті бір пәннен басқа пәнге көшіру іскерлігі қалыптасады;

г) бағалай алу іскерлігі қалыптасады, яғни практикалық есептерді шығару үшін бірнеше пәндердің арасынан қажетті білімді таңдау және қолдана алу іскерлігі.

Пәнаралық байланыстардың педагогикалық функциялары туралы алуан түрлі пікір айтулар олардың нақты оқу процесінде көпжақты көріністерімен түсіндіріледі. Сонымен қатар педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жеткіліксіз есепке алынғаны білінеді. Пәнаралық байланыстар оқушыларды технологиялық оқыту мен тәрбиелеудің кешенді жолының маңызды шарты және нәтижесі болып табылады. Өз пәнін ғана білу шығармашылық оқытудың жақсы мүмкіндіктерін бермейді. Әр педагог оқудағы белсенділікті орнатуынан сабақтың, дәрістің, әңгіменің, кез келген тәрбиелік іс-шараның жетістігі тәуелді болатынын жақсы біледі. Оқушылардың белсенді іс-әрекетіне әкелетін қызығушылықты орнату қажет.

Ғылымның басқа облыстарының білімін практикада қолдануға байланыста оқушылардың іскерліктері нақтыланады. Пәнаралық байланыстар мәселесі әркімнің жұмысындағы бастауыш болып табылатын жалпы білім беретін орта мектептердің ортақ мақсаттарымен тығыз байланысты. Ең біріншіден, бұл дүниетанымының қалыптасуы. Мектептегі пәнаралық байланыстар осы заманда ғылымда және қоғам өмірінде болып жатқан интеграциялық процестердің нақты көрсеткіші болып табылады. Бұл байланыстар оқушылардың практикалық және ғылыми-теориялық дайындығын жоғарылатуда маңызды роль атқарады. Жан-жақты пәнаралық байланыстар көмегімен нақты шындықтың күрделі проблемаларын кешенді көре алуға, келуге және шешуге іргетас салынады.

Пәнаралық байланыстар мақсаты оқушыларды әр түрлі пәндерден алған білімдерін жаңа мәселелерді шешуде өз бетімен қолдана алуға үйрету болып табылады. Сонымен қатар пәнаралық байланыстар осы заманғы өндірістің жалпы ғылыми негіздерін аша отырып оқытудың политехникалық бағыттылығын жоғарылатып қана қоймайды. Бір мезгілде оқушылардың рационалды ойлау қабілеттері дамиды, олардың білімге және еңбекке, техникамен жұмыс істеуге қызығушылықтары жоғарылайды.

Пәнаралық байланыстар бір оқу пәнінің басқа оқу пәнінің алдында тұрған мәселелерді шешудің құралы болуын қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланыстардың классификациясын қарастырайық, өйткені жіктелетін түсініктердің даму заңдылықтарын бейнелеп дұрыс жіктеу олардың арасындағы байланыстарды ашады, осы байланыстардың оқу процесінде жүзеге асырылуының ғылыми-практикалық алғышарттарын құруға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыстар алдымен өз құрылымымен сипатталады, ал пәннің ішкі құрылымы оның формасы болғандықтан, біз келесі байланыс түрлерін бөліп көрсете аламыз:

1. құрылымы бойынша;

2. іс-әрекет бағыты бойынша;

3. бағыттауыш элементтердің өзара іс-әрекет тәсілі бойынша.

Пәнаралық байланыстардың құрылымы оқу материалының мазмұнымен, қалыптасатын дағды, іскерлік және ойлау операцияларымен анықталатындықтан, оның бірінші формасында пәнаралық байланыстың келесі типтерін көрсетуге болады:

1) мазмұнды; 2) операциялық; 3) әдістемелік; 4) ұйымдастырушылық. Бірінші форманың әр типі өздігінен тағы түрлерге жіктеледі. (1-кестені қара). Екінші формада пәнаралық байланыстардың іс-әрекет бағыты бойынша негізгі түрлерін бөлуге болады. Байланыстың сәйкес жақтарын А, В, С, D және т.б. әріптермен шартты түрде белгілейміз. Егер В-ның А-ға бағытталған жағдайында бірбағытты байланысқа ие боламыз, егер В және С А-ға бағытталса онда бұл байланыс екі жақты болады, егер В, С, D… және .б. А-ға бағытталса, онда мұндай байланыс көп жақты болады .Байланыстың барлық осы түрлері тура (бір бағытта жұмыс істейді) және кері болуы мүмкін, немесе қалпына келтіруші, тура және кері екі бағытта да іс-әрекет жасайтын болса. Мысалы, – тура бір бағытты байланыс; 

– екі бағытты кері немесе қалпына келтіруші байланыс.

Пәнаралық байланыстың үшінші формасында, яғни уақыт факторы бойынша, байланыстың келесі типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) хронологиялық; 2)хронометрикалық. Хронологиялық – бұл олардың жүзеге асырылу тізбегі бойынша байланыстар. Хронометрикалық – бұл байланыс орнатушы элементтердің өзара іс-әрекет ұзақтығы бойынша байланыстар. Осы екі типтердің әрбіреуі пәнаралық байланыстар түрлеріне жіктеледі


2. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары
мен әдістері

Оқу тақырыбының пәнаралық байланысының теориялық негіздерін құру


оқытылатын пәннің нақты тақырыптарына пәнаралық байланыстарды анықтаужәне
жоспарлау механизмін қолдануға мүмкіндік береді.
Математика мұғалімі бұрын алынған білімнің мағынасы түсінілуін талап
ететін жүйені құруда, олардың математика сабақтарында жүзеге асыру үшін
қолдануына болатын бірнеше дидактикалық тәсілдер бар.
Кейбір дидактикалық тәсілдерді атап өтейік:
– оқылатын құбылыстардың мағынасын түсінуге және түсініктердің
қалыптасуын көздеу: қарапайым емес математикалық түсініктердің
оқушының алдын ала алған біліміне негізделуі, бұл әрқашанда терең
түсінуге және оларды практикада сенімді қолданылуына әкеледі.
– оқу материалын логикалық тұрғыда ұғынуға және баяндауға үйрету:
оқушылардың назарын зерттелетін құбылыстарды тек түсініп қана қоймай,
сонымен қатар оларды логикалық тұрғыда баяндау қажеттігіне аудару
керек. Олар гуманитарлы циклді пәндерде түсінік алады, бірақ
математика сабақтарында бұл аздау дәрежеде енгізілуі керек.
– Түсіндірмелі-көрнекілік әдістің проблемалық, ішінара-ізденушілік
әдістермен алмастыру. Егер мұғалім өз алдына оқушылардың зерделі
дербестігін қалыптастыру мақсатын қойып, жұмыста дәстүрлі әдістердің
әрқашан да жақсы құрал бола бермейтінін сезінсе, математиканы
оқытуда бұл дидактикалық тәсіл қолданылмай қалмайды
Тапсырмалар ғылыми идеялардың органикалық бірігуі негізінде
құрастырылса, бұл оқушыларға білім беру процесін тиімді жүзеге асыруының
бағдары болады. Пәнаралық байланыстар – бұл, көп жағдайда, идеяларды оларды
практикалық іс-әрекетте жүзеге асыру үшін көшіру.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мен әдістері туралы
сұрақ – оқыту әдістерін жетілдіру проблемасы аспектілерінің бірі. Оқыту
әдістерін мұғалім оқу материалының мазмұны негізінде және оқушылардың
пәнаралық байланыстар деңгейінде математиканы оқуға дайын болуына
байланысты таңдайды.
Оқу тақырыбын зерттеуде, жасайтын тәжірибелі жұмыс жолында екі тәсіл
бөлініп алынды: біріншісі – бастапқы, немесе дайындық, тақырыпты оқытуды
кең пәнаралық байланыстар негізінде бастаумен ұштасады, және екінші –
негізгі, тақырыптың жетекші қағидаларын пәнаралық негізде тікелей ашылуын
көрсетеді.
Осы тәсілдердің мәні төмендегідей:
Бірінші дайындық тәсілі оқушылардың оқу тақырыбының мазмұнында жалпы
бағдарлануын, олардың тақырыпты пәнаралық негізде оқуға психологиялық
дайындығын қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен оқу тақырыбын зерттеу басында
оқушыларды тақырып мазмұнының интегративті сипаттамасын, оның жетекші
қағидаларын ашуда басқа пәндердің білімін қолдану қажеттігін ұғынуға
жетелейтін, сонымен бірге осы жұмыстың қалай ұйымдастырылу керектігін
түсіну үшін жұмыс жүргізіледі. Нәтижесінде мұғалім оқушылармен бірге
тақырыптың кең пәнаралық негізде оқытудың болашақты жоспарын анықтайды.
Екінші тәсілде, мұғалімнің оқушылармен бірге құрастырған тақырыпты
оқыту жоспарына сәйкес, тақырыптың жетекші қағидаларын тікелей ашудың
негізгі тәсілі құрылады. Оқу процесін құру мұғалімнің алдына басқа
пәндердің жетекші идеяларының мазмұнын терең түсіну қажеттігін қояды, осы
тұрғыда мұғалімдер арасында кең және терең түйіспелі байланыстар туындайды.
Нәтижесінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жұмысы тек сабақпен ғана
шектелмейді, сонымен қатар пәнаралық семинарлар, экскурсия, жазбаша тексеру
жұмыстарын, әртүрлі конференцияларды ұйымдастыруға әкеледі.
Оқу тақырыбын пәнаралық негізде зерттеудің бірінші және екінші
тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін негізгі педагогикалық жолдарға
толығырақ тоқталып өтейік. [5,14]
Бірінші тәсіл көмегімен келесі педагогикалық жолдар жүзеге асырылады.
Оқушылардың оқу тақырыбының мазмұнында кең түрде бағдарлануы, мұның
салдарынан оқушылар тақырыптың пәнаралық сипатын түсінеді;
Мұғалімнің жетекшілігімен тақырыптың жетекші қағидаларын анықтау,
оқушылардың алдына тақырыптың мазмұнын толығымен түсінуге бағытталған және
оларды пәнаралық ізденіске жетелейтін сұрақтарды қою. Оқушыларды тақырыптың
мазмұнымен алдын ала таныстыру;
Мұғалімнің оқу процесінде пәнаралық байланыстың мағынасын түсіндіруі.
Жоғарыда аталып өткен оқу тақырыбында пәнаралық байланысты жүзеге
асырудың бірінші тәсілінің педагогикалық жолдары өзара тығыз байланысты,
біреуі екіншісінің жалғасы болады. Бірінші этаптың табысты жүзеге асырылуы
екінші этапты жүзеге асырудың қажетті алғышарты болып табылады.
Екінші тәсілмен келесі педагогикалық жолдар жүзеге асырылады:
Оқушылардың тақырыпшалардың мазмұнында кең түрде бағдарлануы, пәнаралық
негізде ашу керек болатын жетекші қағидаларды нақтылау; оқушылардың алдына
нақты оқыту мақсаттарын қою және оларға пәнаралық байланыстар көмегімен
жетудің негізгі жолдарын көрсету.
Мұғалімнің проблемалық, эвристикалық сипаттағы сұрақтар, тапсырмалар және
есептер жүйесін қолдануы.
Оқушылардың қажетті және маңызды тірек пәнаралық білімдерді іздеу. Осы жол
пәнаралық байланыстардың дидактикалық моделінің осы байланыстардың
оқушылармен анықталу және игерілу фактісіне айналуының қозғалыс күшін жақсы
ашады. Егер тақырыптың жетекші қағидаларын ашу үшін қажетті және маңызды
байланыстар қайшылықтарды жеңуге қолданылатын болса және оқушылар осы
қайшылықтарды басқа пәндердің білімін қолдану жолымен шешуге болатынына
көздері жетсе, оқу тақырыбының жетекші қағидаларын ашу процесінде
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру аса тиімді болады.
Қиындық жағдайда белгілі бір тәсілді қолдану, мұғалім –оқушылар үшін іс-
әрекет үлгісі сияқты, оқушыларға қажетті тірек білімдерін жақындату және
пәнаралық тапсырмаларды орындау және сұрақтарға жауап беру кезінде
пәнаралық байланыстарды шешуге көмек беру.
Оқыту іс-әрекетінде пәнаралық байланыстарды қолдануға оқушыларды үйрету
әдістемесі үш сатыдан тұрады. Бірінші сатыда мұғалімнің негізгі мақсаты –
оқушыларды жаратылыстану ғылыми пәндерде алған білімдерін қолдануға үйрету.
Бұл сатыны үш этапқа бөлуге болады:
Бірінші этап. Мұғалімнің оқушылармен сәйкес пәндерден қажетті мәліметті
қайталау процесін ұйымдастыруы.
Екінші этап. Қарастырылатын теориялық жағдайды растау үшін қандай да
бір оқу пәнінен түсініктер мен айғақтарды қолданып мұғалімнің жаңа оқу
материалын түсіндіруі.
Үшінші этап. Қарастырылатын құбылыстарды түсіндіру үшін мұғалімнің
сыбайлас пәндерден жаратылыстану ғылыми теория қатыстырып, жаңа материалдың
мазмұндауы.
Оқушыларды пәнаралық байланыстарды құру тәсілдеріне үйретудің бірінші
этаптарында түсіндірмелі-көрнекілік әдіс басым болады. Мұғалім пәнаралық
мазмұны бар материалды өзі түсіндіреді. Оқушыларда пәнаралық мазмұнды
материалмен жұмыс істеу іскерлігі қалыптасқаннан кейін репродуктивті,
ішінара-ізденушілік әдістер және шығармашылық пәнаралық міндеттерді
қолдануға болады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың құралдары әр түрлі болады:
1. оқушылардың іс-әрекетін, алдыңғы оқыған білімін басқа оқу курстарында
және тақырыптарында жаңғырту үшін және оларды жаңа материалды игеруге
қолдану үшін бағыттайтын пәнаралық мазмұнды сұрақтар.
2. әр түрлі пәндерден алған білімдерін қосуын талап ететін немесе бір
пәннің материалымен құрылған, бірақ басқа пәнді оқытуда белгілі
танымдық мақсатпен қолданылатын пәнаралық міндеттер. Олар
бағдарламалық материалдың терең әрі мағынасын түсініп игеруіне,
құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын анықтау іскерлігін
жетілдіруіне мүмкіндік туғызады.
3. пәнаралық сипаттағы үй жұмыстары – пәнаралық сипаттағы білімді талап
ететін ойлануға арналған сұрақтар, баяндама, реферат дайындау, көрнекі
құралдарды жасау, кестелер, сұлбалар, сөзжұмбақтар құру.
4. пәнаралық көрнекі құралдар – жалпылама кестелер, сұлбалар,
диаграммалар, модельдер, кодопозитивтер. Олар оқушыларға пәнаралық
мазмұнды сұрақтарды ашатын әр түрлі пәндерден білімдер жиынтығын
көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.
5. математикалық эксперимент – егер оның пәні математикалық есептеулер
болса.
Пәнаралық байланыстардың қолданылуы оқу процесін ұйымдастырудың жаңа
формаларының пайда болуына түрткі болды: пәнаралық байланыстар бар сабақ,
кешенді семинар, кешенді экскурсия, пәнаралық экскурсия және т.б.
Пәнаралық мазмұнды сабақтардың келесі түрлері бар: сабақ-дәріс, сабақ-
семинар, конференция-сабақ, рольдік ойын сабағы, кеңес-сабақ және т.б.
Пәнаралық жалпылау немесе тақырыптық тапсырмалар сабақтары –
педагогика және әдістеменің білімді пайдалы практикалық іс-әрекетпен
қалайша байланыстыруға болатыны жөніндегі проблемасы.
Пәнаралық байланыстарды қолдану – математика мұғалімінің ең бір
күрделі әдістемелік мәселелерінің бірі. Ол басқа пәндердің бағдарламалары
мен оқулық мазмұнын білуді талап етеді. Пәнаралық байланыстарды практикада
жүзеге асыру математика мұғалімінің химия, физика мұғалімдерімен
ынтымақтастықты, ашық сабақтарға қатысуды, сабақтарды бірлесіп жоспарлауды
және т.б. болжайды.
Математика мұғалімі оқу-әдістемелік жұмыстың жалпы мектеп жоспарын
ескере отырып математикалық курстарда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың
жеке жоспарын құрады. Мұғалімнің шығармашылық жұмысының әдістемесі бірнеше
этаптан тұрады:
1) әрбір математикалық курс және басқа пәндердің бағдарламасы мен
оқулықтарының тірек тақырыптары бойынша Пәнаралық байланыстар бөлімін
зерттеу, қосымша ғылыми, ғылыми-танымал және әдістемелік әдебиеттерді оқу;
2) курстық және тақырыптық жоспарларды қолданып, пәнаралық
байланыстарды сабақтық жоспарлау;
3) нақты сабақтарда пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың
құралдары мен әдістемелік тәсілдерін құру;
4) оқытуды ұйымдастырудың кешенді формаларын дайындау және өткізу
әдістемесін құру;
5) оқытудағы пәнаралық байланыстарды іске асырудың нәтижелерін
бақылау және бағалау тәсілдерін құру.
Оқу тақырыбында пәнаралық байланыстардың дидактикалық моделін құру
үшін оқу пәндері мазмұнының екі құрылымдық-логикалық анализін жүргізу
қажет: ішкі және сыртқы.
Ішкі – бұл оқылатын тақырыптың жетекші жағдайларын және негізгі
байланыстырушы элементтерін анықтау жөніндегі құрылымдық-логикалық анализі.
Сыртқы – бұл мектептің оқу жоспарындағы басқа пәндерінің тақырыптар
мазмұнының оқытылатын тақырып мазмұнымен жабылу дәрежесін анықтау және
қарастырылатын пәннің оқытылатын тақырыбының жетекші жағдайларын ғылыми
және жан-жақты ашу үшін қолдануға қажетті тірек пәнаралық білімдерді
айқындау мақсатымен жасалатын құрылымдық-логикалық анализі
Оқыту – бұл екіжақты процесс. Оны ақпараттық жағынан жасанды түрде
шектейтін болсақ та, мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері бірдей болмайтынын
көрсетуге болады. Мұғалім оқушыларға білім береді, мазмұнның жеке бөліктері
арасындағы логикалық байланысты айқындайды, осы байланыстардың жаңа білімді
алу үшін қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді. Ал оқушы осы білімді игереді,
танымның жеке тәжірибесін алады, өздігінен білімді қолдануды үйренеді.
Оқушылардың танымдық процесі мұғалімнің жетекшілігімен өтеді, бұл тағы да
олардың іс-әрекеттерінің айырмашылығын көрсетеді.
Математика курсында пәнаралық байланыстарды қолдану оқушылардың
рефераттар, баяндамалар жазу үшін қосымша материалды табуды белсендіруге,
лабораториялық жұмыстарды орындауға, пәнаралық мазмұнды есептерді шығаруға
қызығушылықтарын жоғарлатуға мүмкіндік туғызады.
Пәнаралық байланыстарды қолдану оқушылардың жеке тәжірибесін
жаңғыртуға мүмкіндік береді. Басқа пәндерден және күнделікті өмірден
алдында алған білімдері әр түрлі сабақтарда қажетті болады. Мұғалім осы
білімдердің қажеттігін шынайы көрсетеді, соның нәтижесінде оқушыларда
оларды толықтыру және кеңейту қажеттігін қалыптастырады.

3. Негізгі мектеп математика курсында пәнаралық мазмұнды есептердің


мәні және функциясы

Математиканы оқыту процесінде есептер алуан түрлі функцияларды


атқарады. В процессе обучения математике задачи выполняют разнообразные
функции. Математикалық есептер оқушылардың мектеп математика курсының,
жалпы математикалық теорияның түсініктері мен әдістерін игерудің өте тиімді
және көп жағдайда ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Оқушылардың ойлау
қабілетін дамытуда және математикалық тәрбиелеуде, математиканы практикалық
қолдану іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда есептердің ролі зор.
Есептерді шығару математиканың алдына қойған барлық мақсаттардың
орындалуына жақсы қызмет етеді. Сондықтан да математика сабақтарының оқу
уақытының жартысы есеп шығаруға жұмсалады. Математикалық есептерді шығаруды
оқытудың дұрыс әдістемесі оқушылардың математикалық білім, іскерлік және
дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыруда маңызды роль атқарады.
Математиканы оқытуда есептер үлкен және жан-жақты мағынаға ие.
Математикалық есепті шығарғанда адам көп жаңалықпен танысады: есепте
сипатталған жаңа жағдаймен, оны шығаруға қажетті математикалық теорияны
қолданумен танысады, шығарудың жаңа әдістерімен немесе есепті шығаруға
қажетті математиканың жаңа теориялық бөлімдерімен танысады және т.с.с.
Басқа сөзбен айтқанда, математикалық есептерді шығарғанда адам
математикалық білім алады, математикалық білім дәрежесін көтереді. Кейбір
есептер класын шығару әдістерін меңгергенде адамда осындай есептерді шығару
іскерлігі қалыптасады, ал жеткілікті жаттығу нәтижесінде дағды да
қалыптасады, ол да математикалық білім деңгейін көтереді.
Пәнаралық мазмұнды математикалық есептердің практикалық мәні бар.
Математикалық есептерді шығарғанда оқушылар математикалық білімді
практикалық қажеттілікке қолдануға үйренеді, болашақтағы практикалық іс-
әрекетке, тәжірибемен, күнделікті өмірмен ұсынылатын есептерді шығаруға
дайындалады. Барлық дерлік конструкторлық есептеулерде математикалық
есептерді шығару керек болады. Процестерді және олардың қасиеттерін зерттеу
және сипаттау математикалық аппаратты қатыстырусыз, яғни математикалық
есептерді шығармай, мүмкін емес. Математикалық есептер физикада, химияда,
биологияда, материалдар кедергісінде, электро- және радиотехникада, әсіресе
олардың теориялық негіздерінде, және т.б. шығарылады.
Бұл, оқушыларға математиканы оқыту барысында сыбайлас пәндермен
(физика, химия, география және т.б.), сонымен қатар техникалық және
практикалық, өмірмен байланысты есептерді ұсыну қажет екенін білдіреді.
Математикалық түсініктерді қалыптастыру процесіндегі пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыруда сыбайлас пәндердің материалымен құрылған
есептердің алатын орны ерекше. Мұндай есептерді қалыптастырылатын ұғымдарды
түсіндіру және бекіту процесінде қолдану орынды.
Пәнаралық мазмұнды есептер жүйесі оқушылардың білімді формальді
игеруден және қолдануынан босатады, көптеген үғымдарды қолжетімді формада
ашуға, көрнекі бейнесін құруға мүмкіндік береді.
Сыбайлас пәндердің материалында құрылған есептердің төрт тобын бөліп
көрсетуге болады.
Бастапқы берілгендер ретінде сыбайлас пәндер сабақтарында бұрын
талқыланған фактілер алынған есептер мен жаттығулар.
Мазмұнына математика курсын оқытумен сыбайлас пәндер сабақтарында
параллель қарастырылатын фактілер кірген есептер мен жаттығулар.
Сыбайлас пәндер сабақтарында болашақта оқытылатын материалдардан
құрылған есептер мен жаттығулар.
Сыбайлас пәндердің міндетті бағдарламалық материалына кірмейтін, бірақ
факультативтік сабақтарда кездесетін фактілері бар есептер мен жаттығулар.
[7,24]
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру шартымен түсініктерді
қалыптастыру процесіндегі ақпаратпен алмасу оқушылар санасындағы білімнің
қайта құрылуына әкеледі, бұл оларды синтездеу үшін алғышарттар құрады және
материалдық болмыстың біртұтас бейнесі үшін негіз қаланады.
Алдымен, есептер өзінің фабуласымен, мәтіндік мазмұнымен тәрбиелейді.
Сондықтан көптеген математикалық есептердің фабуласы қоғам дамуының әр
түрлі кезеңдерінде айтарлықтай өзгереді.
Есеп фабуласы ғана емес, пәнаралық есептерді шығаруды үйретудің толық
процесі де тәрбиелейді. Пәнаралық мазмұнды математикалық есептерді
шығарудың дұрыс қойылған үйретуі оқушыларды адалдық пен әділдікке,
қиындықты жеңудегі табандылыққа, өз жолдастарының еңбегін сыйлауға
тәрбиелейді. Мектепке математикалық анализ элементтерін енгізгеннен бері
есепті шығару барысында оқушыларда диалектикалық-материалистік көзқарасты
тәрбиелеудің кең мүмкіндігі пайда болды.
Пәнаралық мазмұнды математикалық есептерді шығарғанда оқушыларда ойлау
қабілеті дамиды. Есепті шығару кезінде ойлау іскерлігі, қабылдау және есте
сақтау қабілеттері дамиды. Пәнаралық есептерді шығару көптеген ойлау
іскерліктерін қолдануды талап етеді: берілген жағдайды анализдеу,
берілгендер мен ізделетінді салыстыру, шығаратын есепті алдында шығарылған
есептермен берілген жағдайдың жасырын қасиеттерін анықтай отырып салыстыру;
ойша эксперимент жүргізе отырып қарапайым математикалық модельдерді құру;
есепті шығару үшін қажетті ақпаратты таңдап, оны жүйелеп, синтездеу;
қысқаша және анық мәтін, белгі, график және т.б. түрінде өз ойыңды
рәсімдеу; есепті шығаруда пайда болған нәтижені объективті түрде бағалау,
есепті шығару нәтижелерін жалпылау, берілген жағдайдың ерекше әсерін
зерттеу. Жоғарыда айтылғандар математикалық есептерді шығаруды үйреткенде
психологиялық ғылымның осы заманғы жетістіктерін ескеру қажеттігін
көрсетеді.
Математикалық пәнаралық есептер мен жаттығулардың тиімділігі көбінесе
оқушылардың оларды шығарудағы шығармашылық белсенділік дәрежесіне
байланысты.
Собственно, одно из основных Есептер мен жаттығулардың негізгі
міндеттерінің бірі оқушылардың сабақта ойлау іс-әрекетін белсендіру болып
табылады.
Пәнаралық мазмұнды математикалық есептер, ең алдымен, оқушылардың ойыноятады, оны жұмыс істетеді, дамытады, жетілдіреді. Оқушылардың ойлауынбелсендіру туралы айтқанда, оқушылар пәнаралық есептерді шығарғанда тексалулар, түрлендірулер жүргізіп және тұжырымды есте сақтап қана қоймай,
сонымен бірге айқын ойлауға, ойлануға, айғақтарды салыстыруға және қарама-қарсы қойып салыстыруға, олардың ішінен ортақ және әр түрліні табуға, дұрыс
ой тұжырымдарын жасауға үйренеді.
Есептерді шығару мектеп пәндерін оқытуда қолданылатын оқытудың бір
тәсілі ретінде оқу материалын терең және толық игеруге мүмкіндік береді,
алған білімдерін практикада қолдана алу іскерлігін қалыптастырады.
Шығарылуы бірнеше пәнді білуді талап ететін есептер ерекше роль ойнайды –
оларды шығару үшін әр түрлі пәндерден алған білімді жалпылау қажет.
Оқушылардың есептерді шығаруда кең тараған кемшіліктің бірі есеп
мазмұнын түсінбей бірден шығаруға кірісіп кетуі болып табылады. Жиі
оқушылардың ой жүгіртулері логикалық емес, ал шығару жолын түсіндіруі
физика және математиканың қарапайым ережелеріне сәйкес келмейді немесе
қайшы болады. Басқа кемшіліктерінің ішінен шамалардың өлшемділігінен
кететін қателер, рационалды емес және дәл болмайтын есептеулерді айтып кету
керек.
Сыбайлас пәндер бойынша есептерді шығарудың жалпы жолдарын қолдану
политехникалық циклдегі оқу пәндерінде (математика, физика, химия) бірдей
талаптардың қойылуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты американдық
математик Д.Пойаның Как решать задачу атты жұмысы өте қызықты. Мұнда
автор кез келген есепті шығарудың төрт негізгі этапын бөліп көрсеткен
(кейбір өзгертулер мен толықтыруларды енгізумен келтіріп отырмыз) [8,48]
1. Есептің шартын жазу және анализі
• Қысқартуларды қолданып есептің шартын қалай рәсімдеп жазу керек?
• Қандай түрлендірулер жасалынуы қажет?
• Нені табу керек?
• Алдын ала қандай іс-әрекет орындалуы қажет?
• Еске түсіріңіз, осыған ұқсас есепті бұрындары шығардыңыз ба?
2. Шығару жоспарын құру
• Берілген және ізделінді шамалардың арасында қандай байланыс бар?
• Есептің негізінде жатқан құбылыстың мәні неде?
• Ізделінді шаманы табу үшін қандай іс-әрекет тізбегі орындалады (есепті
шығару жолы)?
3. Есепті шығарылуын жазу және орындау
• Есепті шығарудың ең тиімді тәсілін таңдап алыңыз. Егер мүмкін болса,
математикалық формуланы қолданыңыз, ойша есептеулер жүргізіңіз.
• Қажетті теңдеуді (немесе формуланы) жазыңыз.
• Теңдеуге сандық берілгендерді қойыңыз.
• Шығаруды сұрақтарды жазып отырып жүргізіңіз. Әр амалды анық және
тиянақты орындаңыз.
4. Нәтиженің анализі
• Нәтижені тексеріңіз. Шығару жолы дұрыс қойылған ба?
• Шығару тәсілі дұрыс таңдалды ма? Басқа тәсілді қолдануға бола ма?
Ең маңызды дидактикалық талап есепті рәсімдеу нұсқасын таңдау болып
табылады.
Оқушылардың ойлау қабілетінің дамуы және математиканы саналы оқуы
математикалық есептерді өздігінен құрастыруға жағдай жасайды. Мұнда,
біріншіден, дербестік тәрбиеленеді (оқушылар математиканың оқылған және
оқылатын объектілері және айғақтарымен жұмыс жасайды, яғни осы
объектілердің қасиеттерін, ерекшеліктерін қарастырады және бағалайды);
екіншіден, оқушылардың шығармашылық ойлау белсенділігі дамиды.
Оқушылардың есептерді өздігінен құрастыруы оларды ақпараттың үлкен
көлемін қолдануға, есептерді әдеттегідей шығарғанда қолданылатынға кері ой
тұжырымдарды қолдануға мәжбүрлейді. Оқушы есепті құрастырғанда логикалық
құралдарды қолданады, математикалық объектілер арасында жаңа байланыстарды
ашады. Бұл олардың ойлауын дамытады. Алгебраның алғашқы тұғымдарын
қарастырғанда (мысалы, рационал сандарға қолданатын амалдар) оқушыларға
есептеулерді қысқарту үшін амалдардың заңдары, әсіресе дистрибутивті,
қолданылатын есептеу жаттығуларын құруға ұсыныс жасау керек. Оқушылар
амалдардың заңдарымен еркін түрде жұмыс жасай алулары қажет.
Берілген түбірлері арқылы теңдеулерді құру, берілген шығарылуы бойынша
теңдеулер жүйелерін, берілген теңдеулер немесе олардың жүйелері арқылы
есептерді құруға арналған жаттығулар өте пайдалы.
Берілген теңдеулер арқылы есептерді құруға арналған жаттығулардың
пайдасы – мұндай есептердің фабула бойынша әр түрлі болуында, ал бұл
математикалық әдістердің ортақтығын көрсетеді.

Мектепте физика курсын оқытуда пәнаралық байланыстың маңызы. 
«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек» 
Н.Ә.Назарбаев 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білімді ұрпақ – елдің болашағы екендігіне сенімді. Тәуелсіздіктің үшінші он жылдығындағы стратегиялық міндеттер – әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті және дамыған 30 елдің қатарына кіру, «ақылды» экономика құру. Қазақстан үшін инновациялардың әлемдік орталығы мәртебесін жеңіп алу міндеттерін білімді ұрпақ шешетін болады. Қазақстан «Мәңгілік Ел» тарихи шексіздігіне қол жеткізетін болады. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. 
Мектеп – білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі - білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру. 
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады. 
Қазіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты, сондықтан да мектепте оқытылатын пәндер бір-бірінен алшақ бола алмайды. Пәнаралық байланыстар мектепте ғылым негіздерін терең және жан-жақты меңгерудің дидактикалық шарты, әрі құралы болып табылады. Олар оқушылар білімінің ғылыми деңгейін көтеруге, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқу материалының қайталануына жол бермейді, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және оқушылардың жалпыланған білімдері мен біліктерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызады. Пәнаралық байланыстар – пәндердің мақсаттарының, мазмұндық және құрылымдық элементтері функцияларының оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылған жағдайда білімнің тиянақты болуына, оны жалпылауға және жүйелеуге, жалпыланған білік пен дағдыны қалыптастыруға, нәтижесінде біртұтас ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға жағдай туғызатындай бірлігін түсінеміз. 
Қазір Республика оқу орындарында, педагогикалық ұжымдарда ұсынылып отырған көп нұсқаулыққа байланысты, өздерінің қалауына, біліміне, педагогикалық шеберлігіне байланысты кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Осы бағытта физика пәнінен білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа технологиялар енгізілуде. 
Пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі болып жатқан құбылыстар мен процестердің өзара байланысын бейнелей отырып, олардың материалдық бірлігін аша түседі, осылайша оқытудың ғылыми деңгейін көтереді. Бұл оқушыларды байқампаздыққа, әрі әр түрлі пәндерден алған білімдерін жалпылап, оны қолдана білу қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мектептегі ғылым негіздерін терең және жан-жақты меңгере алуға, өтілген материалдарды дұрыс ұғына білуге, осының нәтижесінде оқу уақытын үнемдеуге септігін тигізеді септігін тигізеді. 
«Физика және астрономия – табиғат туралы ғылымдар» тақырыбын өткенде оқушылар физика және астрономия пәндерімен, олардың әдістерімен, физикалық шамалармен танысады. Бұл сабақта физика пәнінің техникамен байланысы, сондай-ақ математика, дүниетану, еңбекке баулу, география, биология сияқты оқу пәндерімен пәнаралық байланысына тоқтала кеткен жөн. Табиғат жайлы сабақ түсіндіру барысында математика, геометрия, география, биология, химия сияқты басқа да ғылымдардың бар екендігін, олардың әрқайсысы табиғат құбылыстарының жекелеген аумағын зерттегенімен, бұл жаратылыс ғылымдарының барлығы да бір-бірімен тығыз байланысты екендігін айтып өткен жөн болар еді деп ойлаймын. Табиғатты танып-білудің эксперименттік тәсілін түсіндіргенде, оқушылардың қарапайым құралдар – мензурка, термометр, т.б. жайындағы көзқарастары «Дүниетану» курсынан бқөткенде қалыптасқандығын, «Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу» тақырыбын қарастырғанда бұл тақырыпты терең меңгерулері үшін «Математика» мен «Еңбекке баулу» пәндерінен оқушылардың өлшеуіш құралдарды пайдалану туралы алған білімдерін ұтымды пайдалана білген жөн. Бұл білім «Өлшеуіш құралдың бөліктерінің құнын анықтауға» арналған зертханалық жұмысты жүргізу кезінде қолданылады. Диффузия құбылысын қарастырғанда өсімдіктердің қоректенуі және тыныс алуы жайлы биологиядан алған білімдерін ұтымды қолдана білген жөн. 
Физика сабағында график сызу кезінде оқушылар математикадан алған білімдерін пайдаланады және олардың функционалдық тәуелділік жөніндегі түсініктері дамытылады. Математика курсында оқушылар санның жуық мәнінің абсолюттік және салыстырмалылық қателерімен таныстығы, стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдана алатындығы ескеріледі. Шама бірліктерін еселік және үлестік бірліктерге айналдыра білуі есептердің мәнін табу және зертханалық жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылады. 
Механикалық энергия туралы, энергияның сақталу және түрлену заңы жайлы білім география сабағында республикадағы гидроэнергетикалық қорлар, олардың еліміздің түрлі аудандарында қолданылуы жайындағы деректермен дамытылады. 
Зат құрылысы жөніндегі білім «Химия» курсындағы атом жөніндегі түсініктерді, молекулалар жайындағы білімдерін дамыту кезінде пайдаланылады. 
Вектор ұғымының геометрия оқулығындағы сипаттамасы оның физикалық түсіндірмесінен бұрын беріледі, сондықтан оқушылар геометрияда да, физикада да вектор деп аталатын ұзындығы мен бағыты арқылы анықталатын шамамен танысады. Физикадағы векторлық шамалардың нақты қасиеттерін абстаркциялай отырып, оқушылар бағытталған кесіндімен көрнекі түрде өрнектелген вектор ұғымын неғұрлым тезірек, оңайырақ түсінуге мүмкіндік алады. Мектеп геометриясындағы вектор ұғымының физикадағы векторлық шамалармен (күш, жылдамдық, үдеу, т.б.) байланыстырыла түсіндірілуі, іргелес пәндердегі ұғымдардың алшақтығын жоюға мүмкіндік береді. Математикадағы «функция» ұғымы оның берілуінің кестелік, гарфиктік, аналитикалық тәсілдерінен бастап түсіндіріліп, гариктік тәсілдерінің физикада қолданысқа ие екендігіне де мән берген жөн. Бұл физика сабақтарында функциялық тәуелділіктің физикалық мағынасын түсіндіруге, физикалық құбылыстардың графиктерін салуға мүмкіндік береді. 
Физика табиғатта болатын физикалық құбылыстарды (механикалық, жылулық, электр, жарық, электормагниттік, т.б.), астрономия – аспан денелерін қарастырса, география – Жердің география қабығын, биология – өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін қарастыратындығын мысалдармен әр түрлі көрсетілімдер жасау үстінде, мультимедиялық фильмдер көрсету арқылы түсіндіре білсек, оқушыларға берер пайдасы зор болмақ. 
Ғылымның бүгінгі таңдағы кезеңі олардың өзара байланысының әлдеқайда күшейіп, бір-бірімен, әсіресе математика мен физиканың, физика мен химияның басқа ғылым салаларымен байланысының едәуір үдей түскендігімен сипатталады. Физиканың бүгінгі таңдағы жетістіктерін өзге ғылымдармен етене араласа түсіп, сол ғылымдардың негізгі теориялары мен ұғымдарын дамыта түсуге ықпал етіп жатқандығы жасырын емес. 
Физика және оның заңдары – бүкіл жаратылыстанудың негізінде жатады, сондықтан физика жаратылыстанудың көшбасшысы бола отырып, жаратылыстану ғылымдарының ішінде ерекше орын алады. Физика – материалды әлемнің жалпы қасиеттерін, күрделі құбылыстар мен объектілерді, сонымен бірге әмбебап заңдылықтарды шығарып, олардың дұрыстылығын тек Жер шарында ғана емес, жалпы Ғаламда да орындалатынын көрсететін іргелі табиғат туралы ғылым. Яғни, физикалық түсініктердің іргелі болуы, олар барлық әлем үшін қолданылатындығында. Мысалы, электр зарядының сақталу заңы, фотосинтез процесін, демалу реакциясын, асқорыту, молекулалардың түзілуін түсіндіруде қолданылады және де тірі жүйедегі барлық реакциялар тірі емес табиғаттағы сияқты электрондар алмасуымен жүреді. 
Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығының маңызды ұстанымдарын келесі түрде көрсетеді: 1. Оқу пәндерінің координациясы, яғни оларды оқыту кезінде бір пән басқа пәндерді оқытуда көмекші құрал болатындай уақыт бойынша сәйкестелуі керек. Мұндай көмекші құрал ін түсініктер және оқыту тәсілдері орындайды. 2. Жалпы түсініктерді қалыптастыруда, заңдар және теорияларды оқытудағы қабылдағыштық. 3. Түсініктер, заңдар, теориялар интерпретациясындағы бірлік және оларды меңгеру міндеттері. 4. Оқудағы білім, білік, дағды қалыптастырудың жалпы тәсілдері. 5. Жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін тереңдету және жан-жақты қолдану үшін қолайлы жағдай тудыру. 6. Әр түрлі ғылымдар қарастыратын түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы өзара байланыстарын ашу. 7. Әр түрлі ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістерінің жалпылығын көрсету. 8. Әр түрлі пәндерден алған білімдерін кешенді түрде қолданатын жаттығулар жүйесін шығару және олардың орындалуын ұйымдастыру. 
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі-түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін. 
Пәнаралық байланыс тәсілдерінің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады: а) бір пәннің материалын екінші пәннің материалымен салыстыра отырып, мазмұны жағынан үқсас тақырыптардың пәнаралық байланысын жасау; ә) жеке пәндер материалдарын меңгерту барысында өзге пәндер материалдарын негізгі мәселені толықтыру мақсатында пайдалану; б) жеке материалдарды терең меңгерту тұсында ғана пәнаралық байланыстылықты жүзеге асыру; в) пәнаралық байланысты әдіс ұқсастықтарына қарай жүргізу; г) бір пәннің материалын екінші бір пәнге практикалық жаттығу ретінде пайдалану; ғ) оқулық материалын өмірдегі әр алуан міндеттермен байланыстыру. 
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеліп соғады. Білім мазмұнын меңгеру пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол – өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әрбір жеке пән мүғалімдері оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, бір пәннен алған білімін екінші бір пәнге пайдалану жағын қарастырады. Оқушылар әрбір пәннің өзіндік заңдылықтарын меңгермейінше, сол пәннен тиянақты да терең білім ала алмайды. Сондықтан оқушылардың әрбір пән бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырғаны мақұл. Осындай жүйелі практикалық дағдылар негізінде ғана оқушылардың жеке пән бойынша танымы шоғырланып, басқа пәндерден алған білімімен ұштастырылады, тереңірек білуге мүмкіндіктер туады. Демек, жеке пәндерді терең меңгерту нәтижесінде ғана пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. 

Түсініктеме хат 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ұлттық және бүкіл азаматтық құндылықтар - ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Бұл жағдайда оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқыту, профильдік оқытуды жалғастыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу, білім сапасын арттырудың бір тәсілдері болып саналады. Осы мақсатта мен 9-10-11 сынып оқушыларына негізгі сабақтан тыс бағыттау компоненттеріне арналған пәнаралық байланысқа негізделген оқу бағдарламаларына сүйене отырып физика мен химияның арасындағы байланысты тереңірек көрсете алатын авторлық бағдарлама жазуға ниеттендім. Екеуі де жаратылыстану ғылымдары болғандықтан бірін бірінен бөліп қарауға болмас деген ойға келдім. Әрине физика барлық ғылымдармен тығыз байланыста екендігі рас. Дегенмен өзіме ерекше қызықты да қиын тұстары жетерлік химиямен байланысына тереңірек тоқталуға ден қойдым. Бұл жасалынған жоба оқушылардың бір пәннің материалын екінші пәннің материалымен салыстыра алуларына, жеке пәндер материалдарын меңгере отырып өзге пәндер материалдарын негізгі мәселені толықтыру мақсатында пайдалана алуға, оқулық материалын өмірдегі әр алуан міндеттермен байланыстыра білуге септігін тигізеді деген сенімдемін. 
Мақсаты: 
Физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі және адамзат мәдениетін дамытудағы ролін, өміршеңдігін көрсете отырып техникалық мамандыққа баулу, кәсіптікке бағдарлау. 
Міндеттері: 
- Физикалық заңдар мен теориялардың күнделікті өмірде басқа да ғылым салаларын (астрономия, биология, медицина, химия) дамытуда кеңінен қолданыс тапқанына оқушының көзін жеткізу; 
- Оқушының шығармашылық қабілетін және логикалық ойлауын дамыту; 
- Табиғатқа ғылыми көзқарасын қалыптастыру; 
- Оқушының ғылыми дүниетанымын, логикалық ойлау мүмкіндігін жетілдіруге арналған есептер орындай білуге дағдыландыру; 
- Әр түрлі ғылым салаларындағы өндірісте, өмірде қолданыс тауып жатқан жаңа технологиялардың физика заңдарына негізделіп жұмыс жасайтынын түсіндіру. 

ЫҚ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудың маңызы, оның материалдық-техникалық базасын нығайтудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы, еңбекшілердің материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен ролі өте зор. Себебі,ғылымдар жүйесінде математика айрықша орын алады. Математиканың ерекшелігі – оның қолданылымының әмбебап-тығы.

Қазіргі кезде ғылымның барлық дерлік салаларында математикалық әдістерді қолдану қажетті шартқа айналды.Ол өмір талабынан,ғылыми-техникалық прогрестік дамуынан туындайды.Кез келген ғылымдағы обьектіні  зерттеу үшін математикалық модельдеу әдісін қолданады.

Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес.Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарды,теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де,айырбасталмайтын құралы болып  табылады.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,оларды тәрбиелеуде,біліктері мен дағдыларының қалыптасуында,математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор.

Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні өз үлесін қосып отырады.Соның ішінде математиканы оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін,қоршаған ортаның табиғат құбылыстарының танымалы жеке пәндердің  математиканың ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.

Математика – абстрактілі ғылым.Сондықтан оқудың алғашқы күндерінен бастап-ақ мұғалімнің сабақтас пәндерден деректер келтіруін қажет етеді.Мектептің басқа оқу пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып,оқушылар өтілетін материалды сапалы түрде меңгереді.

Математика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы математиканың рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге  әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.

Математика сабағында пәнаралық есептерді шешу арқылы оқушылар жаңа жағдайлармен танысады, математикалық теорияларды, есептердің шешімін табуға қолдануды үйренеді, есеп шешуге қатысты жаңа әдістерді немесе математиканың жаңа тарауларын оқып үйренеді.Басқаша айтқанда, есептерді шешу арқылы математикалық білімі мен білігін дамытады. Күнделікті өмірге қатысты практикалық есептерді шешу барысында оқушы  математикалық білімін қолдануды үйренеді.

Адамзат баласы үшін өте маңызды құндылықтың бірі -білім. Сабақ – мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі формасы екендігі бәрімізге белгілі. Олай болса, білім деңгейі әр түрлі оқушыларды қиын да, әрі қызықты математика пәнінен сұрақ-жауап арқылы, құрғақ есеп шығарумен жалықтырып алмау үшін, пәнге деген қызығушылығын, сабақ үстіндегі белсенділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты назарда ұстаған жөн. Әрдайым сабақ түрлендіріліп отырылса, пәнаралық байланыс үнемі ескерілсе, сабақ тартымды, терең мазмұнды болмақ. Қазіргі уақыт талабы ұстаздан жаңа әдісті, шығармашылық ізденісті талап етеді. Әрбір пән оқытушысының негізгі міндеті – оқушыларға терең де, тиянақты білім беру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру әрбір оқытушының шеберлігіне, түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануына байланысты.

 

Оқыту процесінде пәнаралық байланысты анықтау бұл оқыту сапасын көтеруге бағытталған жеке әдістемелік шара екендігіне көз жеткізуге болады. Математика пәні көптеген кәсіби пәндердің іргетасының дайындығын және оны оқытудың негізін қалайды. Пәнаралық байланыс тек пәндер кешенін оқыту салдары емес, оларды оқытудың басты міндеттері болып табылады. Пәнаралық байланыс кәсіби пәндердің әрқайсысына тән ортақ белгілерін негізге ала отырып жүзеге асады. Егер, әрбір оқытылатын пәнді дара, ерекше, жалпы ұғымдар жиынтығы деп қарастырсақ, онда пән аралық байланыс осы жиындардың қиылысуы деп қарастыруға болады. Білім беру жүйесінің көп қырлылығы – оның өзіне тән ерекшелігі. Сабақта пәнаралық байланысты қолдану мақсатым– оқушылардың екі пәнді байланыстыра отырып жүйрік ойларын кез келген затпен салыстыра меңгеріп шығуына, топпен жұмыс жасауға және өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Ал, жалпы математика  пәнін оқытудың мақсаты - оқушылар санасына математика ұғымын қалыптастыру, меңгерту және сол арқылы оқушы бойында жеке тұлғаға тән қасиеттерді дамыту.



Мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көз қарастың қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады.

Қазіргі кезде мектептегі қайта құру білім берудің мазмұнын жетілдіруді, ғылыми пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап етеді. Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Оның негізгі себебі олар бір-бірімен байланысты сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына қиындық туғызады. Сондықтан да оқушы санасында дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу  қажеттігі туады.

Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Ғылыми ақпарат көлемінің көбею жағдайында оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың маңызы  өте зор. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыс істеуінің  рөлін күшейтуге, барлық оқу пәндері бойынша олардың теориялық білімдер шеңберінің кеңеюіне аса назар аудару керек.

Оқушылар білімдерін сапалы түрде  және нық меңгерулері  үшін теориялық білімдерге сүйенулері қажет. Оқушылардың бұрын алған білімдерін тереңдетуде және бекітуге,олардың белсенділігін арттыруға пәнаралық байланыстар өте көп себептеседі.

Әдетте, жаңа тақырыпты өту барысында   оқушылардың оған деген қызығушылығын ояту керек, жаңа материалдың теориялық және практикалық мағынасын, басқа пәндердегі қолдану мүмкіндіктерін көрсету қажет. Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарды теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де, айырбасталмайтын құралы болып табылады. Осы сұрақтарды ашуда негізгі роль «пәнаралық мазмұнды есептерге» жүктеледі. Оқушылар іс жүзінде кездесетін есептерді шеше білулері тиіс, ал мұғалім ол үшін осы заманғы ғылыми білімді математикаландыру жетістіктерін сабақта пайдаланып отыру керек.

Пәнаралық есептер берілген оқу пәнінің сабағында әр түрлі мақсатпен қолданылады: оқушылардың берілген пән бойынша білімін нығайтып,тереңдету үшін;сол білімдердің қолданылуын көрсету үшін; оқушылардың  кәсіби білімі мен білігін қалыптастыру үшін және т.б.

Математика сабағы басқа пәндердің  сабақтарынан күрделі, оны түсіну үшін ерінбей еңбек етіп, төзімді болып, талмай оқу қажет. Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес. Сондықтан әр мұғалім оқушының  қызығушылығын арттырып, сабақты түрлендіре жүргізсе  жақсы нәтижеге  қол жеткізуге болады.



Математиканы оқыту процесінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл-ғылымның әртүрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен  тығыз байланыста болатыны  туралы түсініктерді, сондай-ақ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға табиғат құбылыстарының біртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады. Сонда баланың бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы, басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, әрі қарай жалғасып түсуі,яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Математиканы оқыту процесінде белгілі бір пәнаралық байланыстар іске асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет